Суббота, 21.12.2024, 17:49
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 5 » Шәкәрім «Еңлік -Кебек» поэмасы
09:30
Шәкәрім «Еңлік -Кебек» поэмасы

Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы №101 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тыманбаева Орал Дастенбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Еңлік -Кебек» поэмасы

Сабақтың мақсаты:а)оқушылардың Шәкәрім құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы   

бойынша алған білімдерін бекіту,қорытындылау,оның қазақ әдебиеті  тарихында алатын орнын,маңызын таныту;

ә)оқушыларды шығарманың эстетикалық,идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру,өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру;

б)оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға,көркем әдебиетті ,поэзияны сүйе білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың тегі:қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,салыстыру,мәнерлеп оқу,пікірлесу,техникалық құрал-жабдықтар қолдану.

Пәнаралық байланыс:қазақстан тарихы,музыка,бейнелеу өнері.

Сабақтың жабдығы:экран,слайд,плакаттар,Шәкәрім портреті,суреттер,кітап көрмесі.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.

*Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы жайында бейнебаян .

II.Үй тапсырмасын сұрау

Кіріспе сөз.

 -Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы бойынша  оқып білгендердерімізді ортаға салып, жинақтап ,қорытындалауға тырысамыз.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң, халық алдына қайта шыққан тұлғсаларымыздың бірі-Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. «Еңлік-Кебек» поэмасын Абайдың көзі тірісінде ақыл кеңесімен жазылғаны барлығымызға мәлім («Еңлік-Кебек» 1891жылы жазылған жанры-этикалық-ғашықтық дастан. Тақырыбы-екі жастың махаббат трагедиясы.Идеясы-қоғамның әділетсіздігіне , озбырлығына қарсылық.) Поэманың оқиғасы Еңлік пен Кебектің қайғылы жағдайларға негізделгенімен, ақын сол кезеңдегі заман сипатына, ел ішіндегі әлеуметтік жаңдайларға назар аударады. Шәкәрім қос ғашықтың қайғылы қазаға ұшырауын бір рудың, бір топтың не жеке адамның мойнына қоймайды. Оны қоғамдық, әлеуметтік тартыстың қаталдығынан көреді.

Сынып оқушыларынан «Еңлік-Кебек» дастанын сұрау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Поэзия – әлемдік  өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күйі.

  • «Еңлік-Кебек» поэмасынан сахналық қойылым.


Шәкәрімнің бұл поэманы жазудағы мақсаты рушылдықты, әлеуметтік- теңсіздікті әшкерелеу, қос ғашықтың күмістей таза махаббатын дәріптеу. Еңлік пен Кебек образы арқылы сол кездегі қазақ жастарының тағдырын паш ету болатын.

 

*    Шығарманың мазмұнын толық талдап болғаннан соң, семантикалық карта арқылы шығармадағы үзінділердің  кімдікі екенін ажырату.

 

*    Пікірталас «Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»

1. Ру басылары

2. Екі жастың өздері кінәлі

 

*       Сынып оқушылары Шәкәрімнің қандай өлеңдерін білетінін сұрау, тыңдау.

 

IV. Қорытынды

 

 

 

*       Шәкәрімнің ұрпақтары туралы

                   

 

 

 

 

 

                       Құдайберді

 

                     

 Ботантай(әйелдері)   Дәметкен

 

Әмір   Ырзықбай            Шәкәрім

                                            

 

                    Мәуен(әйелдері)     Айғанша(4ұл,2қыз)

                                                                                                    Зият

                          Суфиян      Ғафур             Қабыш          Ахат   

                                                        Гүлнар                                           Мереке

                                     Баязит                                     Фузули

                                             Фатих    Бәтен                   

                                         Алматыда тұрады           Дәулет

 

IV. «Шәкәрім әлемі»

*. «Шәкәрім әлемі» арқылы оның жазушы ,лирик,сазгер,эпик,тарихшы-ойшыл, аудармашы екенін айту

 

 

 

 

Радиальная диаграмма 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                                    

  Шәкәрім –жұрттың алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық  парасатымен сезініп, осы рухта  әсем жырлар тудырған тамаша ақын.

   Ол- келешек ұрпағына  өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы.

   Ол- заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы,ойшыл пәлсапашы.

   Ол-шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына  танытқан талантты аудармашы.

    Ол-қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы.

    Ол-сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді  ендердің туындыгері.

    Шәкәрім – лирик: 1)адамгершілік тақырыбы;2)ғылым-білім тақырыбы;3)әлеуметтік тақырып;4)еңбек тақырыбы;5)махаббат тақырыбы.

    Шәкәрім – аудармашы: 1)Пушкиннен «Дубровский», «Боран»;2)Толстойдан «Асахордан патша», «Үш сауал»;3)Физулиден «Ләйлі – Мәжнүн».

    Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік –Кебек»;2) «Қалқаман –Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу».

        Шәкәрім – тарихшы,ойшыл.

  1. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі».(Қазақ халқының шығу тегі,оның негізін құраған рулар.Автордың алға тартқаны – қазақ қаншама ықылымынан бері  атамекен жерінде өсіп,өркендеп келе жатқан,бағзы замандардың өзінде іргелі ел болған жұрт дейтін өзекті түйін)
  2. «Мұсылмандық шарты».(Мұсылмандықты насихаттайтын кітап.Автор пікірінше тәңірінің атауы әр түрлі, табиғаты біреу-ақ,адам баласының жаратылысы,ой-өзегі ортақ,барлық адам –бауыр,ақиқат жолы – жалғыз)
  3. «Қазақ шежіресі».
  4. «Үш анық».( «Үш анық» мораль философиясына  орай жазылған.1898-1928 жылдар – отыз жыл ізденіп даярланған.1- анық –датшылық ғылым жолындағы анық; 2-анық- дін жолындағы дүние,таным; 3-анық - - ар-ұждан  туралы күрделі проблема  көтереді. Үш анықтың мақсаты – ар түзейтін  бір ғылымды табу.Ар  ілімі: ынсап,әділет,мейірім – үшеуінен қосылып ұждан шығады дейді).

Шәкәрім – жазушы: 1) «Әділ – Мария» ( Әйел бостандығы , ескі қазақ ауылындағы саяси -әлеуметтік жағдай туралы)

 «Мен өтермін,кетермін,

Жоқтарсың мені бір кезде...»

    Шәкәрім – сазгер: 1) «Шын сырым»;2) «Жастық»;3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б.

 

*Тамара Асардың орындауында

Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні (интер тақтадан бейне баян көрсету)

 

V.Бағалау

 

VI. Үйге тапсырма беру

  1. Поэмадан үзінді жаттау
  2. "Кебек пенен Еңлік

Махабаттағы ұлылық

Алауы боп сенімнің

Маздай берер, мәңгілік”  тақырыбында 

     ой – толғау жазу

Просмотров: 6794 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика