Воскресенье, 22.12.2024, 06:32
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Июнь » 17 » 9 сынып. Физика сабағы. Электромагниттік толқындар.
13:18
9 сынып. Физика сабағы. Электромагниттік толқындар.

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылы
«МДШО Қаратал орта мектебі»
Физика пәнінің мұғалімі
Сейдалы Бакытгуль Кожахановна
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Электромагниттік толқындар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Максвеллдің электромагниттік өріс теориясымен, электромагниттік өріс және толқын деген ұғымдармен таныстыру, электромагниттік және механикалық толқындардың ұқсастықтары мен өзгешеліктері туралы білім қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасай отырып сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, слайдтар, карточкалар, стенд
Сабақтың типі: жаңа сабақ өту
Қолданған технология: топтап оқыту әдісі
Стратегиялар: «Көңіл-күй барометрі», «Артық элемент», «Шашық сөйлем», «Светофор», «Тілектер ағашы», «Кері байланыс».
Пәнаралық байланыс: информатика, математика
Сабақ барысы:
I. Ұйыдастыру кезеңі. «Көңіл-күй барометрі»
Оқушыларды топтарға бөлу. «Молекулалар» ойыны
II. Жаңа сабаққа көпір.
1. «Артық элемент» /слайд №2/
Берілген сөздер жолында артық элементті тауып, себебін түсіндіру.
- Жиілік, кернеулік, ұзындық, жылдамдық
- Томсон, Ньютон, Фарадей, Генри
- Микрофон, осцилограф, камертон, амперметр.
2. «Шашық сөйлем» /слайд №3/
Тербелістердің серпімді ортада таралу процесін механикалық толқын дейді.
3. «Көпір» / слайд №4/
Әр топ 3 сұрақтан тұратын карточка алады да, жауаптарын презентациялайды.
I топ
1. Электр өрісінің пайда болу себебі?
2. Магнит өрісінің пайда болу себебі?
3. Механикалық толқындардың жылдамдығының жиілік арқылы формуласы?

II топ
4. Механикалық толқындардың қандай түрлері болады?
5. Механикалық толқындар зат тасымалдай ма?
6. Механикалық толқындардың жылдамдығының период арқылы формуласы?
III топ
7. Механикалық толқындар энергия тасымалдай ма?
8. Механикалық толқын деген не?
Механикалық толқындардың жылдамдығының жиілік арқылы формуласы?
9. Период пен жиіліктің байланысы қандай?
«Светофор» арқылы өткен материалды меңгеру деңгейін анықтау.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
/ Слайд №5, №6/
Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы:
- Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады;
- Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.
Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістерінің ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді.
Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын дейді. /слайд №7, №8/
Электромагниттік толқындар шкаласымен танысу. /Қабырғадағы стенд/
Электромагниттік және механикалық толқындардың ұқсастықтары да, өзгешеліктері бар. /слайд №9/
Электромагниттік толқындар Механикалық толқындар
Әр түрлі ортада, вакуумда тарайды Заттардың бөлшектері қатысатын ортада тарайды /қатты денеде, сұйықта, газда/
Электромагниттік өрістің Е және В векторлары тербеледі Заттың бөлшектері тербеледі
Тек көлденең Көлденең және бойлық
Зат тасымалдамайды, энергия тасымалдайды Зат тасымалдамайды, энергия тасымалдайды
Вакуумдағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы: с=3× м/с-
Бүкіләлемдік іргелі тұрақты. /слайд № 10/
Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады:

υ = /слайд № 11/

Электромагниттік толқындардың ұзындығы, периоды, жылдамдығы, жиілігі арасындағы қатынастар өзгеріссіз қалады:
λ=cT= /слайд № 12/
Вакуумдағы толқын ұзындығы λ, ал заттағы шамасын деп белгілесек, мына өрнектерге келеміз:
= υT = /слайд № 12/

IV. Жаңа материалды пысықтау. Жалпы шығарылатын есептер.
1. Ұзындығы 1 см толқын ультракүлгін болуы мүмкін ба?
2. Ас тұздан өткен сары түсті сәуленің ұзындығы нешеге тең?
3. Радиотолқынның ұзындығы 15 м болса, жиілігі нешеге тең?

V. Жаңа материалды меңгеруін тексеру. Деңгейлеу тапсырмалар орындау. Әр топқа 3 есептен құрылған карточка ұсынылады.
I топ
1. Ұзындығы 5 см электрмагниттік толқынның түрі қандай болады?
2. Судан өткен күлгін сәуленің толқын ұзындығын анықтаңдар.
3. Радиотолқынның ұзындығы 30 м, оның ауадағы таралу жылдамдығы
3× м/с. Толқын көзінің жиілігі неге тең?
II топ
1. Ақ жарық сәулесінің ұзындығы 1 м болуы мүмкін ба?
2. Ауыр шыныдан өткен жасыл түсті суленің ұзындығын анықтаңдар.
3. Тербеліс жиілігі 1 МГц электрмагниттік толқынның ұзындығы қандай болады? Толқынның таралу жылдамдығы 3× м/с.
III топ
1. Ұзындығы 5 нм электромагниттік толқын қандай толқындарға жатады?
2.Ас тұздан өткізген көк түсті сәуленің ұзындығы қандай болады?
3. Ұзындығы 5 мкм инфрақызыл толқынның таралу жылдамдығы 3× м/с.
Толқын көзінің жиілігін анықтаңдар.
V. Топ ішінде бір-бірін бағалау. Әр топтан спикер шешімдерін жариялайды. Арнайы пікірлер болса, тыңдалады. Мұғалімнің бағалауы.
VI. Рефлексия. «Кері байланыс» карточкаларды ұсыну.
VII. Үй тапсырмасы: § 36, сұрақтар, 29 жаттығу

 Ссылка на материал: 

Просмотров: 8335 | Добавил: Bahitgul | Рейтинг: 3.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика