Суббота, 21.12.2024, 17:40
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Февраль » 17 » Д.Қасенов « Өзін - өзі жеңген бала»
15:46
Д.Қасенов « Өзін - өзі жеңген бала»

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

А.Байтұрсынов атындағы

№10 ОЖББМ

бастауыш сынып мұғалімі

Тусупбаева Биғаным Алимгереевна

 

Пәні: Әдебиеттік оқу

 

Сабақтың  тақырыбы: Д.Қасенов « Өзін - өзі  жеңген бала»

 

Сабақтың  мақсаты:

1.       Оқушыларға  мәтіннің  талдай отырып, ата-ана  мен бала  қарым- қатынасы жайлы мағлұмат  беру, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

2.       Мәтінді  бөлімдер  бойынша  әңгімелету, көркем шығармаларды  оқуға  қызушылығын дамыту.

3.       Мәтін жайлы түсінігін кеңейту  мақсатында  пікір  алмастыру   және   сөйлеу  шеберлігін, ойлау  қабілетін, тіл  байлығын   молайту.

 

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  СТО, түсіндіру, әңгімелеу, кубизм, эссе.

Көрнекілігі: оқулық, мазмұнды  суреттер.

 

Сабақтың  барысы:

 

І.Ұйымдастыру  бөлімі:

   Психологиялық   дайындық

  Үлкенге   де  сіз,

   Кішіге   де   сіз.

   Сәлем  бердік  сіздерге

   Құрметпенен  біз

 

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау

-          Сіз, біз  деген  жылы  сөз  демекші сыпайы  сөздерді  айтып  көрейікші (доп лақтыру  арқылы)

 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс  Мағынаны  ашу

  -Мәтіннің авторымен таныстыру.

  Дәулет Қасенов ( 1937-1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында  туды.1961 жылы  шыққан  жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді.Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп  көтерген азамат.

 

1.       Оқушыларды  топқа бөліп, абзац  бойынша  оқыту.

2.       Түсінгенін  сұрау.

3.       Мәтіннің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.

ІҮ.  Сөздік  жұмыс

  Жабыраңқы - ренішті, көңілсіз

  Мақтаншақ - мақтағанды тәуір көретін, мақтана  беретін бөспе.

 

         Топпен  жұмыс

1.       Ассоциация  құру  ( Мәтінге  жоспар құру )

2.       Талдау                   ( Арман  қандай  бала )

3.       Дәлелдеу                ( Арман  орынсыз  мақтанғанына   өкінді  ме ?)

4.       Егер   мен ( Арманның орнында  болсам  не істер едім)

 

 Сергіту  сәті

Ақша  бұлттар  аспанда ( Қолдарын  жайқалтады)

Жерімді жайнап құлпыртсын ( Жерді көрсетеді)

Нұрын сыйлап біздерге, ( Күнді көрсетеді )

 Көкте мәңгі  күн тұрсын.( Күнді   көрсетеді )

 

Ү. –« Мен  мақтаныш  етемін» деген  тақырыпқа  эссе  жазамыз.

  Менің  досым  -адал, сенімді, әзілқой, тәртіпті.Мен досымды мақтаныш  етемін.

 

 Менің ұстазымның сөзі маржан,білімді. Ұстазымның бар болғанын мақтаныш етемін. Бізді әдептілікке,сыпыйылыққа тәрбиелейді.

 

2. Адам бойындағы  жақсы- жаман қасиеттер туралы жазып шығайық..

Ойын. Мақсаты:Оқушының мінезін айтып шығу. Дильназ- салмақты, жай сөйлейді.Тапсырмаларды  тиянақты  орындайды.

 

ҮІ. Абайдың  нақыл сөзімен қорытындылау.

      Әдептілік, ар-ұят-

      Адамдықтың  белгісі.

      Тұрпайы  мінез тағы жат-

      Надақтың белгісі.

ҮІІ. Бекіту

-          Сабақта қандай тақырыппен  таныстық ?

-          Не  түйіндедік?

-          Бағалап  мадақтау.

-          Қорытындылау. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқып келу.

Просмотров: 9994 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика