Воскресенье, 22.12.2024, 08:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 10 » Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері
18:30
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері

Талканбаева Гулсана Конкишевна

Химия.   8-сынып.
Сабақтың тақырыбы:  Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері (№1 слайд. Сабақтың тақырыбы жазылады).
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
• Оқушыларға қышқылдар, олардың жіктелуі, анықтау, аталуы, химиялық қасиеттері туралы жалпы мағлұмат беру;
Дамытушылық:
• Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын, логикалық ойлау мен экспериментті талдау және болжай білуге, танымдық белсенділігін арттыру;
• Оқушылардың коммуникативтік дағдысы мен ақпараттық  ептілігін дамыту;
Тәрбиелік:
• Қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
• Қышқылдармен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың  типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың ұраны: «Химиялық эксперимент - білім негізі»
Құрал-жабдықтар:
• Проектор, телевизор DVD, электрондық оқулықтар, тест CD «Қышқылдар». Реактивтер жиынтығы: концентрациялы күкірт қышқылы, күкірт қышқылы деп жазылған қағаз парағы.
• Қорғаныш көзілдірік, резеңке қолғап, индикаторлар, қышқыл ерітінділері, сілті, су,  дәріханалық қарын сөлі.
• Лимон, алма жемістері, айран, сірке қышқылы, аспирин, химиялық эксперимент жүргізу үшін нұсқау парағы мен қажетті  зертханалық ыдыстар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Теориялық журнал. (Жаңа сабақты түсіндіру)
Мұғалім: Қышқыл. Қышқылдар деген сөз сіздерге таныс. Ал мынадай заттарға назар аударайық және сұрақтарға мүмкіндігінше жауап беріңдер.
Алма. Лимон.  Айран. Сірке қышқылы. Жемістер: химиялық стақанда алма және лимон.  Аспирин. Аталған заттарды не біріктіреді? (№2 слайд. Айран, сірке қышқылы,  алма, лимон жемістернің суреттері).
Оқушылар: Олардың құрамында  қышқыл болады.
Мұғалім:  «Қышқыл» (латынша: acid)  латын сөзінен алынған.  Ал тағы да қышқыл деген сөзді қайда  қолданамыз.
Оқушылар: Табиғатта кездесетін заттар (қымыз, шұбат, алма, лимон), мәселен  осылардың дәмін татқанда қышқылтым болады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта біз  қышқылдар туралы теориялық және практикалық білімдерімізді толықтырамыз.
• Қышқылдардың құрамы неден тұрады?  
• Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар?
• Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз?
• Қышқылдармен жұмыс істеу ережелері.
• Қышқылдар қандай химиялық элементтен басталады?
• Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар?
• Қышқыл ерітінділерін анықтау.
Қышқылдарға анықтама беру. (Оқушылар оқулық бойынша 124-125 беттердегі анықтамаларды дәптерге жазады).
Мұғалім: Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет?
Оқушылар:  Өмірде, тұрмыста бұл заттарды дұрыс пайдалану үшін керек.
Мұғалім: Қышқылдарды жіктеу. ( №3,4  слайд. Қышқылдардың жіктелуі).
Слайдқа назар айдараңыздар.
1. 3 және 4 слайдта қышқылдар химиялық құрамына қарай қандай айырмашылықтары бар?
Жауабы: Оттекті және оттексіз.
2. Қышқылдардар негізділігіне қарай қалай жіктеледі? (№5 слайд бойынша қышқылдардың құрамына кіретін сутек атомдарының санына байланысты негізділігін анықтап  айтылады, жаттығулар орындалады).
Мысалы: Н2SO4 . Қандай қышқыл?
Жауап: Күкірт қышқылы, екі негізді, оттекті.
№6 слайд бойынша жаттығулар берілген, оқушылар орындайды.
Күшті қышқыл дегеніміз не? Қышқылдың күшті немесе әлсіз екені қалай анықталады?  ( №7 слайд ).
Қышқылдық қатар туралы түсінік беріледі. Күкірт қышқылы - барлық  қышқылдардың анасы. Не себептен? ( №8 слайд).
Мұғалім күкірт қышқылын демонстрациялап, тәжірибе көрсетеді.
Күкірт қышқылын суда қалай ерітуге болады?  (№9 слайд).
Қышқылдармен жұмыс істегенді қауіпсіздік техникасымен таныстыру.
(№10 слайд)
Демонстрациялық роликтер (электронды сабақтар мен тест, күкірт қышқылын сумен араластыру).
Мұғалім қосымша азот және тұз қышқылы туралы ақпараттар береді. Экологиялық катастрофалар, күкірт қышқылы ауаға, топыраққа,суға түсуі салдарынан болатын зиянды зардаптар. Транспортта, заводта, шойын жолдарда болатын апаттар.(№11 слайд).
Демонстрациялық роликтер (Швеция. Жаңалықтар. Май, 2009жыл, химиялық заводта болған апат). Оқушылар көргендері бойынша пікірлер айтады. Қышқылды  жаңбырлар, экологиялық апаттар. Қышқылдарды анықтау
Эксперимент   көрсету. Қышқылдардың индикаторға әсері.
Үш сынауықққа да қышқыл құямыз. Біріншісіне метилоранж, екіншісіне фенолфталеин, ал үшіншісіне лакмус тамызамыз. Не байқадыңдар? Қандай өзгеріс болғанын дәптерге жазылады.
3. Практикалық журнал. (10 мин). Ал, қанеки, химиктер!
Нұсқалар бойынша тапсырмалар беріледі. Барлығы 4 нұсқа. Тапсырмалар жазылған  үлестірмелер мен қажетті құралдар үстелдің үстінде жатыр.
№1 нұсқа.  Бірінші сынауыққа күкірт қышқылының ерітіндісі, екіншісіне сілті (NaOH), үшіншісіне су құясыңдар. Үш сынауыққада алма шырынын тамызамыз. Сынауықтағы ерітінділердің түстері қандай түске боялды? Қышқылды, сілтіні, суды анықтау үшін алма  және лимон шырынын, айран суын пайдалануға бола ма? Түсініктеме беріңдер. Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
№2 нұсқа. Бір сынауыққа қарын сөлін, екіншісіне су құйыңдар.  Екеуіне де метилоранждың  ерітіндісін 2-3 тамшыдан тамызамыз. Не бақыладың? Сынауықтағы қарын сөлінің ерітіндісінің түсі өзгергеніне қалай түсініктеме бересіңдер? Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
№ 3 нұсқа. Екі сынауық берілген. Біреуіне сілті, екіншісінде қышқыл бар. Эксперимент жүргізіп, заттарды анықтаңдар. Анықтау үшін қандай заттар керек болғанын түсіндіріңдер. Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
№4  нұсқа. Стақанға лимон шырынын сығасыңдар, сосын оны сынауыққа құясыңдар. Лимонның құрамында қышқыл бар екенін дәлелдеңдер. Ол қалай аталады және қай жерлерде қолданады? Тәжірибеңді презентацияға дайындап, көрсет.
Эксперимент біткеннен кейін, тәжірибе жасаушылар өздерінің жасаған тәжірибесін, сондай-ақ  қорытындысын да  сыныпқа  таныстырады.
Эксперимент бойынша қорытындыны мұғалім оқушылармен біріге отырып
жасайды.Үй жағдайында және химия сабағында қышқылдарды анықтауға пайдаланатын индикаторлар мен өсімдік және химиялық индикаторлардың рөліне, қышқылдардың алынуы мен химиялық   қасиетіне тоқталады.
4. Ауызша журнал. Қышқылдар туралы  кішігірім хабарлама.
Қышқылдар тек қана белсенді  ерітінділер болып қоймай, оларды дәрі ретінде пайдаланады. Мысалы,  аспирин-ацетилсалицилді қышқыл, тірі ағзалардың құрамында кездесетін аминқышқылдары, алма, айран, лимонда кездесетін алма қышқылы, сүт қышқылы, лимон қышқылы, сірке қышқылдары,  оларды біз тамақ өнеркәсібіне қолданамыз.
Оқушылар хабарламаға  алдын-ала дайындалып келу керек.  Уақыт 1-2 мин.
Хабарламаға төмендегідей тақырыптар ұсынуға болады.
1. Тамақ  қорытудағы  тұз  қышқылының рөлі
2. Табиғатта қышқыл - қару ретінде.
5. «Электронды журнал»  Қышқыл.
«Қышқыл» тақырыбы бойынша оқушылар өздері дайындап келген слайдты көрсетеді.  Уақыт 3 мин.
6.Үйге тапсырма. (Үй  экспериментін жасау ).
1.Тапсырма:  Сірке немесе лимон қышқылы арқылы дақты  немесе қақтарды кетіру.
2. §47 оқу. Бір қышқылға  тірек конспекті  немесе электрондық презентация жасау. Қышқылдардың формуласын жаттап келу.
7.  Қорытындылау. Бағалау.
Кішігірім  хабарлама дайындаған, эксперимент жасаған, сабақтың барлық кезеңдерінде  белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Просмотров: 8164 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
1 меруерт  
0
бізге оқушыларға нақты мәліметтер керек бұл көбіне мұғалімдерге арналған ғой

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика