Суббота, 21.12.2024, 17:42
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 11 » Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттері математика 2-сынып
22:22
Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттері математика 2-сынып

Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттері математика 2-сынып

Қызылорда қаласы

№211 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Динара Тәліпқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тіктөртбұрыш пен шаршының негізгі қасиеттері туралы білімдерін калыптастыру; фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, фигураларды салыстыруға үйрету. Екі таңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра білуге үйрету.

2.Дамытушылық: шапшаң есептеу дағдысын,математикалық тіл байлығын дамыту; геометриялық фигураларды салыстыру, логикалық ойлау қабілетін,зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту

3.Тәрбиелік: ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,рефлексия.

Сабақтың жабдықталуы,көрнекілігі: ИАТ ,электронды оқулық

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Математика - қызық пән,

Бәріміз оны білеміз.

Қызықты есеп шығарып,

Тез жауабын береміз.

Бізде қазір қандай сабақ?

-Математикаға дайын болу үшін, бізне айтушы едік?

- Есептеуді білмейтін адам, түк білмейтін надан!

2.Өткенге шолу.

Үй тапсырмасын тексеру

"Баспалдақ” ойыны арқылы 2-мысалдытексеріп, биік шыңдағы жасырын «Мектеп» сөзін табу.

-Біздің мектебіміз кімнің есімімен аталады, ол кісі туралы не білеміз?

-Қандай шығармаларымен таныспыз?

-Біздің басты еңбегіміз не деп ойлайсыңдар?

Ал олай болса білімімізге білім,ойымызға ой қосуға дайынбыз ба? Сабағымызды бастаймыз.

3. Жаңа сабақ

А)«Геометриялық пішіндер» еліне саяхатқа шығамыз. Сынып 4топқа бөлінеміз.

1- топ. Төртбұрыш 2- топ. Шаршы 3-топ. Тіктөртбұрыш 4- топ. Көпбұрыш

Топта жұмыс орындау ережесімен таныстыру.

Ә) Көркем жазу. 2-1 сандарын пайдаланып,екі таңбалы сандар жазу.

4.Оқулықпен жұмыс

1-тапсырманы орындау кезінде мұғалім окушыларды төртбұрыштардың ішінде барлық бұрыштары тік фигураның бар екенін, оның тіктөртбұрыш деп аталатындығы, ал кабырғалары бірдей болса, оның шаршы деп аталатындығы туралы корытындыны жасауға жетелейді.

 

Жаңа материалды оқып-үйрену.

Алдын ала кағаздан қиылып дайындалып койған тіктөртбұрыштар мен шаршылар окушыларға таратылады. Алдымен бұрыштардың барлығының тік екені көз мөлшермен немесе үшбұрышты сызғышпен тексеріліп алынады. Тіктөртбұрытардың карамакарсы қабырғаларының тең екендігін оны екіге бұктеу аркылы көреді, ары карай калған қабырғаларын да тексереді. Балалар «қарама қарсы қабырғалар» түсінігімен танысады. Осы іс-әрекет шаршымен де қайталанады. Қабырғаларының тең екендігін тек қарамақарсы қабырғалары арқылы ғана емес, диагональ бойымен бүктеу арқылы көрсету керек. Барлық қабырғалары тең және барлық бұрыштары тік немесе барлық қабырғалары тең болатын тіктортбұрыштың шаршыболатындығы туралы қорытынды жасалады.

№2.Фигураның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

 

В ұзындығы С К М

 

А Д Е Д

 

Сөйлемдерді аяқта:

Тіктөртбұрыштардың барлық бұрыштары-------- .

Тіктөртбұрыштардың қарама-қарсы қабырғалары ------------ .

Шаршының ----------- қабырғалары ------------- .

№3.

Тіктөртбұрыш-6

Шаршы-8 ? фигура

Ш. 8+6=14

Ж: барлығы 14 фигура.

5. Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын

4-есеп

Бірінші сынып оқушысында 7 оқулық, ал екінші сынып оқушысында...оқулық бар.

Есепті оқушы өзі сандық деректермен толықтырып ,сұрағын қойып шығарады.

6. Математикалық диктант(6-мысал)

Алпыс пен бестің қосындысы

Сексенді сегізге арттыр

Жетпіс пен төрттің қосындысы

Қырық жеті мен қырықтың айырмасы

Тоқсан жетіні жетіге кеміт

Алпыс бір мен алпыстың айырмасы

7. Топпен жұмыс.

1- топ. Төртбұрыш –тік бұрыштарды, 2- топ. Шаршы -доғал бұрыштарды, 3-топ. Тіктөртбұрыш –сүйір бұрыштарды, 4- топ. Көпбұрыш - сүйір бұрыштарды анықтайды.

№7. Бұрыштарды тап:

L M P N

 

K N M

 

R

 

Сабақты қорыту:

Ойын ойнап, іздендік, дәптерге жазу түсірдік.

Сонымен сабақта, нені үйрендік,нені білдік?

Үйге тапсырма: №6 есеп 80-81 бет

Өзін-өзі бағалау

«Өте жақсы» «Жақсы» «Орташа»

Просмотров: 11194 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика