Воскресенье, 22.12.2024, 09:48
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 11 » Қазақ тілі 3 сынып.Жидектер, жемістер, көкөністер
09:12
Қазақ тілі 3 сынып.Жидектер, жемістер, көкөністер
СҚО,Тайынша ауданы,
КММ «Тайынша
қаласындағы №1 орта мектебі»
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Суюндыкова Светлана Шыганбаевна

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы. Жидектер, жемістер, көкөністер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жеміс – жидек, көкөністердің атын қазақ тілінде білу, сөз тіркестерін құрауға үйрету.
Дамытушылық: Жаттығулар, ойын арқылы сауаттылығын тексеріп, сөздік қорын молайту, дұрыс оқуға және жазуға баулу.
Тәрбиелік: Еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1 Түрлі суреттер. Жемістің, көкөністің, жидектің суреттері.
2. Сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшімен сөйлесу.
ii Фонетикалық жаттығу.
- Тілімізді жаттықтыру үшін мына өлеңді оқып жіберейік.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
- Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылады?
- Күз мезгілі туралы.
- Бұл өлеңде қандай ерекше дыбыстар бар?
- Ө, І, Ы, Ү, Ғ.
- Күзде қандай өзгерістер болады?
- Күзде күн суытады. Ағаштардың жапырақтары сарғаяды.Астық, жеміс, көкөніс піседі. Біз көкөністерді жинаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше, біз де жеміс мен көкөністер туралы білгенімізді ортаға салайық.
Мына тірек сөздерді оқып жіберейік, одан кейін осы сөздерді қатыстырып, сурет бойынша әңгіме құрайық.
1. «Бақ» суреті бойынша әңгімелесу.
-Мынау- бақ. Онда жеміс ағаштары өседі. Алма, алмұрт, шие, жүзім.
Олар тәтті жемістер.Күзде жемістер пісті.
2. «Бақшада»
Мынау – біздің бақша. Бақшада картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ өседі. Күзде жинап аламыз.
3. Жемістерден, көкөністерден қандай тағамдар жасалады?
-Борщ. Не қосамыз?
-Салаттар. Салаттар туралы айтады.
4. Күз келді! тақпақты мәнерлеп оқиды. 65 бет.
5. Сұрақтарға жауап береді.
-Тақпақ қалай аталады?
-Тақпақ не туралы?
6. Тақтадағы жемістерге сипаттама береміз: түрі, түсі, дәмі.
Не? Қандай?
алма домалақ, қызыл, тәтті.
лимон домалақ, сары, қышқыл.
қызанақ домалақ, қызыл, дәмді, жұмсақ.
7. Тақтамен жұмыс. Сурет орнына сөз жаз.
1. Мынау – біздің бақ. Бақта( алма, алмұрт) өседі. Сәуле (алма) жинады. Саша(алмұрт) алды. Айша маған (алма) берді. Мен (алмұрт) жедім.
2. Сөйлемді дұрыс құрап жаз.
Пісті, картоп, бақшада.
Өседі, алма, бақта.
Мен, жинадым, пияз, қияр.
Жүзім, сатып алдың,сен.
8. «Кім көп біледі?» ойынын ойнау.
9. Сөзжұмбақты шешу.
1. капуста 1. картофель
2. растет
2.вишня 3.помидор
3. яблоко 4 желтый.
4. кукуруза
5. морковь
10. Бағалау.
11. Қорытындылау.
Сабақта нені білдік?
Жемістер әр түрлі дәрумендерге бай. Жемістерді, көкөністерді жуып жеу керек. Олардың емдік қасиетері де көп. Сондықтан жемістер, көкөністер бізге өте қажет. Біз күнделікті тамаққа жеміс, көкөністерді пайдаланамыз.
12. Үйге тапсырма.
65 бет, 3 – 4 – тапсырма.
Просмотров: 3468 | Добавил: БОТА | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика