Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
А.Байтұрсынов атындағы
№10 ОЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Тусупбаева Биғаным
Алимгереевна
Дүниетану. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Гүл, жеміс,
тұқым
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға өсімдіктердің өсіп- өнуі,
жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ
және шырынды жемістермен
таныстыру
Ә) Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Б) Табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, жемістер, тұқым
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Күнге
қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт
сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу
мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын
алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстап аламын
Ізгі әрі нәзік,
жарық мейірімді,
Болып кетер
сонда дереу жан-жағым
Міне, жүрегіміздегі осындай
жылумен сабағымызды бастаймыз . Жұмбақ жасыру арқылы өтілетін сабақтың
атын ашып алу.
Өзі әдемі, иісі
жұпар
Оны
туған күніне сыйлар.
( Гүл)
Бұтақта ілініп
тұрамын
Піскенде себетке
құладым
( Жеміс)
Көктемде жерге
енемін,
Ылғалды өсіп
өнемін,
Менің
өскен жемісім,
Қыс
бойғы сенің қорегің.
( Тұқым)
Осы жұмбақтардың
шешуіне қарап, бүгінгі тақырыпты
кім айтады?
Оқушылар бүгін
біз « Гүл, жеміс, тұқым» туралы толық
танысып білетін боламыз. Сондықтан барлығымыз суреттерге зер салып қарай отырып, тақырымызды түсініп
алайық. ( Мұғалімнің түсіндірмесі)
Өсімдікте гүлі
мен жемістері, тұқымы
болады. Әуелі тұқым құнарлы
жерге түседі. Қолайлы жағдай
болса ғана тұқымнан тамыр
пайда болады. Тамыр тереңге бойласа , сабағы күнге ұмтылады. Сабақта жапырақтар
мен гүлдер пайда
болады. Гүл ашылады, ашылғаннан кейін
сол жерде жеміс
пайда болады. Жемістің ішінде тұқым
болады.Жеміс- құрғақ жеміс,
шырынды жеміс деп
бөлінеді.
Бұл өсімдіктер
жемістің ішінде болатын
тұқымынан өседі.
ІІІ. 1. Шырынды жемістер
( Топпен жұмыс)
2. Құрғақ жемістер
3.
Тұқым
Олай болса шырынды жемістерге
нелер жатады?
(алма, өрік, қияр, қызанақ, қарбыз)
Құрғақ жемістерге нелер жатады? ( бидай, жаңғақ, бұршақ, тары )
Бидай туралы
не айта аласың ? – Бидай – дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан
ұн тартады . Ұннан әртүрлі тағамдар
дайындайды.
-
Алма туралы не
айта аласың?
Алма- шырынды жеміс. Алма
құрамында су , қант, қышқыл дәрумендер , көптеген минералды заттар
бар. Алма шырыны адам ағзасын
ауыр металдардан тазартуға , қан бұзылу
және жүрек ауруларын
емдеуге қолданылады. Алма жемісінен шырын , компот, тосап, джем, қақ жасалады.
Қызанақ- жемісі
жеуге жарамды, бір жылдық немесе
екі жылдық шөптесін өсімдік. Қызанақты тек тұқымы арқылы
ғана емес , тамыр сабақтары арқылы
да көбейтуге болады. Қызанақтан
ертерек өнім алу жылыжайда немесе үй
жағдайында наурыздың соңы, сәуір
айларында көшетін дайындайды.
Айырмашылығы
неде?
Тұқымдарды ажырату .
Әр топ
алдарына қойылған жемістерді
әңгімелеп, ажыратып айтып
шығады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
-
Мәтінді бөлімге
бөліп оқыту .
-
Әр бөлімді тұжырымдап , ой түю.
-
Не ұқтыңдар?
-
Қандай жемістер
болады?
-
Шырынды және құрғақ жемістер.
-
Сергіту сәті
-
Алма баққа
барайық
-
Алма теріп
алайық
-
Ең үлкенін
дәмдісің
-
Әжемізге сыйлайық
Ү. Дәптермен жұмыс.
1. Шырынды жемістер ,
құрғақ жемістер , тұқым суреттері.
2.
Әр жемістің қасына
тұқымын тауып қой.
Алманың
тұқымы, асқабақтың тұқымы, жаңғақтың тұқымы
Қорытынды
Өсімдік не арқылы көбейеді?
Тұқым қалай
тарайды?
Жемістер қалай
бөлінеді?
Үйге тапсырма .
1.
Гүл, жеміс, тұқым мәтінді оқу.
2.
Жемістерді аяқтап , салып келу
3.
Бағалау
|