Воскресенье, 22.12.2024, 08:45
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 10 » Ә.Тәжібаев «Сырдария »өлеңі
18:26
Ә.Тәжібаев «Сырдария »өлеңі

Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шектібаева Жұпаркүл Жақыпбекқызы

Тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Сырдария »өлеңі
Мақсаты: Ақын өлеңіндегі сөз қолданысы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
Ә.Тәжібаевтың ақындық,азаматтық болмысын таныту.
Тәрбиелік: туған жерге, елге деген құрмет, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: тарихи-әдеби бөлімдерін тереңдету,өзіндік ізденуге баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:мәнерлеп оқу,баяндау,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: карта, ақын суреті.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих,орыс тілі.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
                                    2.Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ: Сырдария өзені Қазақстан шеңберінен тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы-2219 км. Өзен желтоқсан айынан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Суы лай.Орта ғасырлық араб әдебиетінде Сейхун деп аталған.Өзенде бекіре, ақмарқа, қаяз, табан балық, жайын, сазан т.б балықтардың түрлері бар.
Өлеңнің тақырыбы-туған жер.
Әдебиет теориясына түсінік: Параллелизм. Математика ғылымында екі кесінді параллель сызықтар деп аталады. Әдебиет теориясында параллель термині ақынның ішкі көңіл күйі, яғни лирикалық қаһарманның және табиғат лирикасы болып үндеседі.
Автордың көңіл-күйі. Білем сені,сүйем сені
Табиғат лирикасы: Сыр сұлуы қарт анам
Жыр жолдарындағы жалқы есімдер: Тарас-Днепр,Пушкин-Еділ, Гейне-Рейне, Тарас Григорьевич Шевченко (1814-1861) Украина халқының ұлы ақыны,суретші, қоғам қайраткері Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) орыс халқының ұлы ақыны,орыс әдебиетінің негізін қалаушы,өз халқының адал ұлы. Генрих Гейне (1797-1856)ұлы неміс ақыны.
Ел анасы-менің анам. Анаға ұқсас ұғымды білдіру.
Өлеңді талдау:
Төрт тармақты шумақ: Білем сені сүйем сені
                                         Сыр сұлуы қарт анам
                                         Сенсің мені әлдилеген
                                         Туған сенен-мен балаң
Қара өлең ұйқасы:
Жазса Тарас Днепрді                                         а
Жазса Пушкин Еділді                                        а
Неге маған жырламасқа                                     б
Сырда туған елімді                                             а
Тірек  шумақ:
Ел анасы-Менің анам
Сырдың сұлу өзені
Қуан ана!Ақыныңның
Келді жырлар кезегі.
Құшағында отырмын мен
Көріп көзбен ел жайын
Екі бунақты тармақ:
Сүйсе Гейне//анам десе  8буын
Сүйген суы//Рейнесін    7 буын
Сырдың суы//туған ол да 8 буын
Өз ақынын //Гейнесін      7 буын
Сыр елі туралы жазылған өлеңдер: З.Шүкіров, Ш.Қалдаяқов «Сыр сұлуы»,М.Мақатаев «Сыр елі», М.Әміреұлы «Сырдария»
Үйге тапсырма:Ә.Тәжібаев өмірін оқу, «Сырдария» өлеңін жаттау

Просмотров: 7996 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 2.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика