Суббота, 21.12.2024, 18:05
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 11 » Әдебиеттік оқу 2-сынып
22:07
Әдебиеттік оқу 2-сынып

Әдеп 2-сынып

Қызылорда қаласы

№211 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы

 

Әдебиеттік оқу 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әдеп

Сабақтың мақсаты : А) білімділік.Оқушыларға әдептілік , инабаттылық,

сыйластық туралы түсініқ беру.Мәтінді түсініп,

мәнерлеп оқу және әдемі жазу дағдыларын жетілдіру,

мәтін тақырыбын анықтай білуге үйрету.

Ә) дамытушылық. Оқушылардың оқу –жазу дағдысын

жетілдіріп, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

Б) тәрбиелік. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта,жемістер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқу-құралдарын алғызу

Назарларын сабаққа аудару

ә)Психологиялық дайындық

Мақсатымыз – білім алу

Міндетіміз – еңбектену

«5»-ке қолды жеткізу

 

II .Үй тапсырмасын сұрау

 

«Үш аю» мәтініне байланысты пысықтау сұрактары қойылады

1.Ақ төс Аю Түлкі мен Қасқырға неліктен күш көрсетті?

2.Ақ төс Аюға екі серігі не деді?

3.Ақ төс Аюды Қасқыр мен Түлкі сыйлай ма?

4.Аюларға мінездеме бер.

5.Мақалды жалғастыр

Күш білекте емес,...

III . Жаңа сабақ

- Балалар,біздің сабағымызға Дымбілмес келіпті.Дымбілместі барлығымыз да танимыз ғой.Ол өз қателігін түсініп, сендермен танысайын, қалай оқитындарыңды көрейін деп келіпті. Өзін толғандырып жүрген сұрақтарын да ала кепті

(Дымбілмес суреті, хат шығады)

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен өз қателігімді түсіндім. Сабақ оқып, әдепті бала болғым келеді.Әдепті бала атануым үшін маған көмектесіңдерші?

-Балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе?

-Ендеше, Дымбілмеске көмектессіңдер сендерге арнап өз сыйлығын әкелген екен.

-Олай болса, балалар «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз!

-Әдептілік деп үлкенді сыйлауды,достарды, айналадагы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп,ардақтай біледі,көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

IV. Оқулықпен жұмыс.

-Балалар сендер әдепті бала қандай болу керек екенін білгілерін келе ме?Онда кітаптарыңның 57- бетіндегі Т.Қажыбаевтың «Әдеп» мәтінімен танысамыз.

(Автормен таныстыру)

1.Мәтінді оқу.

2.Сұрақтар қою

-Әжей Аянға не үшін алма берді?

-Арман неге қысылды деп ойлайсың?

-Сенің досың Арман сияқты болса не дейсің?

-Әдеп дегенді қалай түсінесің?

3.Аян мен Арманға мінездеме беріңдер.

V. Дәптермен жұмыс

(Дымбілмес суретін көрсету)

-Балалар, Дымбілмес мақал білмейді екен?

-Сендер білесіңдер ме? Мақал деген не?

-Қандай әдептілік жайлы мақал білесіндер?

(2-3 оқушыдан мақал сұрау)

-Ендеше оқулығымызда мақал берілген екен.

1. Окыту, талдау

2.Тақтаға ,дәптерге жазу.

-Балалар Дымбілмес көп сөздер үйреніп,олардың қайсысы әдептілікке жататынын қайсысы әдептілікке жатпайтынын ажырата алмай отыр көмектесеміз бе?

(үлкенді сыйлау, дөрекі сөйлеу,кішіге қамқор болу,үлкеннің тілін алмау, досқа көмектеспеу, сабақтан кешігу)

VI. Ойын «Орнын тап»

Орны ауысқан сөздерден мақал құрастыру, мағынасын ашу.

Иіліп,бергені, сәлем, белгісі,әдептілік.

(Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені)

Әдепті, әдепсіз, арлы, бала, сорлы, бала.

(Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала)

VII. Бекіту.

Сурақтар қойып, жауаптарын Дымбілместің қалтасына салу.

1.Әдепті бала қандай болу керек?

2.Әдеп дегенді қалай түсінесің?

3.Үлкен адамның алдында әдеп сақтау дегеніміз не?

4.Сәлемдесудің қандай түрі бар?

VIII. Багалау

Дымбілместен алған жемістер бойынша сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға қатесіз жауап беріп отырған оқушыларды мақтап-мадақтап бағалау.

IX. Үйге тапсырма.

«Әдеп» мәтінін мәнерлеп, түсініп оқу.

«Мен әдепті боламын» тақырыбына эссе жазып келу.

Просмотров: 7129 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика