Суббота, 21.12.2024, 17:43
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Январь » 12 » Сыр бойының әйгілі ақын-шайыры Тұрмағанбет.
22:07
Сыр бойының әйгілі ақын-шайыры Тұрмағанбет.

Қызылорда қаласы,  № 8 облыстық арнаулы санаториялық
        мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
                                      Әлсейітов Садырбай Көлегенұлы

Сабақтың тақырыбы: Сыр бойының әйгілі ақын-шайыры Тұрмағанбет.
 
«Балаларым» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Ақын Т.Ізтілеуов өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, ақын еңбектеріндегі негізгі ойды меңгерту.
2. Оқу дағдысын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, мінерлеп оқуға үйрету, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
3. Ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге,  адамгершілік, ізгілікке, ғылым, білімді меңгерген, көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі : Суреттер, слайдтар, естелік кітаптары.
Сабақтың барысы: 1. Сабақ барысында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп барып, сабақ мақсатымен қысқаша таныстырып, төмендегі сызба бойынша сабақ түсіндіріледі.
Жаңа сабақ
4. Тұрмағанбет
ұрпақтары

3. Рубайлар
(шағын өлеңдер)

2. «Балаларыма»
өлеңін талдау

1.Т. Ізтілеуов өмірі және
шығармашылығымен
таныстыру

Ақын өмірі мен шығармашылығынан
оқушыларға мағлұмат беру

 Тұрмағанбет Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин атындағы совхозда 1882 жылдың 9 шілдесінде дүниеге келген. Қазіргі Тұрмағанбет ауылы. Ол Бұхара қаласындағы «Көгелташ» медресесін бітіріп шығады.               1905 жылы туған жеріне келіп, өз ауылындағы жаңадан ашылған мектепте сабақ беріп,  жиырма жылдай мұғалім болады. 1935 жылы Алматыға қызметке шақырып алады. Содан бастап өмірінің ақырына дейін Қазақ ССР Оқу халық комиссариатында ғылыми қызметкер болып істейді.  Ол 1939 жылы 15 мамыр айында қайтыс болды.
Тұрмағанбет шығармашылығы сан алуан. Ол поэзияның барлық жанрына қалам тартқан ақын. Сауатты болғандықтан ерте кезден-ақ Абай шығармаларымен жақсы таныс болған. 1910 жылы «Абайды оқығанда» деген өлеңін жазған. Шығыс тақырыбына батыл барып қалам тартқан ақын.  Әсіресе оның ақындығының шыңы – қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан Фердоуси «Шахнамасының» 40 мың жолдық аудармасы. Бұл күрделі еңбектің бір бөлімі - «Рүстем - Дастан» 1961 жылы өз алдына бірнеше жеке тиражбен кітап болып шықты. Тұрмағанбеттің таңдамалы шығармалары 1972 жылы тұңғыш
 рет, 1982 жылы 2 - рет толықтырылып жарық көрді.
Ақын, аудармашы, педагог Тұрмағанбетке туған жерінде күмбез мұнара тұрғызылды, қоладан ескерткіш мүсін орнатылды, мәңгі есте сақтау үшін мәдени орындарға оның есімі берілді.
Тұрмағанбеттің «Балаларым» өлеңімен таныстыру. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Балаларға өлеңдегі ақыл – кеңеске мән беріп, түсінуге қиын сөздерді белгілеп отыру ескертіледі. Мазмұны түсіндірілген соң тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма.
1.Үлгіні басшылыққа ала отырып, әр шумақтағы ақынның айтайын деген ойын, тілегін саралаңдар.
І шумақ – арман, тілек
ІІ шумақ –
ІІІ шумақ –
2. Әр шумақтағы ақынның көңіл – күйіне бағдар жасағаннан кейін өз көңіл – сезімдеріңді жаз.
2-тапсырма.
Ақынның «Төрден жай аларсыңдар, тұрмай тыста» деген өлең жолдарынан не түсіндіңдер?
3 – тапсырма.
Тұрамағанбет «Балаларым»
Тұрмағанбетше
Өзімше
Дәлелдеме

Сабақты қорытындылап, Тұрмағанбет туралы деректер жинақтау тапсырылады.

Просмотров: 2031 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика