Нысанбай Мөлдір Молдабайқызы
Қызылорда қаласы 136 мектеп-лицей
Сабақ жоспары
Пәні: География Сынып 6
Сабақтың тақырыбы Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
Жалпы мақсаттар Танымдық: Гидросфера ,дүниежүзілік су айналымы,табиғаттағы су айналымы жайлы толық мағлұмат беру, және түсіндіруге әртүрлі жұмыс түрлерін ұсыну.
Эмоциялық: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру
Әлеуметтік: әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында жұмыс түрлерін ұсыну
Оқу нәтижесі Гидросфера ,су қабығы жайлы білімін толықтарыды. Өзгенің пікірін тыңдауға үйренеді.Оқушылардың лайықты іс-әрекеттердегі ой-пікірлерін тыңдау арқылы ынталандыруЖеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстыру
Тапсырма көздері 1. Ақпаратпен танысу /жеке жұмыс/
2.Топтық жұмыс 2. Терминдермен жұмыс
Негізгі идеялар механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
Сабақтың көрнекілігі Атлас жинағы, кескін карталар , Саяси карта, суреттер, стикер,постер,видео ролик
I. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Топтық тапсырмалар
Жеке жұмыс
Бағалау
Үйге тапсырма
Сергіту сәті. «Тілек айту»
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
1,2,3 деп топқа бөлу.
І. СТО-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы бойынша сұрақтар стратегиясы «Миға шабуыл» сұрақтар қою.
1. Гидросфера дегеніміз не?
2. Гидросфераның құрамына нелер жатады
3. Табиғатта су неше күйде кездеседі?
4. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?
5. Мұхит суының қандай басты қасиеттері бар?
6. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды?
7. Табиғатта су қандай күйде кездеседі ?
8. Судың қандай қасиеті бар?
9. Мариан шұңғымысын кім зерттеді?
Топтық жұмыс арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу.
Топтаса отырып, ойланады, талқылайды. Постер арқылы қорғайды.
І топ. Дүниежүзілік мұхит
ІІ топ . Мұхиттардың ашылу тарихы
ІІІ топ. Мұхит бөліктері
Бағалау критерилері
1.Тақырыптың ашылуы
2.Түсіндірілуі
3.Маңыздылығы
«Өзін-өзі және топтағы мүшелерді бағалау»
«Теңізден өту» тапсырмалары
І тапсырма Кім картаны жақсы біледі? (Кесте толтыра отырып, картадан көрсету.)
№ Мұхит-
тың аты Қандай жарты шарда орналасқан Мұхиттың ең терең жері Қандай құрлықтардың жағалауын шайып жатыр
Мұхиттың ерекшіліктері
1 Тынық мұхиты Батыс жарты шар 11022м
Мариан шұңғымасы Еуразия, Аустралия,
Солтүстік және
Оңтүстік Америка Ауданы
жағынан
ең үлкені
2 Атлант мұхиты Батыс ,шығыс жарты шар 8742м
Пуэрто – Рико шұңғымасы Еуразия, Африка ,
Солтүстік және
Оңтүстік Америка Балыққа
ең бай
мұхит
3 Үнді мұхиты Шығыс
Жарты шар 7209м
Зонд аралдары Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида Ең жылы
және тұзы
жоғары мұхит
4 Солтүстік мұзды мұхиты Солтүстік жарты шар 5527м
Гренландия теңізі Еуразия мен Солтүстік Америка Ауданы
жағынан
ең кішісі
және ең
суық мұхит
ІІ тапсырма «Ең ерекше» ойыны
Өзіндік ерекшелігі Мұхиттың аты
ең үлкен
ең суық
ең жылы
ең ұзын
ең кіші
ең тұзды
ең оңтүстіктегі
ең солтүстіктегі
ең тереңі
ең ендісі
жануарлар дүниесіне ең байы
ең мұздысы
ең аралы көп
балық аулаудағы ең негізгісі
Тынық
Солтүстік мұзды
Тынық
Атлант
Үнді
Cолтүстік мұзды
Үнді
Солтүстік мұзды
Тынық
Тынық
Тынық
Солтүстік мұзды
Тынық
Атлант
ІІІ тапсырма «Балық аулау»
Әр мұхитқа байланысты шығанақтар, бұғаздар, өзендер, көлдерді тауып,
орналасқан жерін картаға түсіреді.
ІҮ тапсырма Семантикалық карта.
Саргасс-теңіз
Жерорта –ішкі теңіз
Баренц-шеткі теңіз
Гудзон –шығанақ
Дрей-бұғаз
Мозамбик-бұғаз
Үнді-жылы мұхит
Гренландия-арал
Сары - теңіз
Лабрадор - түбек
Мадагаскар - арал
Гибралтар – бұғаз
Аравия – түбек
«Ой –толғаныс» «Керісінше ойлау стратегиясы»
Жаратылыстары адам қайран қаларлық таңғажайып тіршілік иелері мұхит астында өмір сүруде. Асқан ақылдылықпен, ғажайып шеберлікпен жаратылған бұл дүниені ғалымдар енді ғана ашқан мұхит суларының араласпау құпиясын біле отырып, әлемнің әлі ашылмаған жұмбақ сырлары, ғажайып құпияларының көптігін байқаймыз
1. Су болмаса нендей жағдай болар еді?
2. Дүниежүзілік мұхит сулары тұщы суға айналса нендей жағдай болар еді?
3.Солтүстік Мұзды мұхит еріген жағдайда не болар еді?
Формативті бағалау 1. Сабақ туралы жалпы ойың?
2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз?
Тақырыпты түсініп оқу. іздену жұмыстары
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
|