Суббота, 21.12.2024, 17:40
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Январь » 11 » математика 3-сынып Пысықтау
11:19
математика 3-сынып Пысықтау
Математика, 2-сынып
Мыңбаева Аида Амантайқызы
№ 101 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Толық ондықтарға дейін бірліктерді қосу,
толық ондықтан азайту негізінде жазбаша қосу және азайту
тәсілдерін пысықтау, оларды есеп шығаруда қолдана білуге
үйрету;
ә) дамытушылық. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау
дағдыларын жетілдіру және ойлау қабілеттерін, қиялын
дамыту;
б) тәрбиелік. Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Пысықтау, қайталау
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, бидай масағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқу-құралдарын алғызу
2. Психологиялық дайындық жүргізу

Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып
Біз білімді боламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
167 – бет №4- есеп (Қысқаша жазылуы бойынша, сурет бойынша есеп құрастыру )
Болды -61 ж
Жарып шықты – 32 б. және 18 б.
Қалды - ? ж
Ш: 61 – (32+18)= 11
Ж: 11 жұмыртқа қалды

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Сұрақтар қою:
1. Есеп қандай бөліктерден құралады?
2. Есептеуді қалай жеңілдетуге болады?
3. 61 санында неше ондық, неше бірлік бар?

ІV. Жаңа сабақ
- Балалар, қу түлкі тауықтың қалған 11 жұмыртқасын ұрлап алып кетіпті. Тауық шарасыз күйде, не істерін білмей, бізден көмек сұрап отыр. Көмектесеміз бе? Көмектескен балаларға өз сыйлығы бар.
- Тауық немен қоректенетінін білеміз бе?
- Дәнмен
- Балалар, алда көктем мезгілі келе жатыр, тауық сендерге көктемде егін егіп, еліміздің қамбасындағы астықты көбейтсін, нан көп болсын деген ниетпен бидай масағын бермекші. Наннан артық қандай сыйлық болсын.
- Түлкінің қайда кеткенін білу үшін, мына сиқырлы қақпадан өтіп, түлкінің ізіне түсейік.
№1-мысал.

100 - 4 = 47 – 35 = + 49 = -19 = +8=50

(Сиқырлы қақпа ашылады, үлкен «Сауда орталығы» көрінеді)
- Түлкі жұмыртқаларды алып, сауда орталығына кірген екен. Сауда орталығына кіру үшін, бізге баспалдақ керек қой. Олай болса, №2 мысалды орындайық, әр дұрыс орындалған тапсырмадан баспалдақ шығып, сауда орталығына кіре аламыз.
№2 мысал. Баған түрінде жазу, шығару
36+12=48 43+34=77 62 +28=90 26+54=80
97-34=63 56-13=43 40-3=37 70-8= 62

- Сауда орталығына да кірдік. Алдымызда қызыл және көк жол көрініп тұр. Қай жолмен жүретінімізді білу үшін №3 мысалды өздік жұмыс ретінде орындайық. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға көк белгі, қате орындалған тапсырмаға қызыл белгі көрсетіп, қай жолмен жүретінімізді табамыз.
№3 мысал. Өрнектер мен сандар салыстырылған. Салыстырылған өрнектер дұрыс болу үшін тиісті амал таңбасын қоюымыз керек.

63 17 > 78 74 25< 50 63 26 > 80

32 13 > 27 61 18 < 47 57 35 < 28

(«Киімдер дүкеніне» келу. Сурет бойынша есеп шартын құру)
№4
Болды – 48 к
Сатылды – 23 к және ? к
Қалды - 10 к
Ш: 48 – (23+10) = 15
Ж: түстен кейін 15 кеудеше сатылды.

Сергіту сәті. Үш дос Берік, Сәкен, Қайрат дүкенге келіп футбол кеудешесін сатып алмақшы. Берік қызыл да, көк те емес, Қайрат көк емес кеудеше алмақшы. Балалар әрқайсысы қандай түс кеудеше киеді. (сурет бойынша)
Берік – жасыл
Сәкен – көк
Қайрат – қызыл кеудеше сатып алады.

(«Ойыншықтар дүкеніне» келу. «Сиқырлы машинаның» көмегімен әртүрлі өлшем бірлікте өрнектелген шамаларды ең кіші өлшем бірлікке айналдыру қажет)
№5
3 дм 4 см = см

7 дм 5 см = см

7 дм 9 см = см

(«Азық-түлік дүкеніне» келу. ) Түлкі жұмыртқаларды дүкеншіге өткізіп кеткен екен. Дүкенші сендердің жылдамдықтарың мен білімдеріңді тексеріп көрмекші. Егер сынағынан өтсеңдер, жұмыртқаларды қайтармақшы.
17-9=9 4+8=12 12-7=5 6+9=15
27-8=19 14+8=22 22-7=15 16+9=25
27-18=9 14+18=32 52-17=35

- Балалар, үлкен іс атқардыңдар. Жұмыртқаларды тауыққа жеткізу үшін мына дүкеннен шығайық. Тексеру кедергісінен өту үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

V. Бекіту
- Қосуды қалай тексеруге болады?
- Баған түрінде қалай қосып –азайтамыз?

VI. Бағалау.
Сынып ұраны:
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

- Бәрекелді, балалар!
Бәріңе жақсы баға бар
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін бағалар
Міне, оқушым қаншаға
Кеңейді өріс өреміз!
Әр сабақтан тамсана
Інжу-маржан тереміз
Келесіде қалғанын
Тағы да айтып береміз
Ал енді сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалап жібереміз.

VII. Үйге тапсырма
169 - бет 6- мысал
Просмотров: 3349 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика