Суббота, 21.12.2024, 18:09
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 11 » Зат есім 4-сынып
22:11
Зат есім 4-сынып

Зат есім 4-сынып

Кызылорда қаласы

№101 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абуова Алима

 

4- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

1. Зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету.

2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.

3. Кітап- сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Тілді құрметтеуге, бірін-бірі тыңдауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, жаттығу, ойын.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: кесте, слайдтар, сөзжұмбақ, жұмбақтар.

 

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық ахуал.

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап:

«Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз» деп хормен айтады.

Үй тапсырмасын сұрау.

а) Үйге қандай тапсырма берілді?

ә) Үй тапсырмасын оқыту

5-жаттығу

Заттың санын білдіретін сөздерді есептік сан есім, ал заттың саналу ретін білдіретін сөздерді реттік сан есім дейміз.

Отбасыңда қанша адам бар? Отбасымда бес адам бар. (Есептік сан есім)

Сен неше жастасың? Мен он жастамын. (Есептік сан есім)

Сенің туған күнің қашан? Менің туған күнім он бесінші карашада. (Реттік сан есім)

Сен нешінші сыныпта оқисың? Мен төртінші сыныпта оқимын. (Реттік сан есім)

Сен нешінші үйде тұрасың? Мен он жетінші үйде тұрамын. (Реттік с. е,)

Сенің үйің неше қабаттан тұрады? Менің үйім екі қабаттан тұрады. (Есептік с.е.)

Сен нешінші қабатта тұрасың? Мен бірінші қабатта тұрамын. (Реттік с.е.)

 

-Сонымен, біз осыған дейін қандай сөз таптарымен таныстық?

Сөз таптарын қайталау

 

-Кітап-ғажап дос, сенімді сырласың. Өмірде ең жақсы кеңесші-кітап.

Ендеше, бүгінгі сабағымызда кітаптар жайлы айтамыз.

-Кітап деген сөздің өзі қай сөз табына жатады?

-Бүгін біз зат есімді қайталаймыз

-Зат есім деген не?

-Зат есім тағы нені білдіреді?

-Өсімдік, жануарлар, жер-су, кісі аттары, табиғат құбылыстары, адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер, мамандық атауларын білдіреді.

-Ендеше сендердің зат есім болатын қанша сөз білетіндіктеріңді байқап көрелік.

 

. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан үлгі мен тәрбие аламыз. Ал, мол кітап қоры қай жерде сақталады? (Кітапханада)

Ендеше, бүгінгі сабағымызда кітапханаларға саяхат жасаймыз.

-Ал кітапхана сөзі ше?

Кітап-негізгі зат есім. Кітапхана-туынды зат есім

-Негізгі және туынды зат есім деген не?

1-жаттығу

Ашу-дұшпан, ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос.

 

Саусағы ұзын биші болар,

Құлағы ұзын күйші болар.

Мақалдарды оқу

1) –Осы мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

2) Мақалдардан зат есімдерді тап: Ашу, дұшпан, ақыл, дос,саусағы, биші,құлағы, күйші

Негізгі: ашу, дұшпан, ақыл, дос, саусағы, құлағы

Туынды: биші, күйші

3) Бірінші мақалда неліктен сызықша қойылып тұр?

Өйткені сөйлемдегі бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр.

4) Мақалдарды 2-3 оқушыға оқыту

5) Мақалдарды жатқа айтқызу (2-3 оқушы)

6) Мақалдарды жатқа жазу.

Мақап-мәтелдерді біз қайдан үйренеміз, қайдан оқимыз? (Кітаптардан)

Ал сендер ежелгі дәуірдегі алғашқы кітаптардың қалай жасалғанын білесіңдер ме? .

-Алғашқы кітаптар қалай жасалған екен?

Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді.

Алғашқы кітаптар Мысырда, Грецияда, Римде қыш тақталарға жазылды. Балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып, оның жұмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылды. Одан соң кептіріліп, арнайы пештерде күйдіріледі.

Мысырда жазуға папирустар қолданылды. Кітап «папирус» деген су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықталып оралды.

Жануарлар терісіне жазылған «пергамент» кітаптар шығарыла бастады.

 

2-жаттығу

Мәтінді оқу,жалқы есімдерді теріп жаз.

-Жалқы есімдер деген не?

-Ал жалпы есімдер ше?

1-топ: Кісі аттары: Шоқан Уәлиханов, Шыңғыс, Ф.М. Достоевский, П.П. Тян-Шанский, А. . Майков, Г.Н.Потанин

2-топ: Жер-су атаулары: Қостанай, Құсмұрын, Көкшетау, Сырымбет, Санкт-Петербург, . Омбы

3-топ: «Манас»

Ауызша тарихымызды (халықтың ертедегі қоғам, табиғат, адам туралы ойларын ) алғаш жазба әдебиетке айналдырған зерттеушілеріміздің бірі Ш.Уәлиханов болатын.

Ендеше ендігі саяхатымыз Шоқанның өміріне болмақ.

Ш. Уәлиханов (1835-1861) алғашқы білімін қазақ мектебінде алған Шоқан, онда арабша жазуды және сурет салу өнерін меңгерген. Сонымен қатар араб, ұйғыр, парсы тілдерін үйренді. Шығыстың ғұлама ғалымдарының еңбектерімен танысты. Ол жас кезінен Орталық Азияны зерттеген экспедицияларға қатысты. Петербургте болған кездері орыстың көрнекті жазушысы Ф:М:Достоевскиймен, орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен араласты. Шоқан қазақ халқының құқығы, салт-санасы, діні, тарихы туралы құнды деректер жинап, мақалалар жазды.

3-жаттығу

«Сөзден сөз жаса» ойыны

Екпінділер деген сөздің әріптерін пайдаланып, бірнеше зат есім жаса.

Екпін, ер, ерлік, ел, елдік, дене, неке, перде, Іле, Еркін, ерін,кепе, ін, ерік, дерек.

Осындай мейлінше көп сөзді құрай алуымыз үшін біздің сөздік қорымыз, біліміміз мол болуы керек. Ал ол білімді біз тағы да кітаптардан аламыз.

–Ендеше біз елімізде қандай үлкен кітапханалар бар екенін білеміз бе?

Еліміздің мәдени орталығы Алматыдағы ұлттық кітапханаға саяхат жасап көрелік.

1910 жылы 31 желтоқсанда Верныйда оқу залы ретінде ашылған. 1991 жылы 9 желтоқсанда Ұлттық кітапхана мәртебесі берілді.

Кітапханада әлем халықтарының 100-ден астам тілдеріндегі 5,6 млн. дана басылым қоры бар. Сирек кітаптар арасына араб тіліндегі Құран, Қ.А. Яссауидың еңбектері, Низамидің, Фердаусидің еңбектері, Шығыс ақындары Рудаки, Омар Хайямның жинақтары бар.

Әлемдік интернет торабы арқылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін электронды басылым залы, электронды каталог залы қызмет көрсетеді.

1992 жылдан Халықаралық кітапханалық ассоциациялардың, 1993 жылдан Еуразияның кітапханалық ассамблеясының мүшесі.

Метаграмма

Б” әрпінен бастасаң,

Отын жарар құралмын.

"М” әрпінен бастасаң,

Кесек құрт боп шығармын

(Балта-малта)

4-жаттығу

1-топ Мал деген сөздің басқы әрпін,

2-топ қол деген сөздің соңғы әрпін өзгерте отырып

3-топ тай деген сөздің басқы әрпін өзгерте отырып, бірнеше зат есім жасап . жаз.

Слайд: Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананың сыртқы көрінісі

- Мына ғимарат сендерге таныс па?

Біздің қаламызда да бірнеше кітапханалар бар екен. Соның ішінде көп жылдық тарихы бар, мол кітап қоры бар, қаламыздың сәнін кіргізген сәулетті ғимаратқа орналасқан-Ә. Тәжібаев атындағы Республикалық автоматтандырылған кітапхана.

Кітапхана 1867 жылы ұйымдастырылған. Кітапхананың 3 қабатында орналасқан ондаған бөлімі бар. Әр бөлімнің өзінің оқу залы бар. 1-қабатта орналасқан каталог бөлімінде өзіңе қажетті материалды қай жерден іздеуге болатынын біле аласың. Бізге қажетті «Балалар әдебиеті бөлімі» де осы 1-қабатта орналасқан. Сендер өздеріңе қажетті мәліметтерді, балаларға арналған әдебиеттерді осы жерден таба аласыңдар.

Ал «Кітапхана процестерін автоматтандыру» бөлімінде оқырмандар компьютерлерде электронды оқулықтармен жұмыс жасайды. Кітапхана қоры қазіргі таңда 450 000 кітапты құрайды.

IV. Сергіту

Сендер кітаптан не аласыңдар?

-Маған білім жемісін кітаптарым береді,

Талай адам сол үшін маңдай терін төгеді

Жұмбақ

Тұмсығына бұйда тауып байласаң,

Қақпайлап жай айдасаң,

Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.

(Ине)

-Біздің қазақ тілімізде и дыбысынан басталатын сөздер өте көп емес. Олай болса, келесі жаттығуымызды орындайық.

 

6-жаттығу

И Т

И Н Е

И К Е М

И І Р І М

И Н Е Л І К

 

Слайд. №101 орта мектеп

-Енді қай жерге келдік?

-Барлық білім орындары сияқты біздің мектебімізде де кітапхана бар екен.Сендер ол кітапханадан кітаптар алып оқып, керекті материалдарыңды алып жүрсіңдер.-Бұл жерде сендерге көмекке келіп, нұсқау беріп отыратын кім?

-Біздің кітапханамыз осы мектеп ашылғалы бері жұмыс істеп келе жатыр. Кітап қоры 26 283. Оның ішінде 1463 көркем әдебиет, балаларға арналған -493 кітап бар. Электронды оқулықтар саны-58. Жыл басынан осы уақытқа дейін кітап алып оқып, тіркелген-1 130 адам.

V. Сабақты бекіту.

-Біз зат есімдер туралы алған білімдерімізді қайталадық. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

-Көптік жалғау, жіктік жалғау, тәуелдік жалғау.

-Және септік жалғауымен біз келесі сабағымызда танысамыз.

Тапсырма

Ітоп Дос сөзін жікте

ІІ топ Кітап сөзін тәуелде

ІІІ топ Мен төртінші сынып оқушысымын деген сөйлемдегі қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талда.

VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу

VII. Бағалау. Мадақтау.

Топтарды бағалау.

VIII. Қорытындылау.

Егер сендер кітапты сүйіп оқып, құрметтей білсеңдер, оқығандарыңды көңілге тоқи білсеңдер, онда сендер тәуелсіз еліміздің болашағын жасайтын саналы да, білімді азамат болатындарыңа сенемін.

Просмотров: 4581 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика