Воскресенье, 22.12.2024, 05:12
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Июнь » 4 » Математикалық сайыс
13:03
Математикалық сайыс

Алматы облысы
Ескелді ауданы
МДШО Қаратал орта мектебі
Математика пәні мұғалімі Қызылбаева Алия Шакарбековна
Математикалық сайыс
5-6 сыныптар
Мақсаты:
1. математикалық жұмбақты, қызықты, тартымды әлемімен таныстыру
2. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру
Сабақ барысы.
1. Кіріспе (жүргізушінің сөздері)
Жүргізуші: Балалар! Бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды Әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін әр топ жалауша алады. Ол жалаушылар екі конвертке салынады, жалаушалардың саны арқылы ойын соңында жеңімпаздар анықталады. Ол ойынды бағалайтын әділқазылар:...
1 сайысты таныстырумен бастайық.
Жүргізуші: Сендер, әрине бүгін не нәрсемен айналысатындарынды білгілерің келеді ғой? Олай болса, мына құпия «есіктерді» ашайық. Ол үшін мына жұмбақ сөздердерді оқу керек. Бұл ребустар: 100 гіш, 5 ік.
Әр топтың өз есігі бар. Қай топ сөзді дұрыс оқыса, сол топ «есіпті» ашып, келесі беттегі сөздерді оқиды, ол сөздер бүгін біздің не істейтіндігімізді айтады.
- Қане, бәріміз бірге бүгін не істегенімді айтайық;
- Есептеу, шешу, ойлау!
Шешуді біз бастап та кеттік, енді өлеңмен берілген есепті шығарыңдар. Мұқият тындаңдар.
Дайындық жұмыс:
1. Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қой мен бір түскі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)
2. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой (15).
Жүргізуші: - Ал қазір бұдан да қиынырақ есепті шығарасыңдар. Әуелі мына сұрақтарға жауап беріңдер:
- Сіздер қазақтың «Қыз қуу» ойынын білесіңдер ме?
- «Қыз қуу» ойыны қалай ойналады?
Олай болса, мына есепті шығарайық.
«Қыз қуу» ойынына 12 жұп қатысты. Ат құлағында ойнайтын қыздар мен жігіттер қандай Әсем киінген, шіркін-ай! Ойын аяқталғанда жеңілген қыздардың саны ойынға қатысқан қыздардың санынан аз екендігі белгілі болды. Ойында қанша ер бала, қанша қыз бала жеңіске жеткен? /4 қыз, 8 ұл/
Санап көріңдер!
Мына сызбаларда қанша үшбұраштар бар, жазып шығындар.

М А С

Е

Д О Н
В К

Жанкүйерлерге жұмбақ.
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарандаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? (6)

Есеп.
Бөлменің төрт қабырғасының әрқайсысында 2 орындық тұратындай етіп, 5 орындықты қалай орналастыруға болады? (Әр топқа алдын-ала плакатқа тік төртбұрыш сызылып беріледі (Бұл бөлменің сызбасы).

Ойын.
Тақтаға екі бірдей кесте ілінеді, оларда 110-нан бастап 300-ге дейінгі дөңгелек сандар орналасқан. Осылайша, кестеде белгілі бір ретсіз 110, 120, 130 .... 300 сандары орналасқан. Әр топтан бір-бір ойыншы шығып, қолдарына көрсеткіш таяқша алып, кестенің алдында сыныпқа қарап тұрып, сандарды ретімен дауыстап атайды: 110, 120 ... т.б. Олар әуелі 110 тауып көрсетіп, әрі қарай 120-ны т.б. 300-ге бірінші жеткен оқушы жеңеді.

Ойын «Жаңылмаймын»
Жүргізуші ойыншылардың бірін шақырып, мынадай сұрақ береді:
- Нешеге дейін санай аласың? (ойыншы, әрине, сасып қалады, жауап беруге
кідіреді).
Жүргізуші оған көмекке келеді:
- Қане, батырақ. Жүзге дейін? Мынға дейін? Типті миллионға дейін? Жақсы.
Ендеше біз сенен дауыстап санауынды сұраймыз. Миллионға дейін емес, әрине, қорықпа, 30-ға дейін санай аласың ба?
- Санаймын! – деп оқушы жауап береді
- Ал ендеше, баста, бірақ бір шарты бар: «3 саның және 3-ке» бөлінетін
сандарды сен айпауың керек (6, 9, 12 ...). Сонымен қатар құрамында «3» бар (13, 23 ...) сандарды да айтпайсың, оның орнына «жаңылмаймын» деп айтуын керек. Мысалы: 1, 2 «жанылмаймын», 4; 5 жанылмаймын. Түсініктіме? Баста. Қателеспей 30-ға дейін санап шығарындар.

Сайыс
Математикалық терминдерді қай топ көп атайды.
«Алғырлар тобы» «Тапқырлар тобы»
А – абцисса Б - бұрыш
Д – диаметр С – симметрия
Г – градус Ж – жазықтық
К – координата М – модуль
Н – нақты сандар П – периметр
Ойланып көр (қиын есептер)
1) а + 9 өрнегінің мәні а-ның қандай мәндерінде бүтін сан болады? (-3; -5; -7; -9)
а + 6
Әр топ өз еркінше шешімін табады.
2) 99²º және 9999¹º сандарының қайсысы көп, себебін түсіндер.
3) Жүз санның нөлсіз жазу керек (99 + 8/8)

Гаусс есебі: Мұғалім оқушыларға мынадай есеп берді: «1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындасын табу керек». Мұғалім бұл есепке көп уақыт кетеді деп, өзі басқа жұмыспен айналасты. Бірақ, Гаусс деген бала есепті демде шығарды. Қалай ойлайсындар, ол қалай есепті тез шығарды?
1 + 2 + 3 + ... + 100 = 1+100 + 2+99 + 3+98 + ... 50+51 = 101х50 = 5050
Мақал-мәтелдер сайысы (Кім көп біледі?)

Қорытынды: Бүгінгі сайыста әр оқушы қатысқан математикадан өз білімін көрсетті, белсенді қатысты. Екі топта жаман ойнаған жоқ. Бірақ сайыс болғандықтан женген және женілген болады. Сондықтан Әділ қазылар қандай шешімге иелгенің тындайық. Әр топты марапаттау

Қолданылған әдебиет:

1. Воспитательные аспекты обучения. Б.Т. Лихачев, Москва 1982

2. Нет предела совершенству. Гнатюк, Москва, 1989

3. Творческая педагогика № 3, 2007 г.

4. Газета «Білім шапағаты» № 5, 2010

5. О воспитании. Сухомлинский В.А., Москва, 1989

6. «Методы обучения в современной общеобразовательной школе».
Ю.К. Бабанский, Москва, 1985
7. Журнал «Педагогикалық кеңес», 2008, № 5

8. Газета «Ізгілік», 2009, № 4

Просмотров: 2323 | Добавил: Bahitgul | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика