Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы №101 орта мектептің
бастауыш пән мұғалімі Толыбай Әлия Әнетбайқызы
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ертеңгілік
Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!
Сабақтың мақсаты: Қазақтың салт – дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу, балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сынып мерекеге сай безендірледі. Қыздар қамажай киініп, ер балалар шапан киініп отырады. Бесік. Қабырға газеттері, нақыл сөздер т.б
Барысы:
« Саржайлау » биі орындалады.
Шаттық биін билеп Наурыз ортаға шығады.
Наурыз:
Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,
Бұл күн біле білгенге ғажап тым!
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,
Наурыз күн – біле білгенге ғажап тым!
1-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар.
2-жүргізуші: Ата менен анаң бар,
Үлкен – кіші, ағаң бар.
1-жүргізуші: Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қараңдар!
2-жүргізуші: Наурыз тойың, Наурыз тойың
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Хош келдің, төрлет, Наурызым!»
Арман Дильназ:
Хош келдің, Наурызым, ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты
Мұхаммеджан:
Келді Наурыз жар салып,
Би билейік, ән салып
Жылда келсін ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып
Айзахан:
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрлымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Нұрсұлтан:
Армысың, Наурыз,
Қуаныш боп кір, төрлет.
Ел боп саған
Көрсетіп жатыр сый- құрмет.
Әсем:
Наурыз келді! Наурыз келді, ағайын,
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,
Әнге толы, күйге толды маңайым.
Димаш:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Диляра:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар.
Аяна:
Күн мен айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйемін,
Сәлем берем иіліп
Амина:
Собирайся, народ, не стой,
Танцуй и песни пой!
Становитесь – ка все вы в круг,
Веселитесь, играйте вокруг.
Саида:
Наурыз, наурыз
Нас встречает пеньем птиц,
Свежим запахом цветов,
Яркой зеленью лугов.
Наурыз к нам пришел
И мороз от нас ушел.
1-жүргізуші: «Қазақтың тыйым сөзі-тәрбие көзі» дейді қазақ.
П. Дильназ: Бас киіммен ойнама.
Ақты төкпе.
Малды теппе.
Бүйіріңді таянба.
Кешқұрым ұйықтама,
Айға қолыңды шошайтпа
Нанды баспа
Табаныңды тартпа
Жайдан жай уһілеме
Асқар: Уа ағайын, асан ата немерелі болыпты. Асан атаның аулына шілдеханаға барайық. (Бесікке бөлеу рәсімі көрсетіледі).
Саида: Бесік – қасиетті,киелі,құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, «Тыштырма» жасап алады да, баланы бесікке салады.
Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салып тербете отырып:
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем
Жылама, бөпем,жылама,
Жәләк шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін
Қыздар әжелер болып киініп ортаға шашу шашады.
Димаш: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Нұрдәулет: Өнерлерің өр болсын,
Көре алмаған бағыңды
Сындыра алмай сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Мұқағали: Жарылқа, Аллаһ, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Қызыр қарап бақ қонып,
Жақсылық үшін қызмет ет!
Әумин
Асқар: Наурызым-бабамның сөзі,
Наурызым-анамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі
Амина: Берген баталарыңыз періштелердің құлағына шалынып қабыл болсын!
|