Воскресенье, 22.12.2024, 10:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 28 » ДОМБЫРАНЫ ЖАЗЫҚТЫҚТА БЕЙНЕЛЕУ
07:33
ДОМБЫРАНЫ ЖАЗЫҚТЫҚТА БЕЙНЕЛЕУ
Бейнелеу пәні бойынша сабақ жоспары

ТАҚЫРЫБЫ:
«ДОМБЫРАНЫ ЖАЗЫҚТЫҚТА БЕЙНЕЛЕУ».
6 сынып

ПӘН МҰҒАЛІМІ: ӘБІШ ЕРЖАН ӘБІЛҰЛЫ

САТБАЕВ қаласы
Сабақтың тақырыбы: Домбыраны жазықтықта бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
1. Домбыраны бейнелеу жолдарын үйрету.
1. Қазақ халқының музыкалық мұрасы-домбыраның түрлері,құрылысы жөнінде мағлұмат бере отырып, халық мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың жазықтықта бейнелеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: Нәрсені өзіне қарап салу.
Сабақтың көрнектілігі:
1.Домбыраны салу әдісі.
2.Домбыра құрылысының суреті.
3.Домбыра туралы төмендегі ұлағатты сөздер.
Домбыра жүрегімен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
М. Мақатаев.
4. Халқымыздың күйші домбырашылардың портреті.
Сабақтың жоспары:
I Домбыра халық мұрасы
1. Домбыра туралы аңыз.
2. Домбыра туралы оқушылардан өлең, тақпақ.
3. Домбыраның құрылысы.
II Домбыраны жазықтықта кескіндеу
1. Орналастыру.
2. Бейнелеу: толық салу.
3. Бояу үйлесілімділігін тауып, бояуға кірісу.
4. Жұмыс аяқтау.
III Оқушының орындауында күй «Көңіл толғауы»
VI Атақты күйшілер туралы, олардың қандай күйлерін білеміз?
V Қортындау.
Сабақ жүрісі: 1. Оқушыларды тез тексеріп шығып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Күй-табақта «Ақсақ құлан» күй жай ойнап, домбыра туралы аңызды оқушыларға әңгімелеу.
«Ертеде Жошы ханның үлкен баласы құлан аулауға шығады, бірақ аң аулаудан келмей қалады.Хан бірнеше күн баласын күтіп, келмеген соң,оның сау емес екенін түсінді,бірақ баласының өлімі туралы естігісі келмейді.Сондықтан былай деп жарлық етеді: «Егерде кімде -кім баламның өлімін естіртетін болса,сол кісінің аузына қорғасын құямын»-депті. Халық хан баласын құланның үйірі өлтіргенін біліп тұрса да, айта алмады.
Бірде осы туралы ел аралап жүрген домбырашы естіп, хан ордасына келіпті,оны күзетшілер кіргізбейді.Домбырашы хан қақпасының алдында отырып, домбыра қайғылы күй тартады.Домбыраның дауысы кешкі уақытта ханның да құлағына жетеді,хан өз кұзетшілеріне айтып,шықырып алады.
Сонда домбырашыны ханға айтады:- О, менің тәңірім ханым,сіз менің жаңадан бір шығарған күйімді тындап соның бағасын бересіз. Онда “орында”- дейді хан. Домбырашы өз күйін орындағанда күйдің үні баласының өлімін естірткендей болады. Хан уәзірлерін шақырып, «мынау менің баламның өлімін естіртіп, әй менің әмірімді орындаңдар», дейді. Сонда домбырашы:- “Хан ием, сабыр етіңіз,мен сізге не айтам,менің жазығым күйімнің бағасын айт дегенім бе”- дейді. Сонда хан : “Е, менің баламның өлімін естірткен домбыра екенғой”- деп , домбыаның қорғанына балқыған қорғасынды құйып,содан домбыраның кеудесі тесілген екен.
Бұл аңыздың мазмұны.Домбыра ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан,оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптарының бірі.Домбырада күй,жыр-терме,айтыс,ән қосылып орындалады.Домбыра екі,кейдеүш шекті немесе қағып ойнайтын музыкалық аспа ретінде танымал.Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлу үлгіде жасайды.Оған қайың, қарағай,жөке шырша,үйеңкі ағаштарын пайдаланған.Домбыраның шанағын бөлек ағаштан ойып жасайды.Ал ұзынша мойынша ішектен партнерлер тағылды.Алғашқы кезде перне саны 5-7 болса,кейн оның саны 9-19-ға жетті. Қазақстан жерінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі болады.Мысалы:Оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе,орталық,солтүстікте және шығыс өлкелерінде көбінесе домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.Домбыра халқымыздың кейбір ән-күйлері мен жыр-дастандарды кейінгі ұрпаққа осы домбыра жеткен.

Сабақтың келесі негізгі бөлімі.
Домбыраны жазықтықта кескіндеу/салу/жолдары түсіндіріледі.
1.Дәптер бетіне орналастыру. Домбыраның биіктігі үлкен , сондықтан суретімізді салу үшін альбомдарымызды тігінен қоямыз.
2. Домбыраны дәптердің ортасына немесе әрқайсымызда қалай көрінеді,солай салуға болатынын ескеріледі. Жалпы суретін салып болғаннан кейін қақпағындағы өрнектеріне қошқар мүйіз,түйе табан қарлығаш өрнектерін салуға болатынын айтамын.Кескін әбден дұрыс салынғаннан кейн,болуға кіріседі.Домбыраның түсі жылы түстерден:сарғыш,қоңыр,қызыл,қоңыр түстер.
Сурет салу барысында: күйшілер туралы не білеміз?Олардың қандай күйлерін білесіңдер?- депоқушыларды әңгімеге таратуға болады.
Үйге тапсырма: Күйшілер,домбыра туралы альбом құрастыру.
Қортынды: Оқушылардың жұмыстарын бағалау,жақсы салынған суретті жеке көрсету.
Просмотров: 2829 | Добавил: Erzhan | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика