Суббота, 21.12.2024, 17:53
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 12 » «Бір табақ ұн, бір табақ арпа»(С)
19:15
«Бір табақ ұн, бір табақ арпа»(С)

Шакенова Анаргүл Аменқызы

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

КММ «Горький орта мектебі»  

Пәні:  Орыс тілді мектептеріндегі  қазақ тілі

Сыныбы : 8

Сабақтың тақырыбы: «Бір табақ ұн, бір табақ арпа».

Сабақтың мақсаты:   Шығарманың мазмұнын түсіну, Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білу, мәтіннен күрделі сөздер мен жалқы және жалпы зат есімдерді таба алу.                                                                                                                                 Сабақтың нәтижесі: -шығарманың мазмұнын түсінеді;                                                                                     - Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі;                                                                       - мәтіннен күрделі сөздер мен жалқы және жалпы зат есімдерді таба алады;                                          -мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясы жайлы өз ойларын айта алады;                                                                           -нанның қадірін түсініп, бағалай алады.                                                                                                                                

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жылулық шеңбері (Оқушыларды  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту және оқу), топтық жұмыс (Қалай оқу  керектігін үйрету), сұхбат (Диалогтік оқыту), талдау, талқылау, «Өрмекші» , «Балық сүйегі»(Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету), рөлге бөлу (Талантты және дарынды  балаларды оқыту), демонстрация (оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану),  өзін-өзі бағалау (Оқу  үшін  бағалау және оқыту үшін бағалау).

Сабақтың  көрнекілігі: слайд, кері байланыс парағы, маркер, ватман

Сабақтың  барысы:

  • Жылулық шеңбері. «Менің анам ... »
  • Үй жұмысы мен жаңа сабақты байланыстыру.
  • Балалар  әдебиетінің  өкілдерінің  бірі- Бердібек Соқпақбаев. Бүгін біз Б.Соқпақбаевтың  «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» атты шығармасы бойынша жұмыс істейміз.                                                                                                                                      Балалар  екі топ  бөлінеді. Бірінші   топ- «Білімділер» , ал екінші топ «Талаптылар».

Үйге   тапсырма : Б.Соқпақбаевтың «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» шығармасын оқып келу

-   Ұн бидайдан жасалады. Бидай өсіріледі. Арпа да- өсірілетін дақылдардың бір түрі. Аштық  жылдары арпа, бидайдың бір дәні  қандай қымбат болды? Бауырсақ, нан қандай қиыншылықпен келген. Кішкентай балалардың арманы бір үзім нан жеу болған жылдарды Б.Соқпақбаев қалай суреттеген? Біз осы кезеңнің суреттерін  Б.Соқпақбаевтың «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» шығармасынан көре аламыз.

         -Б.Соқпақбаев кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?

«Бір табақ  ұн,бір табақ арпа» шығармасының негізгі тақырыбы мен идеясы қандай деп ойлайсыңдар?

Тақырыбы. Аштық кезеңі

Идеясы: Ананың қамқорлығы, баласының  тоқтығы  үшін  үйіндегі қымбат мүлкін  аямай,  айырбастайды.

1-тапсырма  «Кім   жылдам?»                                                                                                     Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша 1-ші топ «Өрмекші» жасайды.  2-ші топ «Балық  сүйегін» құрастырады.  

Оқушыларға рөлдер тағайындалады:

А деңгей: «Спикерлер»

В деңгей: «Хатшы»

С деңгей: «»

2-тапсырма. «Мен бастайын, сен қоста»

Мәтін мазмұнын әңгімелеу

3-тапсырма.       Шығарма кейіпкерлерін салыстыру.      

«Білімділер» тобы  шығармадағы  және өмірдегі  Ана бейнесін салыстырады.

«Талаптылар» тобы  Автор мен Тілеу бейнелерін салыстырады.  

4-тапсырма. «Мен саған, сен саған» . Сұрақтар әлемі

Екі  топ  мәтін  бойынша  бір-біріне  сұрақ  қояды.

 5-тапсырма.         Грамматикалық тапсырмалар.

А) «Аштық», «қорек» сөздеріне фонетикалық талдау жасау

Б) Жалқы, жалпы есімдерді табу. 1 сөзді құрамына қарай талдау.

Жекібай

6-тапсырма.  Ана жайлы  қандай мақалдар  білесіңдер? Бұл  мақалдарды қалай  түсінесіңдер?

1.Ананың  көңілі балада, баланың  көңілі далада.

2. Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі  баласын  жұмсағым  дер.

  • . Анасын  сүйгеннің  баласын  сүй.
  • Анаңды он   рет  Меккеге  арқалап  апарсаң да, еңбегін өтей  алмассың.

Сабақты   қорыту. 6-тапсырма «Сезімді ояту».

Елестету

Сүйсіну

Жек көру

Жаны ашу

Өкініш

Таңдану

Автор қандай бала деп ойлайсыңдар?

Кімдердің қандай қылығына сүйсіндің?

Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?

Қай жерінде өзіңде жаны ашу сезімі пайда болды?

Өкініш сезімі пайда болды ма, қашан?

Таңғалып, риза болған сәтің ше?

         Көшбасшылар  топ   мүшелерінің   еңбектеріне  қорытынды жасап,  бағалау парағын  толтырады.

Кері байланыс «Сәттілік  баспалдағы».

Просмотров: 1436 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика