САТБАЕВ қаласы Сабақтың тақырыбы: Композиция Оқу мен тәрбиелеудің міндеттері: 1. Адамгершілік тәрбиесін беру. 2. Сезімді дамыту. 3. Сұлулық тәрбиесін беру . Сабақтың мақсаты: 1. Композицияның бейнелеу жолдарын үйрету. 2. Оқушылардың жазықтықта бейнелеу дағдысын дамыту. 3. Композиция жөнінде оқушыларға түсінік беру ж/е бейнелеу өнеріне деген қызығуларын арттыру. Құрал жабдықтары: плакаттар, суреттер. Сабақтың түрлері: тақырыпты бекіту. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету. Сабақтың барысы Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отыратыныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композициядан басталады. Бұл сөз әдетте , музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұңда кең ұғым бар. Мысалы, жазушы роман жазғысы келуі делік. Болашақ дүниесінің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығарманың жоспарын жасайды. Жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқйсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан қайта сүзгіден өтеді. Содан кейн ғана ол көркем сөзге айналады. Сәулетшіде солай. Олар да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбас бұрын , оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтап барып эскиздер жасайды. Сондықтан, бейнелеу өнерінде де композиция суретшінің бүкіл шағармашылығының алтын өзегі іспеттес. Композицияның негізгі талабы- шығарманың көркемдік бірлігін табу. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрайды. Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын шығарманың сәулелі немесе күңгірт тұсын , өзінің айналасындағы ортадан автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық деп атаймыз. Көркем шығарма бөлшектерінің орналасуы ж/е олардың бірлігі композиция деп аталады. Графикалық сурет деп кескіндеушілік сурет салуда сызықтық,форманы құруда құрылымдық, тепе-теңдік, көлем, жарық пен көлеңке, көңіл күй мен жай жоспарды беру жүйеленеді, әсіресе композициялық қарекеттер жайлы ерекше айтуға болады. Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу копозициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпу арқылы іске асырылады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б. шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Кең, жазық далада теңіз жағасында тұрғанда, біз көкжиек сызығын көреміз. Сурет салғанда , көкжиек сызығын әп түрлу , кез келген биікткте белгілеуге болады. Бұл бейнеленетін заттар мен нәрселердің сурет салып отырған адамның көкжиек жоғары немесе төмен тұруының композицияға енген бөліктеріне байланыстырылғанда композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау қажет. Өздеріңді қоршаған ортадағы айшықты әсерле сәттерді айқындай білу, көріп есте сақтау қажет. Сурет слу үшін шағын альбомды әрқашан бірге алып жүру шарт. Композициялық шешімі жағынан күрделі картиналар үшін міндетті түрде қатты қағаз дайындап алған жөн. Сурет салуға кіріскенде, альбом парағын қалай орналастырған дұрыс екенін суреттің үлкендігі қандай болу керектігін, композициялық жалпы тепе-теңдік сақтау үшін қағаз бетінде оны кай жаққа ж/е қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алған жөн. Қағаз бетіне түскен заттар ауада асылып, ілініп тұрғандай болмай, оларды әлдененің үстіне кою, яғни негізгінің қандай да бір бөлігін ж/е олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған көлеңкелерді қайсыбір бөлігін ауырлау немесе жеңілдеу етіп беру керек. Қағаз бетінде заттың жартылау реңгктің, көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп көрсете отырып, жарықпен көлеңкені жүргізеді. Сонымен мысал ретінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып жазғы тамаша табиғатты көз алдымызда келтіреміз. Бұл өлеңде Абайдың желсіз . тынық жылы түн. А--- жым-жырт. Аспанда толқысып толған ай, сәулесін шашып , бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір сары алтын түске бөлеп, діріл қағады. Сол сияқты композиция әңгіме, тарихи , бұрын болған оқиғаларды суреттеп салу. Осылайша оқушыларға өз бетінше жұмыс жасатып , істі қадағалау, аяқталған жұмыстарын тексеру, бағалау жүргізіледі. Қайталайтын сұрақтар: 1. Композиция дегеніміз не? 2. Композициялық орталық деп нені атаймыз? 3. Сурет салғанда ненің көмегі керек? 4. Суретті неден бастаймыз?