Воскресенье, 22.12.2024, 09:19
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 20 » Ер есімі-ел есінде Тәрбие сағаты
20:16
Ер есімі-ел есінде Тәрбие сағаты
Габбасова Жанаргуль Валиоллиевна
Библиотекарь СОШ имени М.Маметовой
Бокейординского района
Западно-Казахстанской области

Ер есімі-ел есінде
Тәрбие сағаты
Мақсаты
1Ұлы жеңіс туралы мағлұмат беру,Бауыржан Момышұлының қаһармандығы жайлы айту
2.Отансүйгіштікке,елжандылыққа,батылдыққа,шыншылдыққа баулу Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың,қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып,оларды құрметтеуге тәрбиелеу
Тәрбие сағатының барысы
-Құрметті оқушылар,мұғалімдер!Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке-1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жан қиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын
Кітапханашы Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен,қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды
1-жүргізуші Дүние жүзі халқы бостандық алды Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты «Ешкім де ұмытылмайды,ештеңе де ұмыт қалған жоқ»Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады,осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне қашалып жазылған
1-оқушы Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы
2-оқушы Осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан Бауыржан Момышұлы Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып,полк командирлігіне өзі тағайындаған Бауыржан Момышұлы соғыс жылдары 207рет шайқасқа қатысып,2 рет ауыр жараланды Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады Бірақ,неге екені белгісіз атақ берілмей қала береді Еңбекқор Б Момышұлы мойыған жоқ 37дәптер күнделік жазған батыр,бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып,қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазды Атымызда Москва»кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысындағы ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып Кубаның әскери академиясында оқытылды
3-оқушы 9мамыр-Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ
4-оқушы Оқ борады күні-түн, Жатты жерді от қарып Алға қарай ұмтылды, Батыр қазақ оқты алып 2-жүргізушы Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны,5 мыңдай ұшақты,3700 танкті,50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5миллион адамға жетті Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады,Мәскеу түбінде өлімге бас тікті,Сталинград,Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті Берлинді шабуылдады,Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945жылы 30сәуірде тікті
Ана туралы жыр әні орындалады 5-оқушы Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін Кеудесімен қорғады, Азаттықтың жемісін
6-оқушы Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып,ерлікпен қаза тапты Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып,жауды3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді
7-оқушы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы,Қобда ауданында дүниеге келген Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып,олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады «Отан үшін алға!»-деп,барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды 8-оқушы Бауыржан Момышұлы-жазушы,қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері,гвардия полковнигі 1941жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан 9-оқушы
Жас ұрпақ асыр сап,
Шырқайды Ерлікті ән қылып, Небір заңғар таулар құлазып шөксе де, Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік
10-оқушы Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады 1943-1945жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан Жаумен305рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасын істен шығарып,7 ұшағын атып түсірді Жаудың жүздеген танкілерін,зеңбіректері мен солдаттарын жойды 1944жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді 11-оқушы Қасым Қайсенов соғысқа1941жылы шақырылды Смоленск түбінде соғысты «Отан соғысы»орденімен марапатталған, «Маршал Жуков»медалімен, «1941-1945жж Ұлы Отан соғысындағыЖеңіске-40жыл, «КСРО-ның Қарулы Күшіне-60жыл» 12-оқушы Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров-қатардағы жауынгер 1942жылдан бастап 1943жылға дейін Сталинград майданында соғысқан «Германияны жеңген үшін»медалімен марапатталған 1-жүргізуші ИӘ,бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов,Нүркен Әбдіров,Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигелдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз пен апаларымызды тарих бетінде «Батыр»деп жазып кетті
Просмотров: 5823 | Добавил: Arman2958 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика