Главная » 2014»Январь»8 » қазақ тілі 9-сынып Туғанда дүние есігін ашады өлең
12:54
қазақ тілі 9-сынып Туғанда дүние есігін ашады өлең
Асқарова Айгерім Қызылорда қаласы №7 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Туғанда дүние есігін ашады өлең ... Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер 1. Оқушыларға бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер туралы ұғындыру. Балаға ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, ашамайға мінгізу дәстүрлерінің мағынасын ашу. Салт – дәстүрлерге байланысты қазақтың ырымдарын,тыйым сөздерін айтып, түсіндіру. Салт – дәстүрге байланысты мақал – мәтелдерді айтқызу. Мәтінмен жұмыс жасату. Жаттығу жұмыстарын орындатқызу. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 2. Білімін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуге, ойын жинақтап, жүйелі көркем сөйлеуге қалыптастыру. 3. Оқушыларды әдептілікке, мәдениеттілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, парасаттылыққа, ақылдылыққа, білімділікке тәрбиелеу. Сабақ барысы: Оқушылармен сәлемдесіп, журнал бойынша оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына мән беру, оқушы назарын сабаққа аудару. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут). Үй жұмысын тексеру: (7 минут) Ақтамберді жыраудың өлеңін жатқа айту. Ақтамберді жырау туралы айту. Жырауға байланысты сұрақтар: Ақтамберді жырау нешінші жылы дүниеге келген? Ақтамберді жырау неше жас өмір сүрген? Ақтамберді алғашқы өлеңдерін неше жастан бастап жаза бастайды? Жаңа сабақ (7 минут) Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Туғанда дүние есігін ашады өлеңінен» үзінді оқимын. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, Ойлансаңшы, бос қақпай елең – селең. Оқушылардан Абай Құнанбаев кім? деп сұрақ қоямын. Оқушылар Абайға ауызша ассосация құрады. (Абай – қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор, аудармашы, мысалшы, лирик тағы басқа.) 1.Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлерді (Балаға ат қою, Бесікке салу, Тұсау кесер, Ашамайға отырғызу) арнайы интертақтадан көріністерін видеодан көру. 2. Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлерді (Балаға ат қою, Бесікке салу, Тұсау кесер, Ашамайға отырғызу) тірек –ызба арқылы түсіндіремін