Воскресенье, 22.12.2024, 04:50
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Июль » 13 » внеклассное мероприятие на Наурыз "Қазақтың келіндері - ай!"
14:31
внеклассное мероприятие на Наурыз "Қазақтың келіндері - ай!"

СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Гаршин селосы «Гаршин орта мектебі»КММ
Караулова Айжан Мейрмановна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Рекреация мерекеге сай безендірілген. Киіз үйдің керегесі жайылып, ішіне оюлы сырмақ, сандық, күбі, дөңгелек үстел, құрақ көрпелер, тостағандар қойылған. Қабырғада наурызға арналған плакаттар мен түрлі- түсті қағазға жазылған «Қазақтың келіндері –ай!» жазуы ілінді.
Еденге үлкен гүлдер қойылған. Қазақ күйі ойнап тұр.
«Қазақтың келіндері –ай!» байқауына қатысушыларға арналған үстелдер жартылай дөңгеленіп тұр. Әр үстелге үміткердің аты оюлы қағазға жазылып қойылады. Үстел үстінде түрлі-түсті маталар, қайшы, ине, жіп, желім, қағаз, қалам бар.

1 жүргізуші:
Армысыздар, құрметті халайық! Бүгінгі Наурыз мерекесіне қош келіпсіздер! Біз қазақ деген халықпыз
Жақсылықтан жаралған.
Батыр халық, жау жүрек
Серік қылған найзасын
Ойламаған тек қана
Қарақан бастың пайдасын
Қадірін сөздің білетін
Құрметтеп айтып жүретін
Көңілі көпшіл мейірімді
Ел үшін өмір сүретін
Намысын елдің жоқтаған
Бір ауыз сөзге тоқтаған
Қасиеті тағы бар
Жері қандай кең болса
Пейілі де сондай кең
Дастарқанын жимаған
Көп жақсылық жинаған
Қарындасқа қайырымды
Сол халықтан туған біз.
2 жүргізуші:
Наурыз мейрамы – адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі, шаруашылық мейрамы. «Наурыз» - парсы сөзі. Қазақша « жаңа күн» деген сөз. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
1 жүргізуші:
Наурыз-жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, халықтардың ынтымақ күні, табиғат мейрамы. Адамдар бұлақтарды тазалайды, ағаштар отырғызады. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағының өтетініне сеніммен қарап, шуақты көктемге қуанады.
2 жүргізуші:
Наурыз күні адамдар сәнді киініп қыдырады, бірін – бірі құттықтайды, мерекелік дастарқан жаяды, бір –бірімен төс қағыстырып амандасадыАқсақалдар бата берсе, жастар бір - біріне сыйлықтар береді. Ақындардың орындауында өлі мен тірі айтысады. Ұлттық ойындар ойнап, ән салады, би билейді, ренжіскендер татуласады.
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
Әжелер Наурыз шашуын шашады.
1 жүргізуші:
Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған. Айна- пәктік пен тазалықтың белгісі болса, тарақ әсемдіктің белгісі болып саналған.
Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен.
Көрініс .
Женя: - Ассалаумағалейкүм! – деп Сабырға қолын береді.
Сабыр: - Уағалейкүмассалам!- деп жауап береді.
Женя: - Наурыз құтты болсын!
Сабыр: - Ұлыстың ұлы күні саған да құтты болсын!-деп төс қағыстырып құшақтасып амандасады. Қыздар да топталып шығады.
Альфия: - Құрбылар, наурыз құтты болсын!
Анар: - Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!
Анжела: - Ақ мол болсын!
Полина: - Қайда барса жол болсын!
Таня:- Наурыз құтты болсын!
Ұлдар: - Амансыздар ма, қыздар!
Альфия: - Аманбыз! Біздің сендерге жасаған «Ұйқы ашар» тағамымыз бар.
Ұлдар: - Рақмет. Біз де құр алақан емеспіз», - деп қыздарға сыйлықтар сыйлайды.
2 жүргізуші:
Наурыз» означает «рождение весны». Это наиболее важный и древний фестиваль восточных народов. Собственно говоря, это Новый Год согласно древнему восточному календарю. У него есть и другое , Улыс Куны («Первый день Нового Года») или Улыстын Улы Куны («Великий день народа»). Считается, что щедрое празднование праздника Наурыз принесет в дом изобилие.С приходом праздника казахи одеваются в праздничные одежды, ходят друг к другу в гости и обмениваются поздравлениями и пожеланиями благополучия в наступающем году . Наурыз коже - главное ритуальное блюдо праздника Наурыз Мейрамы. Наурыз-коже должен состоять из 7 ингредиентов, символизирующих 7 элементов жизни: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки, молоко. Эти ингредиенты символизируют радость, удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту.
1 жүргізуші:
БҰЛ КҮНІ:
Сапарға шықпайды;
Ешкіммен ренжіспейді;
Жаман, былапыт сөздер айтпайды;
Жаман қылықтар көрсетпейді.
Шаш, тырнақ алмайды.
Іс тікпейді, Кір жумайды.
2 жүргізуші:
БҰЛ КҮНІ:
Күн мен түн теңеледі.
Ренжіскен адамдар достасады.
Жақын туыстармен дәм алысады.
7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды.
Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.
1 жүргізуші:
Ал енді құрметті қонақтар! Бүгінгі «Қазақтың келіндері –ай!» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. Отбасын құру, ана болу, бала сүю-ұрпақ тәрбиесін жалғастырар шаңырақ берекесі- осы келіндерден, аналардан бастау алады. Қазақ халқы қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыйым», «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда», «Қызы бардың – назы бар», «Қыз –елдің көркі, гүл – жердің көркі» деп тегін айтпаған.
Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Олар Алма әже, Күлдірәш әже, Гүлжамал әже, Кенжетай Сүлейменқызы. Киіз үйдің төріне төрлетіңіздер!
Қошеметпен асыл жан, ару келіндерімізді ортаға шақырайық!
Келіндер өз орындарына келіп тұрады.
1 жүргізуші:
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Кезеңдер бағаланады.
Бірінші кезең – өзін таныстыру. 5 ұпай.
1 үміткер-Гүлжан:
Абайдың анасы – Ұлжан,
Осы ауылдың сүйікті келіні – Гүлжан деген мен боламын.
Қазақ халқында тойлар өте көп. Той болған соң шашу шашу ежелден келе жатқан салтымыз. Бұл қуанышпен бөлісудің бір жолы, көпке жұғысты болсын деген тілектен туған ырым.
Той шашуын шашайық, Наурыз тойын ашайық!
Наурыз тойы құтты болсын! Келесі наурызды аман-есен көретін болайық, ағайын! Ақ мол болсын! Береке-бақ қонсын! –деп шашу шашады.
2 үміткер-Әсем:
Әсемдікті сүйетін,
Әсем деген мен болам, - деп Наурыз көже алып шығып, оның құрамы, дәстүрі туралы қысқаша айтып әділ қазыларға ұсынады.
(Ұлыстың Ұлы күні дәстүрлі 7 түрлі тағамнан тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғым еті, айран, су, май, сүт, бидай (тары, күріш), тұз қосылады. Наурыз көжені тойып ішеді. Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын деп айтады екен ата-бабаларымыз.)
3 үміткер-Әйгерім:
«Әй, керім –ай!» - десе, дегендей.
Әйгерім –ерке келін мен болам.
Ата-баба салтымыздың бірі - аластау. Отқа табыну бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ертеде жаңа түскен келінге отқа май құйғызған. Үлкендер сол оттың жылуымен жастардың бойын аластап, жаңа отбасылық бақытты өмірге бата берген екен. Аластау пәле-жаладан, жаман нәрседен аулақ болуды көрсетеді. Тазару жолы, тіл-көзден, ауру-сырқаудан қорғайды.
Аластайды - шырақ алып «алас, алас, пәле жаладан қалас» деп айтып жүріп, түсіндіріп шығады.
4 үміткер-Әсел:
Менің атым –Әсел,
Әсер етем әсем.
Тостағандарды алып шығып «Ақ мол болсын!» - деп сүт құяды, толтырады – түсіндіреді. Қызыр баба 21-нен 22-сіне қараған түні жерге түсіп аралайды деген сенім бар. Әр үйдегі бар ыдыстарға құт- береке, молшылық дарытады екен.
5 үміткер-Дәмелі:
Мәптаған келін - Дәмелімін,
Осы шараға үлес қоссам деп дәмеленемін.
Ата-бабаларымыз нан мен ақты, сүттен жасалатын өнімдерді ерекше қадірлеген. Нанды баспа, ақты төкпе деген тыйым сөздер жұртқа белгілі. Бидай шашып, «Жылымыз тоқ болсын! Ұлыс оң болсын,
Қайда барса жол болсын! - деп тілегін айтады.
6 үміткер-Гүлия:
Көктем лебі еседі,
Наурыз келіп жетеді,
Қазақ деген халқым бар,
Ата-баба салтым бар.
Салт-дәстүрді көрсетуге
Жиналған халқым бар.
Гүлия келіндеріңіз келіп тұр,
Иіліп сәлем беріп тұр.
Наурыз күні бұлақтың көзін ашып, ағаштарға ақ құйған. «Бұлақ көрсең – көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөздер аталарымыздан қалған. Табиғатпен жаны егіз қазақ халқы деуге тұрады , - деп суды ыдыстан ыдысқа ағызып, бұлақтың көзін ашады.
2-кезең. Өз өнерін көрсету.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Барлығын таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
3-кезең. Блиц-турнир. Әр ойыншыға 3 сұрақтан қоямын. Жауап болмаса басқа ойыншы жауап беруіне жол ашық. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
1)Жеті қазынаны ата.(Ер жігіт,сұлу әйел, ақыл,білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
2) Жеті күнді ата.(бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, соңғы күн, азына
3)Қазақ халқының ас пісіретін бұйымы.(қазан)
4)Көктемнің алғашқы гүлі.(бәйшешек, жауқазын)
5) Жар-жар деген не? Ол қашан айтылады?
6)Дақыл.(арпа, бидай, қарақұмық, тары т.б.)
7)Биенің сүтінен жасалатын емдік сусын?.(қымыз)
8)Жаңа төлдеген малдың сүтінен әзірлеген тағам.(уыз)
9) Қонақ түрлерін ата.(арнайы, құдайы, қыдырма, қылғыма)
10) Не жетім? Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаушысы болмаса-сөз жетім.
11.Үш алыс.(кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
12.Үш арсыз.(ұйқы,тамақ,күлкі)
13.Сүттен жасалатын тағам?
14.Қойды бағатын адам?
15.Не тәтті?(ананың сүті)
Не жұмсақ?(ананың қолы)
16.Түйе сүті
17.Жеті ата.(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек, немене,туажат)
18.Байғазы деген не?
1 – жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Бірге: Жарқыраған жыл нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!

2-жүргізуші: «Төрден орын дайын,
Саған, Наурыз, дәйім.
Бейбіт, табыс жылы боп,
Келе берші лайым!»

1-жүргізуші: Өтер күндер, өтер жылдар, ғасырлар,
Естен кетпес ақтаңдақ жыл тасыры.
Бірлігіңді өмірім деп ұғыңдар,
Жаса, мәңгі қазағымның дәстүрі.

4-кезең. Ұлттық тағам әзірлеп, оның жасалу жолын түсіндіреді. (5 ұпаймен бағаланады).
Сүйкімді ұлымыз Ықыластың орындауындағы ән «Ақ босаға».
5-кезең. «Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ»,- дей отыра ою ою сайысына ат салысуға үндеймін. (5 ұпаймен бағаланады).
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Индираның орындауында ән «Қуанышым - қазынам». Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Би
6-кезең. «Мақал – сөздің мәйегі», Сіздер тостағаннан сөз алып, сол сөзге байланысты мақал айтуларыңыз керек. 1 ұпайдан бағаланады. (Отан; ата, ана, бала; ана, көңіл, бала, дала; келін, аяқ, қойшы таяқ; той, бас, бала, бал; әке, ұл, ана, қыз; ұя, ұшу, ілу). (Әр мақал 1 ұпаймен бағаланады).
Саусағынан бал тамған,
Сан түрлі бүгін күйші бар.
Бұрала басып билейтін,
Буынсыз сұлу биші бар.
Биші қыздарымыз қонақтарымызға арнап Шығыс биін билейді. Қарсы алайық!
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз айқан, келесі кезекті де Әнге береміз.
Би
7-кезең.
Халайық, құтты болсын Наурыз тойын,
Ашылған риялықпен достық қойын.
Салтымен ата–баба жарасымды,
Серпілсін тауқыметтен ғазиз бойың
Салт- дәстүрлер аукционы. Дорбадан нөмірленген асықтарды алады. Сол нөмірдегі ата-бабамыздың бала тәрбиесіне байланысты туған салт-дәстүрлерінің мағынасын ашып беру. (5 ұпаймен бағаланады).
1- жарысқазан
2- шілдехана
3- бесікке салу
4- қырқынан шығару
5- тұсау кесу
6- тілашар тойы
Би
Ән
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
Осымен біріміздің ауылдасымыз, біріміздің құрбымыз, біріміздің сырласымыз болған аяулы келіндерімізге ризашылығымызды айтамыз. Әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Марапаттау кезеңі.
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Ендеше, «Аталы ел, баталы ел», – демекші, келесі кезекті
«Наурыз батаға» берейік.
(Бата беріледі)
Жыл басы-Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаны оянды.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Қазақтың келіндері –ай!» атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Қатысушыларымызға алғысымызды білдіреміз! Қазір қонақтарымызды мерекелік дастарқанға шақырамыз. Наурыз құтты болсын!

Просмотров: 1816 | Добавил: АйКара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика