24 Патша Өкіметінің көші-қон саясаты
Сабақтың білімдік мақсаты
Патша өкіметінің көші-қон саясаты салдарынан Қазақстанның көп ұлтты аймаққа айналуының жедел қарқынмен жүзеге асырылуының себептерін және әскери-казактық отарлаудың күшеюінің мәні мен мазмұнын оқушыларға жете түсіндіру.
Базалық білім
Оқушының білімділігі мен біліктілігін дамыту үшін ХҮІ ғасырдан бастап Қазақстан жеріне басқа ұлттардың қоныстануы басталғаны туралы,ал ХҮІІІ ғасырдың ортасынан бастап,Қазақстанның көп ұлты аймаққа айналуының қарқынды жүзеге асырылуы және оның маңызын ашып көрсету.
Тірек ұғымдар
а)Патша өкіметінің көші-қон саясаты;
ә)Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты;
б)Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның негізгі
кезеңдері.
Көрнекі және дидактикалық құралдар
Сұлба кесте,қосымша газет материалдарды,қосымша әдебиеттер,карта және таратпа материалдар.Оқулықтағы дерек құжаттар.
Сабақ өткізудің әдісі
Аралас сабақ.Сұлба кестені пайдалана отырып,өзіндік жұмысты сабақ үстінде жасау,оқушының логикалық ойлануына еркіндік беру.
Сабақтың барысы
Бұл- жаңа тараудың алғашқы сабағы.Осы тараудан оқушылар еліміздің дамуының жаңа бір кезеңінде болған оқиғалармен танысады.Сондықтан сабақты мұғалім,алдымен,дүние жүзі картасы мен сұлба кестені пайдалана отырып,түсіндіреді.Бұл баяндауында мұғалім мына үш мәселенің басын ашып береді.Оның біріншісі – патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы, екіншісі – Кеңес өкіметінің осы көші-қон саясатын жалғастыруы туралы,ал үшіншісі- Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы туралы.Ендігі жерде мұғалім оқушының логикасын дамытуға ойтүрткі жасайды.
Үйге тапсырма
Оқушыларға шығармашылық және өз бетімен ізденушілік қабілетін дамыту мақсатында:
1.Әскери-казактық отарлау саясаты туралы мәліметтер дайындап келу
2.Оқулық материалы;V тарау,§24
3.Қосымша сұрақтарға ауызша талдау жасау.
|