Суббота, 21.12.2024, 17:44
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 11 » Тізбек бөлігі үшін Ом заңы физика 10-сынып
13:20
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы физика 10-сынып
Әлібаева Ұлбосын Әбжанқызы
Физика 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға бағыт,бағдар бере отырып,өткен материалды
дұрыс меңгере білуін нақтылау. Пән бойынша білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Оларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау,
б) тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу,
в)дамытушылық: оқушыларды оз бетінше еңбектенуге,ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу,
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы
Оқыту технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Тест тапсырмалары,деңгейлік есептер,схемалар арқылы бөлінген
есептер,формулалар,Кестелер.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
3 Уй тапсырмасын сұрау барысында сабақтың үш деңгейлік
құрылымынан тұратындығы түсіндіріледі.
Сабақтың үш деңгейлік құрылымы:
І Оқушылық деңгей
1. Тұрақты тоқ дегеніміз не?
2. Электр тогы біздерге қалай жеткізіледі?
3. Тоқ күші дегеніміз не?
4. Тоқ тығыздығы қандай шама?
5. Электр тогы вакуумде абсолют шамасы бойынша қандай минималь электр зарядын алып өте алады?
ІІ Алгоритмдік деңгей
1. Ток күшін өлшейтін құрал Амперметр Ия, жоқ
2. Кернеуді өлшейтін құралы Реостат Ия, жоқ
3. Аттас зарядтар бір-бірімен тартыла ма? Тартылады Ия, жоқ
4. Жазық конденсатордың формуласы Ия, жоқ
5. Зарядты тасымалдау үшін жұмыс атқара алатын күш Бөгде күштер Ия, жоқ
ІІІ Шығармашылық деңгей
Мұнда оқушылар формулаға сәйкес қажетті айнымалы шаманы сәйкестендіре отырып табу керек.
Оқушылар,біз кешегі тұрақты ток заңдарын оқу барысында-бұған дейінгі оқылған "Электростатика” тарауында заряд ұғымымен танысқан болатынбыз.Яғни онда заряд ұғымы дара электрон екен,оның бағытталған,реттелген қозғалысы ток түсінігін береді.Олай болса, электр тогы дегеніміз-зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы екендігін білдік.
Біз жарықты,компьютерді қосқан кезде,радио тыңдаған не теледидар көрген кезде,энергияның өте қолайлы түрі-электрге сенім артамыз.Ол қолайлы,өйткені сымдар мен кабельдер арқылы жеңіл беріледі.
Демек,электр-бұл заряды бар,электрондар деп аталатын атомдардың кішкентай бөлшектерінің қозғалысы немесе ағыны.
Қазіргі уақытта электрді өлшеу үшін тасымалды мультиметр деп аталатын құрал қолданылады.Бұл құрал-электриктер мен инженерлер үшін маңызды жабдық . Ол жабдықтың қауіпсіздігін тексеру үшін,олардың қолы жететін бөліктерінде кернеудің жоқ екендігіне көз жеткізу үшін,топқа ұрынуды болдырмау үшін пайдаланылады.
Электрді пайдалану түрлері дегенді қалай түсінесіңдер? Мыс:сендер үйге келе саласымен-сол бөлмедегі қосқыштың кнопкасын бассаңдар,сол бөлмедегі электр шамы жарқ ете түседі. Неге,өйтеді?... Кім түсіндіре алады?
Яғни электрді пайдалануда,мыс,тұрмыстық аспаптар қанша уақыт жұмыс істейтіндігін мына түрде коруге болады.
Тұрмыстық аспаптар қанша
уақыт жұмыс істейді?
Өте жоғары жүктемедегі фен 1-1,5 сағат
Кір жуғыш машина 2 сағат
Стандартты теледидар 3-5 сағат
Электр ұстарасы 70 сағат
100-ваттық шам 10 сағат
Жалпы бұл электр энергиясы қайдан алынады.Оны электр станцияларында арнайы машиналар-электр тогының генераторлары өндіреді.Генераторлар әр түрлі болады. Энергиясы кішкене бөлмені жарықпен қамтамасыз ететін алып генераторлар да бар.
Бұл генератор электр тогын шығару үшін,оны айналдыру керек.Әрине,генераторды түгелдей емес,оның тек бөлігін-ротарды ғана.
Бұл ротардың салмағы жүздеген тонна болады мұны ерекше машина – турбиналар айналдырады.
Біз потенциалдар айырымы(екі нүктенің ортасындағы) кернеуге тең екендігін білеміз.
Егер өткізгішті бір температурада ұстап тұратын болсақ , онда оның бойымен өтіп жатқан ток күшті потенциалдар айырымына пропоционал болады:
Мұндағы R-пропоцияналдық коэффициенті өткізгіш материалының тегіне,оның өлшеміне тәуелді.Неміс ғалымы Г.Ом бұл тәуелділіктің орнына оған кері шаманы алсақ , оны өткізгіш кедергісі деп аталады.
Сонда 1 Ом дегеніміз- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда бойыныа 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
p - өткізгіш материалының меншікті кедергісі. Өткізгіштің мешікті кедергісі темперетураға тәуелді болады.
Просмотров: 4648 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 2.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика