|
Главная » 2014 » Ноябрь » 27 » Білімділер сайысы
|
Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы "№7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ математика пәні мұғалімі Жаркынбекова Алтыншаш Мажитовна 6-сынып оқушыларына арналған Сабақтың тақырыбы: Білімділер сайысы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде Қолданылған нақыл сөздер: 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс) 2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика (М.В.Ломоносов)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Білімділер» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға«Үшбұрыш»,»Квадрат», «Төртбұрыш» топтарын шақырамыз. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Кіріспе: Жеке адам тек білімділігімен ғана емес, жан-жақтылығымен бүкіл адам қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленеді. Балаларды жан-жақты дамыту мен мектепке, өмірге бейімдеу ісі бүгінгі күнде аса маңызды шара.
Соның дәлелі ретінде жалпы мектептің 7сынып оқушылары және түзету- дамыту сыныбы оқушыларымен білім мен тәрбиені ұштастыра сыныптан тыс «Білімділер » сайысын өткіземіз.
. Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі 2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) 3. Эксперименттік тапсырма 4. Бейне сұрақ 5. Көңілді үзіліс
І. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі «Үшбұрыш» тобы. Ұраны: Білікті бірді жығар. Білімді мыңды жығар. Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алға қойған мақсатымыз бір екен. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым. ІІ топ. «Квадрат» тобы. Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз Қарсыласты қалай да біз жеңеміз. ІІІ топ. «Төртбұрыш» тобы. Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз, Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. Балалар сайыс басында «Бәріміз бірге»ойынын ойнайық. Ойынның мақсаты: балалардың бірін-бірі танып білісуіне жол сілтеп, сыйластыққа тәрбиелеу. ІІ. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі). «Үшбұрыш» тобына. 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг) 2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) «Квадрат» тобына. 1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай). 2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?( тең) «Төртбұрыш»тобына. 1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық) 2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг) 3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала) Тапқырлық сайысы кейін (мұғалім сөзі ) Балалар, сендерге қонақ кәделік жасап түзету-дамыту сыныбы білімділік сұрағын ала келді.
ІІІ. «Эксперименттік тапсырма» . «Үшбұрыш» тобына. - Үш шырақ жағамыз,оларды стаканмен,банкамен, төбесі ашық банкамен: жабамыз.Қайсысы алдымен сөнеді.Неге? - Жауап:Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді. «Квадрат» тобына: -Шарды үрлеңдер. Не толды Ол шарға қайдан келді? -Жауап:- Ішімізден -Ол қайдан келді? Жауап: Дем алу арқылы -Шарда ауа қандай түсте? Жауап:Ауа түссіз.
«Төртбұрыш» тобына Екі стаканға ыстық су құйылған, беті жабылған.Бір стаканды үстел үстіне екінші стаканды үстел үстіне екінші стаканды шырпының бос қорабына қояйық. -Қайсысы жылуды біраз сақтайды? Жауап: Қорап үстіндегі. Неге? Жауап: Қуыстан өткен ауа жылуды нашар өткізеді.
ІV . Бейне сұрақ
«Үшбұрыш» тобына. Мына бейнеленген суреттен « физика » сөзін орыс тіліне аударған орыс ғалымын тап. Жауап: М.В.Ломоносов «Квадрат» тобына. Қайсының жылдамдығы көп? 1.Зымыран 2.Адам 3.Велосипед 4.Құс 5.Танк
«Төртбұрыш» тобына Мысық тышқан інін қалай тапты? «Төртбұрыш» тобына Қандай қозғалыс түріне жатады? Жауап Шеңбер бойымен қозғалыс V . Көңілді үзіліс «Үшбұрыш» тобына Стаканнан геометриялық фигура жасау «Квадрат» тобына. Шарикті пенцентпен жинау «Төртбұрыш» тобына Орама қағазды жылдамдықпен бойына орау -3секундта Міне сайыста өз мәресіне жетті.Сабақты қортындылау ретінде «Молекула және атом» жаттығуын жасаймыз. Жаттығу тәртібі 1.Екі –екіден жұптасу 2.Сол білектерді түйістіру 3.Оң аяқтың тізесін түйістіру Мазмұны 1.Молекула бей-берекет қозғалады.Алақандарын шапалақтау. 2.Молекула атом болып бірігеді.Екеуден сол қолдарыңның білегін түйістіріп,оң аяқтың тізелерін түйістіріп тұра қалу. Рахмет. Тапсырмалар нәтижелерін шығарып, қортынды жариялау. Оқушыларды ынталандыру. Марапаттау.
|
Просмотров: 2104 |
Добавил: Алтыншаш
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|