Суббота, 21.12.2024, 18:01
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Январь » 11 » «Шебер мұғалім - дарынды балаларға» эссе
21:04
«Шебер мұғалім - дарынды балаларға» эссе
Қарымсақова Аида Қалқабековна
Информатика-математика пәні мұғалімі
Мыңбаев ауылындағы орта мектеп
Алматы облысы, Жамбыл ауданы

«Шебер мұғалім - дарынды балаларға»
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Сонымен қатар мұғалім шеберлігі үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды түсіне және сүйе білетін, өз қалауымен жұмыс істейтін әр ұстаздың қолы жетуі мүмкін. Мұғалім - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Бұл тақырыпты алудағы мақсатым – Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің бірлесіп жасаған жаңа жобасы бойынша жасап жатқан жұмыстарымның жетістігі ретінде Республикалық КҒА – да 10 в сынып оқушысы Захаров Виталий атты дарынды оқушының «Работа в программе во Flah» тақырыбымен көрсеткен жүлделі орынын атап айтуыма болады. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдана отырып, информатика сабағында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, білім деңгейін көтеріп, дарынды оқушы дайындауға мүмкіндік алдым. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі- егеменді еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын, заманауй жаңалықты меңгерген, білімді де дарынды, мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып отыр. Жаңа заманның жастарын тәрбиелеу үшін мұғалім өзі жаңашыл, шебер болуы қажет. Дарынды оқушы сұранысына жауап бере алтын шебер мұғалім болғанда ғана елімізде дарынды балалардың қатары көбейеді - деп ойлаймын.
Просмотров: 4130 | Добавил: Айко | Рейтинг: 1.6/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика