Четверг, 21.11.2024, 19:25
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Апрель » 29 » ІЗДЕНІС – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ НЕГІЗІ
10:36
ІЗДЕНІС – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шаулиева Сапаргүл Тұрлыбекқызы
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледж директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

  ІЗДЕНІС – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ НЕГІЗІ
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда Республикамыздың балғын азаматтарының білім алуы мемлекет дамуындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Білім сапасы – қоғамның ұлттық сана-сезімнің даму көрсеткіші екені даусыз. Білімге «білімділік» дүниетанымдық және дамушылық тұрғыдан қарауға көшу қажеттігі туады. Яғни білім сапасын басқару үрдісін актуалдандыру және одан әрі жетілдіру деген сөз.
Білім сапасын көтеру үшін не қажет? – деген сұрақ көлемінде ойланып көрсек.
– Педкадрлардың саналылығы;
– Материалдық-техникалық, дидактикалық база, кітапханалық қордың болуы;
– Студенттер мен педагогтардың денсаулық жағдайы;
– Оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейі;
– Ұжымның психологиялық атмосферасы;
– Орта;
– Бұхаралық ақпарат құралдары;
– Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім деңгейімен олардың байланысы.
Қазіргі таңда адамның өмір бойы білім алуы, яғни білімнің жаңа тұжырымдамасы жайында жан-жақты айтылып жүр. Оған тән мәнді сипаттар: икемділік, әртүрлілік, уақыт пен кеңістіктің қолайлығы. Мұндай білім адамдық тұлғаның, оның білімі мен дағдысының үздіксіз дамуының үрдісіне айналуы қажет. Ол адамның өзін-өзі және қоршаған ортаны түсінуін қамтамасыз етуі, оның мектепте, оқу орындарында және қоғам өміріндегі әлеуметтік рөлін орындауға ықпал етуі керек.
Егер жас маман өз бетімен білім алуға, жұмыс істеуге және комфортты жағдайда өмір сүруге үйренсе, онда біз оны саналы білім алды деп нақты айта аламыз.
Егер оқушыларды яғни жас мамандарды қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, халық педагогикасының тағлымдары арқылы тәрбиелеу нақты жолға қойылса, мектептерде, оқу орындарында білім сапасын көтерудегі біздің жұмысымыздың тиімділігі артатыны сөзсіз. Осыны түсінген басшылар басқару әрекетін қайта құруда, ал ұстаздар жастардың бойында халықтық ұлттық – мәдени дәстүрлерін терең зерттеу негізінде жаңарту жолдарын іздестіруде.
Негізгі мақсат – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған ой-өрісі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу, дайындау. Бұл жұмысты нақтылаудағы негізгі міндет – болашық маман, студенттердің кәсіптік, коммуникативтік, педагогикалық шығармашылығын, педагогикалық қызметке сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру болып табылады.
Болашық маман студентке қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғындырып, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамның ғылыми-техникалық прогресс, оқытудың жаңа типтік технологиясы, білім берудің жаңа үлгісі, мектептегі білімді реформалау сияқты жаңа қатынастарды жадына сақтауға бейімдеу керек.
Демек, қоғамның дамып өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновациялық үрдістің жаңа құбылыс ерекшеліктерін меңгеруде, қоғамымыздың ізгілендіру мұғалімдерге, олардың кәсіптік саналарына, білімділігі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігі, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білі?
 ?ді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.
Болашық және қазіргі заман мұғалімдері қоғам дамуының деңгейінен қалыспай отыратын, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, ғылымға, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен, педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы керек.
Студенттердің педагогикалық қызметке деген ынта-жігерін, қызығушылығын, бейімділігін анықтап алғаннан кейін оған әрі қарай қандай жұмыстар, әдіс-тәсілдер, оқыту формаларының тиімді жолдарын қолдау керектігін анықтап алуға болады.
Кәсіби педагогикалық бағдар беру жұмысының маңызды факторы – оқу процесі, яғни барлық оқу пәндері болып табылады. Өйткені, студенттердің білімге, нақты бір ғылымға, кәсіби бағдар алуына, кәсіптік нақтылануына, кәсіптік қызығуына сабақ бірден-бір себеп болмақ. Әрбір оқытушы өз пәнін студенттерге жетек, нақты мазмұнды, бар ынтасымен беру арқылы өзінің тыңдаушы болашық педагог шәкірттерін педагогикалық мамандыққа баулуға өз үлесін қоса алады.
А.Байтұрсынов «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа.
Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан-дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады», - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.
Біздің басты мақсатымыз – жаңа заман үрдісіне сәйкес, экономикалық әлеуметімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, ұлттық әрі психологиялық ерекшеліктерді тік тұрғызатын маман тәрбиелеу. Ал ол маманды даярлайтын мұғалім. Мұғалім, яғни ұжым – мектептің жүрегі. Мұғалімдерді «адам жанының хирургі» деп бекер айтпаса керек.
Педагогика саласында «біліктілік» термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады. Н.Кузьмина «Кәсіби біліктілік – іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби біліктілік – бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа әдіс-құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгеру дәрежесімен сараланатын, іс-әрекеттің субьектісіне, нақты мамандық өкіліне сапалы мінездемемен баға беру» де
 п атап көрсетті.
Біздің ойымызша, мұғалімнің «кәсіби біліктілігі» оның оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу ісінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып, педагогикалық іс-тәжірибесін жоғары деңгейде жүзеге асыратын еңбегі болып табылады.
Кәсіби білім алудағы біліктілік пен шеберлік, ең алдымен, адамзаттық қоғамдағы ерікті жеке тұлғаның қалыптасуы мен нарықтық экономика жағдайындағы жеке тұлғаның қалыптасуы уақыт талаптарына, ондағы туындап жататын мәселелерге деген ерекше жауапкершілік болып табылады.
Болашық және қазіргі заман мұғалімдері қоғам дамуының деңгейінен қалыспай отыратын, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін ғылымға жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын және ата-аналармен, ұжыммен, педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы керек.
Педагогикалық мамандыққа жастарды баулу мәселесі жаңалық емес, бұл біздің педагог-классиктеріміз Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, К.Д.Ушинский еңбектерінде де атап көрсетілген. Олардың пікірше, педагогикалық оқу орындарына, яғни мұғалім даярлайтын факультеттерге мұғалімдік мамандыққа қабілеті бар, бала жанын сүйе білетін адамдарды қабылдау керек деген. Бұл мәселе жөнінде Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында Н.К.Крупская мен А.В.Луначарский былай деп жазды: «Мұғалім шығару үшін не керек? Екі нәрсе: 1) біздің педагогикалық училищелер мен ?
 ?нституттарға өз еркімен келуі; 2) келген адамдар балаларын білмегендіктен емес, нағыз алдыңғы қатарлы, күрескер, мұғалім дәрежесін жоғары деңгейде ұстай білетін жастар келу керек» [4-бет].
Өмір тәжірибесі зерттеулердің көптігіне қарамастан, жастарымызды педагогикалық мамандыққа баулуда көптеген мәселелер қамтылмай қалғандығын, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік жақтарына аса назар аударылмағандығын көрсетіп отыр. Сондықтан педагогикалық оқу орындарындағы болашық мұғалімдерді кәсіптік тұрғыдан даярлау мәселесі бүгінгі күні осы оқу орындарындағы мұғалім даярлайтын оқытушы қауымының үлесіне тиелетін жүк. Оларды колледж бен институт қабырғасында жүргенде мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын, оның келешектегі р
 өлін, қоғамдағы мұғалімдік мамандықтың маңызын, мұғалімдік мамандықтың қоғам жасаушы жастарды оқытып, тәрбиелеудегі негізгі тұлға екендігін саналарына күнделікті теориялық, практикалық және семинар сабақтарында, жеке пән әдістемелерінде болсын, оларды осы мамандықтың барлық ерекшелігін толық меңгеруге бағыттау керек.
Студенттерді кәсіптік мамандығына, яғни мұғалімдік мамандыққа баулуды әрбір оқытушы өз пәнінің бағдарламасына, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығына қарай, жеке өзінің тәжірибесіне сүйене отырып ұйымдастыра алады. [22-бет]
Қазіргі мектептер педагогикалық жаңалықтарды өз тәжірибелеріне дендеп енгізуде. Сондықтан болашық мұғалімдерге колледж, университет қабырғасында жаңа педагогикалық-инновациялық технологияларды меңгерудің жолдарын үйрену өте пайдалы болмақ;
– жаңа педагогикалық технологияны оқып-үйрену – болашақ мұғалімдердің шығармашылық ойлауын дамытудың ең тиімді факторы;
– бұл студенттердің болашақта өзінің кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;
– жаңа технологиямен танысу, студенттердің болашақта өз бағыт-бағдарын анықтап, өзіндік пікір қалыптастыруға, өзінің іс-тәжірибесін, өзіндік технологиясының қалыптасуына көмектеседі.
– оқытудың жаңа технологиясын үйрену арқылы студенттердің ұстаздық мамандыққа деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.
«Педагогикалық технология дегеніміз – В.П.Беспальконың анықтамасы бойынша, тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана».
В.П.Лихачев педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай тұрғызу.
В.М.Шепель «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі», – десе, М.Шошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі», - деп анықтама береді.
Жоғарыда аталған авторлар педагогикалық технологияның біршама әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Осыларды ескере отырып, мұғалім өзінің лекциясында, семинар сабақтарында педагогикалық технологияның жобасын жасаудың кезеңдеріне тоқталып, студенттердің болашақтағы ізденісіне, шығармашылық қызметіне жол ашады, бағыт-бағдар сілтейді.
Педагогикалық инноватика ұғымына да осы сияқты терең талдау жасалынып, оның оқу-тәрбие жүйесіне үлкен өзгеріс әкелетініне, оқыту әдістерін түбірімен өзгертуге әсер ететініне студенттердің назары аударылады. Олар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелігіне шығармашылықпен жұмыс жүргізгенде, жаңа технологияларды жүзеге асырғанды ғана қол жеткізуге болатынын пайымдайды, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнен кәсіптік шеберлікті, ізденісті арнайы даярлықты және сауаттылықты талап етеді деген қорытындыға келеді.
Оқу-тәрбие жұмысының бір тармағы – практика. Практика оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу-өндірістік практиканың мақсаты – теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруды қалыптастыру, таңдаған мамандығының іс-қағаздары мен сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеру.
Өркениетті елдердің экономикасы мен мәдениетінің жоғары дәрежеде дамуының өзі қоғамның басты күші адамға, оның білімі мен дағдысына, шеберлігіне байланысты. Ал білім беру мектептен басталатыны баршаға белгілі.
Білімнің негізі бастауыштан басталатынын ескерсек, білімнің берік негізін қалау бастауыш сынып мұғалімінің қолында екені айтпаса да түсінікті. Колледждер мен жоғары оқу орындарында болашық бастауыш сынып мұғаліміне берілетін теориялық білімді іс-тәжірибемен ұштастырудың маңызы зор. Іс-тәжірибеден өту мектептерге педагогикалық практикаға барудан басталады. Колледждегі оқу-өндірістік практикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, типтік оқу жоспарына, оқу үрдісінің графигіне сәйкес жоспарланып, ұйымдастырылады.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының талаптарына сай колледждің ұстаздары мен студенттері мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста бола отырып, мынадай мақсаттар мен міндеттерді ұстанады.
1. Мектептегі оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2. Студенттердің теориялық білімдерін тереңдету мен бекіту;
3. Студенттерді жаңа білім беру стандарттарын білуге, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландыру;
4. Заман талаптарына сай жаңа оқыту технологияларын меңгерту.
Практиканың түрлері бойынша студенттеріміз негізінен қаладағы Б.Момышұлы атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында, Абай, Тұран, А.Байтұрсынов, Ш.Уалиханов, Ю.Гагарин атындағы орта мектептерінде іс-тәжірибеден өтеді. Кәсіби мамандар даярлауда жоғарыда аталған мектеп әкімшілігі мен ұстаздарының көрсетер көмегі мол.
Студенттерге алдын ала практикалық іс-тәжірибеден өту кезінде атқарылатын жұмыстар жөнінде нұсқаулар, қалай жұмыс жүргізу жөнінде бағыт-бағдар беріледі. Әр пәннің оқытылу әдістемесінен сабақ өтетін мұғалімдер сабақ барысында, педагогикалық іс-тәжірибені өткізу жөніндегі оқу-өндірістік практика бөлімінің жетекшісі ұйымдастыру конференциялары кезінде жан-жақты түсіндіріп тапсырмалар береді. Іс-тәжірибеден өту барысында әдіскер ретінде бөлінген пән мұғалімдері студенттерді қатыстырады, бақылау жасайды.
Мұғалімдері мен әдіскерлердің ескерту-ұсыныстарынан тиісті қорытынды шығарып, кемшіліктерін келесі сабақта түзетуге ұмтылады. Барлық студенттер дерлік сабақты стандартты емес сабақ түрлерін пайдаланып, оқушылардың ынтасын, қызығушылығын, жауапкершілігін арттырудың жолдарын іздестіріп отырады. Сабақ жүргізу барысында олар жауапкершілікпен жұмыс істеп, күнделікті сабақты түрлі әдістемелік шеберлікпен өткізе біледі. Әр сабағын түрлендіріп, қажетті дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар тағы да басқа қажетті құралдар ме?
 ? әдіс-тәсілдерді таңдай біледі.
Іс-тәжірибеден өту барысында студенттер бастауыш сыныпта жүргізілетін барлық пәндерден сабақ береді. Сонымен қатар, математика, қазақ тілі дәптерлерін тексеру, оқушылармен жеке жұмыс жүргізу, тәртібін қадағалау, мектепішілік іс-шараларға қатысу т.б. жұмыстар да студенттер назарынан тыс қалмайды.
Әдіскер ретінде тағайындалған колледж мұғалімдері іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің сабақтарына, өзге де іс-шараларына қатысып, тиісті көмектерін беріп отырады.
Жалпы педагогикалық тәжірибе кезінде студенттер өз іс-әрекетіне талдау дағдысын қалыптастырады, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктерінің себеп-салдарын айқындайды, педагогикалық үрдісті оңтайландырудың қолайлы варианттарын анықтайды. Қысқаша айтқанда, әдебиеттермен жұмыс істеуге жаңаша көзқарас пайда болады. Себебі, пән бойынша жұмыс жүргізу барысында кездесетін түрлі жағдайлардан шығу үшін технологиялық-педагогикалық, теориялық, түрлі әдістемелік әдебиеттерді оқуға тура келеді. Мұның өзі студенттердің дидактикалық әрі әд?
 ?стемелік даярлықтарының бастауы десе де болады.
Қорыта айтқанда, мұғалім даярлау жан-жақты өзара бірлескен еңбектерді, мұқият талдау мен тұжырымдамаларды талап ететін күрделі мәселе. Сондай жүйелі жұмыстың нәтижесінде ғана әрбір студент тәжірибеден кейін жақсы мұғалім болу үшін, біріншіден, теориялық білімнің қажет екенін, әрбір сабаққа тиянақты дайындық керек екенін, екіншіден, алған білімімен қосымша материалдарды шығармашылықпен яғни ізденіспен игеріп, ұстаз қиялының мол болу керек екенін, үшіншіден, оқушыға білім мен тәрбие беру үшін оларға сүйкімді де сүйікті бола білу, я?
 ?ни оқушымен жеткілікті дәрежеде тіл табыса білу керек екенін, төртіншіден, мектепте істейтін іс-әрекетін жүйелі жоспармен жүруі керек екенін түсінеді.

Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халық пен қоғамның тағдыры – оқытушы еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Әр оқу орнының оқытушысы өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білу үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне білуі басты шарт. Себебі, біз саналы білім беру ғасырында өмір сүріп жатырмыз.

Просмотров: 4333 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика