Суббота, 21.12.2024, 18:02
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 2 » Ашық сабақ «Қазақстан көп ұлтты мемлекет»(С)
15:31
Ашық сабақ «Қазақстан көп ұлтты мемлекет»(С)

Шотпаев Сабыржан Амиржанұлы

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Щучинск қаласы

№ 3 орта білім беретін  мектебінің

қазақ тілі мұғалімі

 

 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін бекіту және толықтыру. Талдау түрлері арқылы сөз таптарын,сөйлем мүшелерін, оның
байланысу түрі мен тәсілдерін жүйелеп қайталау.
Білім деңгейлерін,іскерлік дағдыларын тексеру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Қазақша сөйлеуге бейімдеу.

3.Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру.Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы. .
Сабақтың типі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.
Қолданылған технологиялар: Н.А.Оразақынованың СКТ технологиясы, Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының рәміздері» буклеті,Қазақстан
картасы, түрлі- түсті суреттер (Астана көрінісі),шағын тест
тапсырмалары, сөзжұмбақ.
Сабақтың эпиграфы: Қазақстан: Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Сабақтың құрылымы:
I - кезең: Кіріспе.
1. Сәлемдесу.
2. Психологиялық даярлық.
II – кезең: Ой шақыру.
III – кезең: Эпиграфпен танысу.
IV – кезең: Мақал – мәтелдер жарысы.
V – кезең: Мәтіндермен жұмыс.
VI – кезең: Сатылай кешенді талдау.
1.Синтаксистік талдау.
2. Фонологиялық талдау.
3. Морфологиялық талдау (жеке жұмыс)
VII – кезең: 5 жолдық тұжырымдама құру.
VIII – кезең: Тест тапсырмаларын орындау.
IX – кезең: Сөзжұмбақ шешу.
X- кезең: Сабақты қорытындылау.
XI – кезең: Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық даярлық.
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға жан – жақтан қонақтар келіп отыр.Сондықтан тақырып бойынша білімдеріңді ортаға салып, әр кезеңдерде болатын тапсырмаларға белсене қатысып отырыңдар.Сәттілік тілеймін!
II. Ой шақыру. Сұрақ – жауап.
- Балалар,сабағымды өлең жолдары арқылы бастағалы отырмын, бұл өлеңді
сендер білесіңдер, сондықтан мұқият тыңдаңдар.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.....
- Бұл өлеңді кім жазды?( Мұқағали Мақатаев)
- Ол кім?( ақын, аудармашы, ғасыр ақыны)
- Қандай ақын?( ұлы, дарынды, ақиық- сыршыл, лирик)
- Қай жылы, қай жерде туған?( 1931 жылы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)
-2011жылы неше жылдық мерейтойын атап өттік? ( 80 жылдық)
- Қай айда?( ақпан айында)
(Мұғалім қорытындылап өтеді.)
Қазір Мұқағалидың аты аталмайтын күні жоқ. «Жазылар естеліктер мен туралы» деп сонау еленбей жүрген ерте кезеңде өзі айтқандай бүгінгіде Мұқағали мұрасы кеңінен жарық көріп, 80 жылдық мерей тойы республика көлемінде кеңінен аталып өтті.Мұқағали- ғажайып сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын рухтанамыз. Өмірді жаңа қырынан тани түсеміз. Ол өзінің әрбір өлеңімен бізді ұлтты сүюге, оны бар кемшілігімен жақсы көруге үйретеді.Халықты қадірлеудің асқақ үлгісін нұсқайды.
Енді қайтадан өлең жолына оралайық.
- Өлең не туралы?( Туған жер, Отан туралы)
- Отан деген не?( Адамдардың туып- өскен жері)
- Қазақ елінің Отаны қалай аталады?( Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз, дербес, егеменді, экономикасы
дамыған, демократиялық, құқықтық, көпұлтты; (Оқушылар тақтаға шығып 2 тілде топтама жасайды)

Қазақстан

Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? ( 1991 жылы)
- Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?( 23 жылдық)
- Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіңдер?( Ту, елтаңба, әнұран;

III. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.»
Сабағымыздың эпиграфы: Қазақстан: Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Осы эпиграфты бір сөзбен айтқанда, негізгі ой не туралы?(рәміз)

IV. Мақал- мәтелдер жарысы
Отан туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
( Оқушылар білетін мақалдарын айтады)

V. Мәтінмен жұмыс .
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасап жатыр.
Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана қаласы. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.
Қазақ жері пайдалы кендерге бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Бүгінгі Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті, дамыған ел. Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол менің Отаным.
(Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді)
- Қазақстанның негізгі халқы кімдер?
- Мемлекеттермен қандай байланыстар жасап жатыр?
- Астана қаласы қайда орналасқан?
- Қандай кендерге бай?

VI. Кешенді талдау.
фонологиялық талдау жасау.
_________________ мемлекет

1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай
жіңішке буынды сөз.

2.Бұл сөз мем + ле + кет 3 буынға бөлінеді, себебі сөз
құрамында 3 дауысты дыбыс бар. мем – б.б
ле – а.б.
кет – б.б.
3.Бұл сөз мем
ле болып, 2 жағдайда буын жігіне сәйкес
кет тасымалданады.

4.Қазақ тілінде екпіннің орны біршама тұрақты. Бұл сөзде екпін
кет буынындағы е дауысты дыбысына түсіп тұр.

5. Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.

б) « кендерге» сөзін сөз құрамына талдау.
кен – түбір, не? зат есім.
дер – көптік жалғау.
ге – барыс септік жалғауы.

VII. 5 жолдық тұжырымдама құру.
1. Зат есім Отан

2. Сын есім дербес, бай
3. Етістік өркендейді, көркейеді, дамиды
4. Сөйлем Отанымыз жылдан- жылға көркейіп келеді.
5. Синоним туған жер
VIII.Тест тапсырмасын орындау.

IX. Сөзжұмбақ шешу «Қазақ тілі »
Көлденеңінен:
1. Казахский язык (қазақ тілі )
2. Устно (ауызша )
3. Ученик (оқушы)
4. Класс (сынып)
5. Ответ (жауап)
6. Изложение (мазмұндама)
Тігінен
1.Интересный (қызықты)
2. Переводить (аудару)
4. Урок (сабақ)
7. Культура (мәдениет)
8. Сочинение (шығарма)
9. Родина (отан)
X. Сабақты қорытындылау.
Қазақстан жетістіктері : өз армиясы бар
Ұлтаралық келісім мен бейбіт өмір
100- ден астам мемлекет таниды
Халықаралық валюта қорына, БҰҰ мүше
Менделеев кестесіндегі барлық элемент бар
Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев (ғарышкерлер)
2030 ж. (дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына ену)
Қазақстанның соңғы жетістіктері туралы не айтар едіңдер?
(Қазақстанның жоғары халықаралық беделі елімізге Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік беруі.
55 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары , 69 халықаралық ұйым, 1000-
нан аса журналистер келеді. ЕҚЫҰ Саммиті барша қазақстандықтардың
жетістігі мен мақтанышы.
Қазақ елінің даңқын асырған Азиада ойындарының үлкен жеңісі.Барлығы
қазақстандықтар 70 медаль алды. 32 – алтын, 21- күміс, 17- қола ...).
XI. Үйге тапсырма: «Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазу.
XII.. Оқушыларды бағалау.

Просмотров: 6357 | Добавил: Сабыр | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика