Ильясова Гауһар Қартқожаққызы
Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп – лицейдің
биология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі
«Бақытты сәт» ойыны (модульдік оқыту технологиясы)
6-сыныпта биология пәнін оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудамын. Оқыту технологиясын қолдану оқу жұмысын дамытуға және оқушының белсенділігін қалыптастыруға жағдайлар туғызады. III тарау. Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері. (8сағат)
Бөлімі Сағат саны Сабақтың мазмұны Уақыты
Кіріспе бөлімі 1 сабақ 1.Модульдің мақсаты мен міндетімен
таныстыру. 5 мин
2.Тарауды тірек-сызба арқылы түсіндіру 20 мин
3.Оқулықпен,дәптермен жұмыс 15 мин
4.Қорытынды 5 мин
Сөйлесу бөлімі 2 сабақ 1.«Қарлы кесек» ойыны 40 мин
2. Қорытынды 5 мин
3сабақ 1.«Гүлдер әлеміне саяхат» ойыны.
№12, №13Зертханалық жұмысты орындау.40 мин
2.Қорытынды 5 мин
4 сабақ 1.«Оқушы ізденуші»ойыны.
№14, №15 Зертханалық жұмыс. 40 мин
2.Қорытынды 5мин
5 сабақ 1.«Өзара оқыту» ойыны. 40 мин
2. Қорытынды 5 мин
6 сабақ 1. «Бақытты сәт» ойыны 40 мин
2. Қорытынды 5 мин
7 сабақ «Киностудия» ойыны 45 мин
Қорытынды бөлім 8 сабақ Тест 15мин
Сынақ 30 мин
Оқушы білу керек:Гүлдің құрылысы Қос жынысты және дара жынысты гүлдердің ерекшелігі Гүл формуласы Гүлшоғырлардың түрлері, маңызы Жынысты көбею. Тозаңдану, оның түрлері. Ұрықтану. Шырынды және құрғақ жемістер Дара жарнақты және қос жарнақты тұқымның құрылысы Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары
Оқушы дағдылануы керек:
Гүлдің құрылысын муляждан, таблицадан талдай білуге Қос жынысты, дара жынысты гүлдерді ажырата білуге Гүл формуласын жазуға, Гүлшоғырды жеке гүлден айыруға, Гүлшоғырлардың түрлеріне жеке-жеке түсінік беруге ,
Тозаңдану түрлерін суреттеп білуге, Ұрықтану жолын түсіндіруге, Жемістердің қай топқа жататындығын ажырата білуге дағдыланады.
Оқушыларға берілетін шығармашылық жұмыстардыңтапсырмалары: Гүлдің бөліктерін қатты түрлі-түсті қағаздан жасау
«Гүлдер әлемінде» (ертегі құру)
Гүлдің маңызы
Гүлдерден, гүлшоғырлардан кеппешөп дайындау
Жемістерден коллекция дайындау.
«Гүлдер». «Жеміс». «Тұқым».
6-сабақ «Бақытты сәт» ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқыта үйрету арқылы оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ету. Топтық жұмыс арқылы оқушының қисынды ойлауын, қабілетін,шығармашылығын дамыту. Оқыта үйрету ойынының (Бақытты сәт) мақсаты-талдау, жинау, бағалау. Көрнекілігі: Шарлар салынған бөшке, секундомер (сағат), бағалау парағы, байқау тапсырмалары, жауап үлгілері. Интерактивті тақтада әр геймнің аты, тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы және атауы болады.
Iтоп-«Жемістер» тобы IIтоп-«Гүлдер» тобы
«Бақытты сәт» ойыны 5 геймнен тұрады.
I гейм- «Бой сергіту»
II гейм-«Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
III гейм-«Жұмбақтас»
IVгейм-«Сен-маған, мен-саған» Vгейм-«Көсемдікке ұмтылу»
I гейм«Бой сергіту» Жорға жарыс (Уақыты 5мин.).
Топтарға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут беріледі. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес топ жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген топ ұтады. I топқа берілетін сұрақтар:
1.Өсімдіктің көбею мүшелерін ата.(Гүл, жеміс, тұқым)
2.Тостағанша мен күлте жапырақша не деп аталады?(Гүлсерік)
3.Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі қайсысы?(Аналық)
4.Аналық тозаң қабылдайтын бөлімі?(Аузы)
5.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым?(Навашин)
6. Гүлді өсімдіктердің жемістері қандай топқа бөлінеді?(Қүрғақ, шырынды) 7.Бидайдың жемісі қалай аталады?(Дәнек)
8.Жатынның тұқым бүршігінен не дамиды?(Тұқым)
9.Тұқымда екі жарнаға бар өсімдік қалай аталады?(Қосжарнақты)
10.Бидай тұқымында керек заттың жиналатын орын:(Эндосперм)
II топқа берілетін сұрақтар:1.Аталықтың бөлімдері(Жіпше, тозақап)
2.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы қалай аталады?(Гүлшоғыр)
3.Күнбағыстың жемісі қалай аталады?(Тұқымша)
4.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері:(Аталық,аналық) 5.Аналық жыныс жасушасы қалай аталады?(Жұмыртқа)
6.Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды құрғақ жеміс:(Қауашақ)
7.Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен:(Гүл)
8.Ұрық неден тұрады?(Алғашқы тамырша,алғашқы сабақша,бүршікше)
9.Тұқымның жеміске бекінетін жері қалай аталады?(Тұқым кіндігі)
10.Тұқымында бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер қалай аталады?(Дара жарнақты)
II гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
Топ мүшелері бөшкеден нөмірі бар шаралар алып шығады. Әр нөмірге жүргізуші сұрақ немесе жұмбақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ басшылары жауап береді. (Жауапты орыс-ағылшын-қазақ тілдерінде берді).
1.Қып-қызыл боп дөңгелек , бақшаларға өң береді.(Томат-қызанақ-tomatoes) 2.Қызыл қалпақ киеді, піскенде басын жерге иеді?(Шие-вишня-cherry) 3.Формасы бар домалақ,
Көріп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап 5ай тамам біткенде
Қаптап алдым құмалақ. (Картоп-картофель-potatoes)
4.Өсімдіктер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
5.Таңқурай мен бүлдіргеннің жемістері қандай жеміске жатады?(Көп сүйекті жинақталған жеміс,құрғақ)
6.Доп-домалақ жұмыр тас, Іші толған піскен ас.(Жаңғақ-орех-nut)
7.Қызанақтың жемісі қалай аталады?(Жидек-ягода-berry)
8.Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс.(Жүгері-кукуруза-maize)
III гейм-«Жұмбақтас» Жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді. Iтопқа берілетін тапсырма:
1.Үрмебұршақ тұқымының құрылысын ата: 2.Жай гүлшоғырларды ата:
II топқа берілетін тапсырмалар: 1.Гүлдің бөлімдерін ата . 2.Тұқымдары су арқылы таралатын өсімдіктерді ата.
IVгейм-«Сен-маған, мен-саған»
Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.
Vгейм-«Көсемдікке ұмтылу»
Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.
1.Тұқымның басты бөлігі.
2.Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түзуі. 3.Гүлдің сабаққа бекінген бөлімі.
4.Қорғаныштық қызмет атқаратын бөлімі.
5.Өсімдікке гүл не үшін керек?
6.Күнбағыстың гүлшоғыры қалай аталады?
7.Қай өсімдіктің жатынының ішінде мыңдаған тұқым бүршігі бар? 8.Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды ата.
9.Бітеу гүл қай кезде тозаңданады?
10.Қырыққабаттың жемісі қалай аталады?
11.Шірнеліктер қайда орналасқан?
12. Өскін деген не?
Бағалау парағын толтырамыз. («Бақытты сәт» ойыны)
Топ
I гейм
II гейм
III гейм
Ivгейм
Vгейм
Қорытынды
|