Воскресенье, 22.12.2024, 06:31
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Пейзаж. Тұзбен сурет салу әдісі
16:19
Пейзаж. Тұзбен сурет салу әдісі
Карағанды облысы
Сатбаев қаласы
"№7 ЖОББМ" КММ
Бейнелеу өнері пән мұғалімі
Мендигалиева Макпал Каденовна
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Тұзбен сурет салу әдісі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуде тұзбен сурет салу әдісін үйрету.
ә) Тәрбиелік мәні: Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Кескіндеме өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс көрінісі бейнеленген слайдтар, интерактивті тақта.
Құрал жабдықтар: Формат А4, акварель бояуы, қарындаш, желім ПВА, тұз, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабаққа даярлық
II. Өткенді қайталау
III. Жаңа сабақ
IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс
V. Сабақты қорыту
VІ. Сабақты бекіту
VIІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
Жаңа сабаққа даярлық .Балалар, біз бүгін «Пейзаж. Қыс келбеті» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.
II.Өткенді қайталау.
Бейнелеу өнерінің түрлері:
графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері
Бейнелеу өнерінің жанрлары:
Пейзаж, Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Тұрмыстық жанр,Анималистік жанр.
- Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
- Кескіндеме (живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма)
III. Жаңа сабақ.
Бейнелеу өнернің жанрларыныңтүрі көп. Сол жанрлардың ішінде пейзаж жанры туралы сөз етпекпіз. Суретте табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орман, алыстағы елдерді бейнелеген шығарманы – пейзаж деп аталады. Ал осындай табиғатты бейнелейтін суретшіні пейзажист-суретші деп атайды.
Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.

Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев “Менің Отаным” 1959 ж.
Ә. Қастеев “Биік таудағы мұз айдыны” 1955 ж.

Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша - ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
«Перспектива» латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. «Перспектива» ұғымын дұрыс білмесек, алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады. Бұл сабаққа дейін біздер суретті акварель бояуымен салып келдік. Акварель суда еритін мөлдір болып боялатын бояу түрі. Ал бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі суретті тұзбен саламыз.
Тұзбен сурет салуды 3 - кезеңге бөлуге болады.
1 - кезең - Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. 1-ші тауларды, тау етегіндегі ағаштарды қарындашпен салу керек. 2-ші ағаштарды, өзенді, көпірді саламыз. Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағашты, шыршаны, көрсетеміз. Екі шырша салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқан анық, көлемі үлкен болып саналады.
2 - кезең – Қарындашпен сызықтық түрде салынған суретемені ПВА желімімен бастырып жүргіземіз. Содан кейін желімнің үстіне тұзды себелеп шығамыз.Сәл уақыттан кейін желімге тұз жабысып қалады. Қағаз бетіндегі артық тұзды ыдысқа аударып салып аламыз. Желім кішкене кебу керек.
3 кезең – Акварель бояуымен, қылқаламмен тұздың бетімен көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз. Бұл кезеңде бояу түсінің тұз бетінде қалай тарқап боялғанын көреміз.
Сергіту сәті. «Өз қалаңды танисың ба?» танымдық ойыны.
Жұмбақ шешу
Ақ қойым тұрып кетті,
Қара қойым жатып қалды.(қар,жер)
Тіккен-тіккен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.(шырша)
Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең сал жолға.(шана)
* Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.(аяз)
*Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Ауызы жоқ ұлиды. (боран)

IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс:
Тапсырма: Жұмбақтың шешуіне байланысты қыс келбетін суреттеп тұзбен салу.
Жұмыс барысында оқушыларға жалпы және жеке көмек беру. Ұқыпты, таза жұмыс істеуге назар аударту.
V. Сабақты қорыту: Жаңа сабақты қорыта келе біз пейзаж, қыс көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жылдың қай мезгілін бейнеледік?
3. Қандай тәсілді қолдандық? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Тұзбен сурет салудың қандай ерекшелігі болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?
VІ. Сабақты бекіту.
Тест
1.Суда еритін мөлдір бояу
А) Акварель Б) гуашь В) түсті қарындаш
2. Бояу араластыратын тақта
А) пастель Б) палитра В) нобай
3. Бейнелеу өнері неше топқа бөлінеді?
А) 5 Б)4 В)6
4. Композиция қандай ұғымды білдіреді?
А) құрастыру Б) салу В) көрсету
5. Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр?
А) натюрморт Б) пейзаж В) тұрмыстық
6. Сары түске көк түсті араластырғанда қандай түс шығады?
А) қызғылт сары Б) қоңыр түс В) жасыл түс
7. Қарындашпен қағазға салынға сурет өнері?
А) кескіндеме Б) графика өнері В) мүсін өнері
8.Тастан, ағаштан, металдан жасалған өнер туындысы?
А) дизайн өнері Б) графика өнері В) мүсін өнері
9.Түрлі түсті бояумен салынған туынды?
А) кескіндеме өенрі Б) сәндік қолданбалы өнері В) дизайн өнері
10. Негізгі түстер нешеу
А) 3 Б)4 В) 5
VІІ. Үйге тапсырма
Қысқы табиғат көрінісін бейнелеу
Рефлексия
Білемін
Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін. Қыс мезгілінің қызықтарын.
Үйрендім
Пейзаж «Қыс көрінісін» кезең бойынша жазықтық бетінде тұзбен бейнелеуді немесе суреттеуді. Әр түрлі түстерді тұздың бетінде таралуын, жіктелуін көріп қолданып үйрендім.
Білгім келеді
Тұзбен сурет салудың басқа да салыну тәсілдерін үйренгім келеді.

VIІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау
Просмотров: 5985 | Добавил: 87770491664 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика