Воскресенье, 22.12.2024, 10:33
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 23 » Батырлар жыры “Алпамыс батыр» (9-сынып)
15:24
Батырлар жыры “Алпамыс батыр» (9-сынып)

Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Султанмахмудова Қарлығаш Султанмахмудқызы

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры “Алпамыс батыр» (9-сынып)
Сабақтың мақсаты:
a) білімділік – батырлар жыры жөнінде мәлімет бере отырып, “Алпамыс батыр” жырының мазмұндық құрылымын ашу,жырдың идеялық мазмұнын түсіндіру..
ә) дамытушылық – түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,жырды оқу арқылы дүниетанымын кеңейту.
 б) тәрбиелік – жырды сүйіп оқуға, елін,жерін сүюге, адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, «Қазақ әдебиеті оқушы анықтамалығы”  Арман ПВ 2005ж

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
 а) Оқушылармен сәлемдесу  ә) Оқушыларды түгендеу
 б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  II. Үй тапсырмасын сұрау
“Миф”  жайлы не білеміз? Ойдан құрастырып келген әңгімелерді оқыту.
   III. Үй тапсырмасын бекіту
1. Асан Қайғының халыққа қолайлы жерұйықты іздегендегі мақсаты қандай?
2. Жиренше мен Қарашаш қай ханның тұсында өмір сүрген?

     IV. Жаңа сабақ
Халық ауыз әдебиетінде  батырлар жыры өте қызықты да тартымды оқылады.Оқушылар әр жырдан өзгешелікті,ерекшелікті  өздері аңғарады.
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырында тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Батырлар елін сүйген, ата мекенін, халқын, оның ар намысын қорғау, елдігін сақтау үшін, ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған. Батырлық  дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер ерлігіне осы қасиеттер негіз болған. Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, Алтынорда дәуірлерінде болған т арихи адамдар тура?
 ?ы соған қарағанда олар XIV, XV – XVI ғасырларда жасалған сияқты. “Алпамыс батыр ” жырының оқиғасы ерте дәуірде туған. Халық түсінігінің, салт-санасының ертеректегі кезінен хабар беретін Байбөрі мен Сарыбайдың достығы   жас күндегі ( бала іште жатқанда келісетін құдалық түрі ) араздасып айырыла көшу. Алпамыстың Гүлбаршынды іздеуі – қазақтың көптеген ертегілері мен дастандарында жиі кездесетін оқиғалар.
М. Әуезов осы жыр жөнінде: “Алпамыс батыр  әңгімесі бұл жағынан қарағанда қазақ елінің ескілігі болады. Бұл берірек келген заманның туындысы. Алпамыс әңгімесіне келгенде ғана біз елдің салт-санасын көргендей боламыз. Бүгінгі қазаққа таныс, жақын болған әдет-ғұрыпты көреміз. Екі байдың достығы, достық  үстіндегі , той көкпары, жылқышы суреті, бәйгеге ат қосу, қайын ата мен қайын енені қадірлеу, барлығы да қазақ иісін білдіреді. Алпамыс әңгімесінің бұрынғы аңгімелерден бөлек бағасы осы жерінде”
                                                                                           ( М. Әуезов. “Әдебиет тарихы” 1991,105-бет )
Ердің бағын  ашпаса ,
Ер  мұратқа  жетер ме?
Ерінің сағын  сындырса,
Ел  мұратқа  жетер ме?- депӘйтеке би  айтқандай , елін, жерін жаудан қорғап, еліне  бостандық , бірлік  сыйлаған  батырлардың  бірі –Алпамыс.
 Алпамыс сөзіне ассоциация құру
нәзік жүректі жан, батыр, арлы, аңғал, айлалы
Оқушылардан өз таңдаулары  бойынша ең түйінді сөздерді табу:
Батырлық
Арлылық
Аңғалдық
Өнерпаздық
Мейірімділік
Жырдағы кейіпкерлерге қарама-қарсы  сипаттама:
                               Дос                                               Жау
Гүлбаршын Мыстан кемпір
Қаракөзайым Таймас
Кейқуат Тайшық хан
Қараман
Байшұбар

Жақсылық Жамандық
Қайырымды Қайырымсыз
Шыншыл Алдампаз

Дыбыстар сөйлейді:
А-айлалы
Л-лапылдаған  
П- патриот
А- арлы
М –махаббатқа берік
Ы – ынталы
С -саналы
Осыдан Алпамыс қандай  батыр  екендігі көрініп , бейнесі  ашылып  тұр.
 1.Алпамыс  батыр  жырында  үй шаруашылығында  қолданылатын жабдықтардың атауы жай, отау , белбеу, босаға , бақан, үзік, кереге, ылашық, алаша , ошақ .
2.Киім- кешекке,  әйел- қыздардың безену заттарына, ою- өрнекке байланысты  сөздер.
3. Бас киім атаулары,Кимешек,  малақай, телпек, тақия, жыға,  сәукеле, сәлле, шаршы.
 V. Электронды оқулықпен жұмыс .
Оқушыларға батырлар жырының үздік туындысы – “Алпамыс батыр” жырын тыңдату .(үзінді)
 VII. Кейіпкерлерге талдау
Кейіпкерлер                                    Мінездеме ( бейнесі )
Алпамыс
Гүлбаршын
Сарыбай

 VIII. “Менің сүйікті кейіпкерім”  тақырыбында эссе жазу.
 IX. Мәтінмен жұмыс
1. Оқушылар мәтінді оқып, оған сұрақтар дайындайды.
2. Сұрақтарды алтын сандыққа салып, бір-біріне қойып жауаптарын алады.
3. Сөздікпен жұмыс.
 X. Жаңа сабақты бекіту
1. Екі байдың құдалығының бұзылу себебі неде?
2. Алпамыс қалай өседі? Өсу жағын әңгімелеңдер?
3.Жырдағы литота мен гипербола,эпитет пен теңеудің ережесін оқушыларға түсіндіру.
 XI. Бағалау
XII. Үйге тапсырма: «Алпамыс батыр»жырын мазмұнын
түсініп оқу,ұнаған үзіндіні жаттау,ауызша түсінік айту.

Просмотров: 9387 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика