Воскресенье, 22.12.2024, 04:51
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Декабрь » 19 » Ұлбике ақын. Сыныптан тыс жұмыс
19:58
Ұлбике ақын. Сыныптан тыс жұмыс
Ізбақыш Бейбіткүл Оңдасынқызы
№7 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
8 сынып жетекшісі
Қызылорда қаласы

Тақырыбы: Ұлбике ақын

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жыр ағынын дариядай тасытқан даланың хас таланттары, Сыр сүлейлері туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өлең сөздің үздігі атанып, ақындық өнерімен елін ұйыта білген, жарқ етіп сөнген жұлдыздай қысқа ғұмырлы Ұлбике ақынның өмір жолымен, өлең жолдарымен таныстыра отырып жыр жолдарын оқи білуге, сүюге дағдыландыру.
3. Оқушыларды елін-жерін сүюге, имандылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, кітаптар,газет-журнал жинағы.
Сабақтың типі:Сыныптан тыс жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу.Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
• Сөз басы
• Сыр сүлейлері
• Ұлбике ақын
• Ақын өмірі
• Ақынның өлеңдері
• Тарихи деректер сыр шертеді...
• Қорытынды
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Бүгінгі күні мемлекет мәдени даму мәселелеріндегі бұрынғы қалдық тәжірибесінен біржолата арылуға мүмкіндік алды»,- деп мәлімдей отырып, “Мәдени мұра” бағдарламасын қолға алды.
Мәдени құндылықтарымыздың ішінде алуан-алуан өрелі өнер салаларының арасынан шұрайлы сөз өнерінің шоқтығы биік.
Сыр елі өз өнер бастауының көш басында болған ұлы, дарынды Қорқытты мақтанышпен айтады.
Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрмен өзге аймақтағылардан ерекшеленіп тұрады. Олар өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қолған бақ, абырой санап, оны аруақтай құрметтеп, жақсы жыр тудыруды басты мақсат тұтқан. Міне, осы жыр додасында ерен дарындылығымен суырылып алға шыққандарды халық – дүр ақын, Сыр сүлейлері деп атады.Бұдабай Қабылұлы, Күдері Қожа Көшекұлы, Базар жырау Оңдасұлы, Құлан Алдабергенұлы, Иманжүсіп Құтпанов, Кете Жүсіп Ешниязов, Мәнсүр Бекежанов, Балқы Базар, Омар Шораяқұлы, Ұлбике Жанкелдіқызы, Тұрмағанбет Ізтілеуұлы, Ешния Сал,Қарасақал Ерімбет,Әзілкеш Шымырұлы,Дүр Оңғар,Нұртуған сынды өлең сөздің үздіктері салған ақындық, жыршылық, жыраулық дәстүр күні бүгінге дейн жалғастырушы ізбасарларын тауып, елге қызмет ету үстінде.
(«Ұлбике ақын»-слайд)
Ақын Ұлбике Жанкелдіқызы 1825 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Әкесі Жанкелді, шешесі Жаңыл да сөзге шешен, айтысқа қатынасқан дәулетті кісілер болыпты. Ол небәрі 22 жыл ғана өмір сүрген. Өнер арқылы биікке көтеріліп, ақындығын елге мойындатса, өліміне де өнер себепші болған. Ұлбике шығармаларын жинастырып, оның өмір жолын зерттеген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазған мәліметтерінде осылай делінген.


Ұлбике кішкентай бала кезінен өлең өнерінің жолына түскен. Сәрсенбі Дәуітұлы өз зерттеулерінде Ұлбикенің он екі жасқа дейін сөйлемей тек он екі жасында өлеңмен сөйлеуі жайында мағлұматтар келтіреді. Ол Мәделі Жүсіпқожаұлы(1816-1888), Күдері қожа Көшекұлымен, Жанкел ақынмен, ізтілеумен, Серәлі ақынмен айтысып, сол айтыстардың бәрінде басым түсіп отырған.
Ұлбикенің Мәделі ақынмен айтысында:
Әудемжардан әуелі үнімді аштым,
Он екімде өлеңмен тілімді аштым.
Он үшімде өзіңдей бозбаламен,
Жұмбақ айттым, өлеңмен жағаластым, - депті.
Ұлбике өнеріне тәнті болған,оның талантына бас иген Мәделі ақын
Сұлу қызға тұс-тұстан көз түседі,
Қысылса да аузына сөз түседі,
Өлең айтып отырған Ұлбикенің,
Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі,- депті.
Жыр бәсекелерінің ішіндегі ең көрнектісі – Ұлбике Жанкелдіқызымен Күдері қожа Көшекұлының айтысы. Айтыс - қыз бен жігіт, жұмбақ, қайым.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев:
“Қазақ тарихында Ұлбике мен Күдері қожадан бұрын қайым өлең де, айтыс та болмаған. Бұрынғылардікі – мақал, тақпақ...”
Күдері қожамен Ұлбикенің айтысынан үзінді. (оқушылар орындайды)
Күдері: Ұлбике, үздік шықтың қазағымнан,
Күн күліп, ай жасқанар ажарыңнан.
Дәметіп базарлықты келіп тұрмын,
Не әкелдің шеттің барып базарынан?

Ұлбике: Қожеке-ай,қуанасың жүзім көріп,
Көзіңе көзім түссе қалмайды ерік.
Әкелдім базарлыққа саған арнап,
Әдемі құндыз жаға қызыл бөрік.
Көктемде Жанкелдің де, Ұлбикенің де елдері қыстаудан жайлауға көшеді, сонда Жанкелдің Ұлбикеге айтқаны:
Көк қамыс құрақ-құрақ сайда болар,
Көп жылқы көк алалы байда болар.
Келіп ем ұлбикеден сұрағалы,
Кешуі Көкөзектің қайда болар?
Ұлбике: Жүрмісің, Жанкел кедей, аттай жарап,
Келеді әкең қақпас алдыңды орап.
Жылқың өтпей бара ма, жазған кедей,
Кешуін Көкөзектің менен сұрап?

Қ. Мұхамеджанов – Күдеріқожаның шөпшегі



Тарихи деректер сыр шертеді...

Ұлбике ақындығы туралы филология ғылымының докторы Жанғара Дәдебаев: “Жалпы сауаттылығымен ел-жұрт тарихы, өнерпаздар өмірі туралы және басқа діни кітаптармен де кеңірек танысып, дүниеге, әлемнің жаратылысы жайлы мол мағлұмат алады. Ұлбикенің осындай ортасынан қара үзіп шыққан ақындық білімін дәл танып, дұрыс аңғарған ақындар онымен айтысуға үлкен дайындықпен келмесе, ойда жоқта немесе сәті түскен шақта сөз жарыстыруға бата алмайтын болған”

Мәшһүр Жүсіп Көпеев қолжасбасында “Күдері қожа әкесіне: “Ұлбике ақынды тоқтататын бір сөз тауып бер”, - депті. Сонда әкесі 29 әріпті бір ауыз өлеңге сыйғызып айт, 2 әрпін қалдырып кет. Соның қалғанын Ұлбике білсе, онан әрі айтыспай-ақ қой. Оның өкпесінде өлең жазылған”, – депті. Күдері ақын “Шын” мен “жиымды” сөзден аяқсыз қалдырып өлеңмен айтқанда, Ұлбике: Қожеке өлең айтып, кітап аштың,
Жау қуды ма, асығып неге састың?
“Шын” мен “Жиымды” қалдырып қара басып,
Құранды аяғыңа қалай бастың? – деген екен”.
Ұлбике жөнінде Күдері ақын “Ұлбике-ау, тілің шешен, жүзің көркем, не дегеніңді білмедім, жаным, еркем”, - деп таңқалған, тамсанған жырын арнаса, отбасында пендешілік өмір зәбірін көріп тауы шағылып, құлазып азар да көрген. Сонда күйеуі Бойтанды ел алдында төмендетуге жол бермей, тағдыр қосқан жарым деп бағалайды.
Күйеуінің қойған шартын қабылдап, келіндік парызын мүлтіксіз орындап өмірін өткізіп жатады.
Бірде Ұлбикенің қайынылары мен қайынсіңлілері оған тойға бірге баруын, айтысқа түсуін, бәйге алып ауылдың мәртебесін көтеруін өтінеді. Ұлбикенің қарсылығына қарамай, атасынан рұқсат алып, тойға алып кетеді.
Тойдан көтеріңкі көңілмен оралған Ұлбикені қаһарын төгіп отырған Бойтан сері көріп қолындағы жауырын сүйекпен Ұлбикені маңдайдан ұрып, басын жарады. Ауыр жарақат алған Ұлбике үш күннен соң 22 жасында қайтыс болады.
Ұлбикенің төркіні құн даулайды. Екі жақтың ақсақалдары өзара кеңесіп, құнды шешу билігін діни ғұлама би Күдері қожаға жүктейді. “Пайғамбардың шариғат жолымен шешуін” өтінген халықтың өтінішін қабыл алған Күдері қожа мынадай үкім шығарған екен:
Бірінші, адамда “Бас құны” болады. “Бас құнға” Бойтанды өмірлік құл ғып кеседі.
Екінші, өнер адамында “Өнер құны” болады. Оған 50 жылқы, 9 жақсы.
Үшінші, “Дене құны”. “Дене құнына” – 50 жылқы, тоғыз жақсы.
Төртінші, “Аяқ құны”. “Аяқ құнына” – 50 жылқы.
Сөйтіп, Күдері қожа күйеуі Бойтан серіні құлдыққа, 150 жылқы, 18 жақсы төлеу жайлы билік шығарған екен. Бұл қазақтың билік тарихында үш ердің құны болып саналады. Қазақтың билік заңдарында (“Қасым ханның қасқа жолы”, әз Тәукенің “Жеті жарғысы”) әйелдің “әулиесіне” бір ердің құнын кескен. Ал, үш ердің құны тек үш жүздің ханына бұйырған.
Қорытынды:

Ұлбике ақынның айтыстары халқымыздың асыл қазынасы болып, қазіргі өмірдегі ел аңсайтын өнер өрнегінің қадірлісінің бірі. Оның шығармалары бұған дейін түрлі газет материалдарында, ғалымдар зерттеулерінде болғанмен кітаптарда сирек жарияланған.
1988 ж.Жазушы баспасынан шыққан «Айтыс» кітабында айтыстары жарық көрген.
М. Әуезов, С.Сейфуллин ақынды жоғары бағалап өздерінің оқу хрестоматиясына енгізген. Мәшһүр Жүсіп Көпеев терң зерттеулер жүргізіп, естеліктер қалдырған. Ақын Қадыр Мырза Әлі, жазушылар Қ. Мұхамеджанов, Ш. Мұртаза ақын қызға өздерінің бағаларын беріп, биіктігіне бас иіп, талантына, азаматтығына ой түйістіреді.
Ұлбике–XIX ғасырдағы аз өмірінде үлгілі із қалдырған, ақындығымен елді таңқалдырған ұшқыр таланттылығымен айшықталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сыр өңірі тарихы. Алматы «Атамұра»-1998 жыл,193,198-199 беттер.
2. Сыр сүлейлері. Мәдени мұра, Қызылорда – 2003 жыл. 21-39 беттер.
3. Саңлақ. Қ.Мұхамеджанов туралы естеліктер. Алматы, «Атамұра» - 2004 жыл 62, 64-66 беттер.
4. Мейрамбек Төлепберген «Таңдайында өлеңнің ұясы бар», // «Егемен Қазақстан», 22 наурыз, 2007 жыл.
Просмотров: 2055 | Добавил: Абдигапбар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика