Суббота, 21.12.2024, 17:41
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Сентябрь » 22 » Қазақ тілі 5 сынып СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
21:57
Қазақ тілі 5 сынып СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Акмолинская область

Бурабайский район

Школа №6 города Щучинска

Пән: қазақ тілі
Мұғалім: Алдабергенова Анар Молдахметқызы
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың септік жалғаулары жалғану заңдылықтары туралы теориялық білімін практикалық жолдармен тексеру, мысалдар арқылы ойларын дәлелдеу.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып, оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздену, ойландыру,деңгейлеп оқыту әдісі.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезені:
(Сәлемдесу, кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірліктерін тексеру).
II. Психология тренингі.

ТАМАША! ЖАҚСЫ! ОРТАША!
«Бет суреттер».
- Балалар, тақтада адамның бетінің суреттерін көріп отырсыңдар. Әр оқушы өз көңіліне ұқсас суретті тауып, дәптерге сурет салындар.Содан кейін, сабақ соңында қандай көңілдер болатынын салыстырайық.
III. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сөздермен құрастырған сөйлемдерін оқиды.
IV.Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
-Балалар,білімімізді мына фигуралар арқылы бағалаймыз. Қызыл-өте жақсы,көк-жақсы,сары-орташа.
Мұғалімнің сөзі:
-Бүгін септіктерді қайталаймыз, әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуі тиіс.
-Балалалар, орыс тілінде неше септік бар? Ал қазақ тілінде неше септік бар?
Дұрыс. Қазір осы септіктер туралы ертегіні тыңдап көріңдер
-Ерте –ерте ертеде Септік деген атаның жеті ұлы болыпты.
Әр ұлының өз қызметі болған екен. Бір күні Септік халыққа мынадай жарлықтар (тапсырмалар) жіберіпті(ханның жарлықтарын дұрыс, шапшаң орындаған оқушыға ханның сыйлық бағасы бар екенін айтып кету).
1-жарлығы: Ұлдарымның атын атап, ретімен қойыңдар.1-слайд.
3. Барыс

2. Ілік 4. Табыс

Септік
5.Жатыс

1. Атау
6. Шығыс
7. Көмектес

2-жарлығы: Ұлдарымның қызметін табыңдар. (сұрақтары) Септік сұрақтары жазылған слайдты ашу.2-слайд.
А.с. Кім? Не?
І.с. Кімнің? Ненің?
Б.с. Кімге? Неге?
Т.с. Кімді? Нені?
Ж.с. Кімде? Неде?
Ш.с. Кімнен? Неден?
К.с. Кіммен? Немен?
3-жарлығы. Олардың мұраларын атаңдар, жалғауларын табыңдар.3-слайд.

Сұрақтары Жалғаулары
А.с. Кім? Не?

І.с. Кімнің? Ненің? -ның, - нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Б.с. Кімге? Неге? -ға, - ге, -қа, -ке
Т.с. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді,-ты, -ті
Ж.с. Кімде? Неде? -да, -де,-та, -те
Ш.с. Кімнен? Неден? -нан, -нен, -дан, -ден,-тан, -тен
К.с Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен
4-жарлығы: Дәптермен жұмыс.Топтық жұмыс.
Тақтада берілген сөздерді септеп, жалғауларының астын сызыңдар.

I – топ II - топ
қала көше
5.Қазір дәптерді ашып, дәптер, қалам деген сөздерді септеңдер. Екі оқушы тақтада қасында жұмыс істейді. (қосымша септік жалғаулары кестенің астында берілген.)4-слайд.
А.с. дәптер... , қалам... .
І.с. дәптер... , қалам... .
Б.с. дәптер... , қалам... .
Т.с. дәптер... , қалам... .
Ж.с. дәптер... , қалам... .
Ш.с. дәптер... , қалам... .
К.с. дәптер... , қалам... .
ге ның ді де нан да дің ден мен ға ды мен Оқушылардың жұмыстары тексеріледі.
6.Терме диктант жазу. Оқылған мәтінінен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз. Біздің қалада қабатты үйлер көп. Мен қаламды сүйемін. Қалаға автобуспен барамыз. Біздің қала әсем және таза!
7. Оқулықпен жұмыс. 5 тапсырма.
Деңгейлік тапсырмалар.
III – деңгей. Зат есім туралы ережені айтып бер. Мысалдар келтір.
II – деңгей. Көшелер, достық, қала, даңғылда сөздерін сөз құрамына талдаңдар.
I – «Менің қалам» тақырыбына диалог құрастыру.
8. Жұптық тапсырма.
Мұғалім. Қазақ тілінде жануарларға кім сұрағы емес, не деген сұрағы қойылатынын еске түсіріледі де, жұптық тапсырма беріледі.
Интерактивтік тақтада не және кім сұрақтарына жауап беретін суреттер берілген. Сұрақтар бойынша екі қатарға бөліп жазу.
КІМ? НЕ?

V. Бекіту.
Сабақты бекіту үшін мұғалім тақтада жазылып қойылған Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін мәнерлеп оқып, септік жалғаулары ме сұрақтарын қайталап өтеді.
Жеті септік
Жеті септік-жеті бала,
Жетеуінің атын ата.
Атау септік кім? не? десе,
Атың менен затыңды ата.
Кімнің? ненің? – деп анықтап,
Ілік септік іліп алар.
Кімге? неге? қайда? барсаң,
Барыс септік біліп.
Кімді? нені? керек етсең,
Табыс сұрап жүріп табар.
Кімде? неде? қайда? десең,
Жатыс септік сонда жатар.
Шығыс септік кімнен? неден?
Қайдан шықтың соны айтар.
Кіммен? немен? керек болса,
Көмектес көмек беріп қайтар.
Сұрағы қызық аттары да,
Септіктерді жатталықта.
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту және оның мағынасын түсіндіру.
VI. Қорытындылау.
а)Алған білімдерін тест арқылы қорытындылау, қай оқушының қандай дәрежеде білім алғанын байқаймыз. (Тақтада слайдта жазылған тест сұрақтары берілген).
Тест сұрақтары.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 4
ә) 5
б) 6
в) 7
2. Атау септік қандай сұрақтарға жауап береді?
а) кімді? нені?
ә) кім? не?
б) кіммен? немен?
в) кімнен? неден?
3. Барыс септігінде тұрған сөзді тап.
а) тоғайға
ә) айлар
б) қаламмен
в) далада
4. Ілік септігінің жалғауларын тап.
а) –мен, -бен, -пен
ә) –ді, -ды, -ті
б) –ның, нің, -дің
в) –да, -де, -та
5. Табыс септіктен кейін қандай септік тұрады?
а) жатыс септік
ә) көмектес септік
б) атау септік
в) Шығыс септік
6. Жатыс септікте тұрған сөзді тап.
а) қаламды
ә) үстелде
б) үйден
в) Қанатпен
7. Табыс септіктің жалғауларын тап.
а) –дан, -ден, -тан, - тен
ә) –ны, -ні, -ды, -ді
б) –мен, -бен, -пен
в) –нің, -ның, -дың, -дің
(Келесі слайдта дұрыс жауап көрсетіледі. Балалар өз жауаптарымен тексереді).
ә)Балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық, сендер нені білдіңдер?
Бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады? Не ұнамады?
Психология тренингі.

ТАМАША! ЖАКСЫ! ОРТАША! -Ал қазір көңілдеріңізге ұқсас суретті салыңыздар.
VII. Бағалау.
Білімдерін әр-түрлі жиынтығымен бағалаймыз. Ханның тапсырмаларын кім тез және дұрыс орындағанын айтып кету.
VIII. Үй жұмысы.
1. Өз атын, кім? және не? деген сұрақтарға жауап беретін екі сөз септеп келу.
2. Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» өлеңін жаттау.

Просмотров: 11296 | Добавил: Aldabergenova | Рейтинг: 4.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика