Суббота, 21.12.2024, 17:40
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 1 » Әбділдә Тәжібаев «Толағай » ертегісі Қысқа мерзімді жоспар(С)
09:44
Әбділдә Тәжібаев «Толағай » ертегісі Қысқа мерзімді жоспар(С)

Қысқа мерзімді жоспар(С)
Мусина Зейнегүл Рахметоллиновна Калинов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1 санатты мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы. Ғ.Мүсірепов ауданы .Рузай селосы.

Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: Сыныбы: 5
Сабақтың
тақырыбы Әбділдә Тәжібаев «Толағай » ертегісі
Сілтеме Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық/ Ә.Дайыр,Қ.Атқалиев,Ш.Беркімбаева,Г.Құрманбай/Алматы «Атамұра»2010.120-127 бет.
Мақсаты
Мақсаты:
білімділік: Оқушыларды Ә.Тәжібаевтің өмірімен танысып, ертегінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақты кеңейтеді, сөйлеу мәдениетін жетілдіреді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, ертегінің негізгі түйінді идеясын таба білуге дағдыланады.
дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
тәрбиелік: Ертегіні оқу арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, табиғаттың сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен толықтырып, диалогтік қарым-қатынаста бір-бірін тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, өздігінен оқуға талпынады.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта,А4 қағазы, кеспе қағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

1 мин

3 мин Ұйымдастыру
Жұпқа бөлу
Сынып оқушыларын қима қағаз арқылы бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!

2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, тестпен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
.
оқушылар жұптасу арқылы өз үстелдерінің басына жиналады.

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер

2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Ә.Тәжібаев жайында презинтация интерактивті тақтадан көрсетіледі. Хронологиялық таблица толтыру

Ә.Тәжібаев бойынша алған білімдерін жинақтайды.
Негізгі бөлім
Білу

5 минут Ә.Тәжібаев әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» аталатын дастандар жазумен бірге,лирикалық поэмалардың озық үлгілерін қалыптастырды.Балалар тақырыбына арнап көп шығарма жазды. 1.Оқулықпен жұмыс 120 бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша Ә. Тәжібаев туралы алған білімдерін толықтырады.

Түсіну

5 мин

Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
«Толағай» мультфильмін көрсету, өз ойларын жеткізу.. .Ертегі идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.
Тақырыбы: Көзсіз ерлік туралы.
Идеясы:Батырдың өз елі,жері үшін өзін құрбан етуі жайлы баяндалған..
Оқушылар жұп болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Жұптың бірі серіктесіне түсінбеген тұсын түсіндіреді.

Қолдану

5 мин

Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.
1-тапсырма
Ертегінің композициялық құрылысы.
2-тапсырма
Ертегі мазмұны бойынша жоспар
1.Ертегі бойынша жоспар құру.

Оқушылар бір-бірін көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»;
1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті

2 мин Жаз жыл мезгіліне қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.

Кәне, кәне, тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық. Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.
Талдау

5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.

«Ойтолғаныс» кезең
2-тапсырма
Толағайға мінездеме беру .Кластер толтыру

Бұл ой толғаныс арқылы оқушылар бір-бірін толықтырады.

Жинақтау

8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
«Өзіңнің туған жеріңді көз алдыңа елестету» - жазғы мезгілінде.


Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
Қорытынды
Рефлексия 6 мин 1.Осы тақырыптағы басқа ақындардың өлеңдерін негізге ала отырып, Венн диаграмма құрастыру.
4-тапсырма

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім

Венн диограммасы арқылы оқушылар Толағай мен Кендебай батырдың ұқсастығын жазады.

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Үйге тапсырма 1мин Ертегіден өзіңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттап,суретін салу.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Просмотров: 3274 | Добавил: Речной1 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика