Воскресенье, 22.12.2024, 06:29
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Ұлттық құндылықтар
23:41
Ұлттық құндылықтар
Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы
№7 Жалпы орта білім беретін мектебі
«Бейнелеу өнері, сызу және технология» пәнінің мұғалімі
Жоғары санатты ұстаз
Жаманов Ербол Тұрарұлы

Ұлттық құндылықтар
(баяндама)

Әр адам өз өмірі туралы жан - жақты ойланса, тереңнен толғанса өмірден өз орнын табуға ұмтылады. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп халқымыздың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай адам өз өмірін ақ ниетпен адал істерге бағыттап, рухани адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге, терең мазмұнға ие болып, өз орнын табады.
Жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтар адамға қажетті яғни керекті рухани байлық болып табылады. Біз білеміз ұлттық құндылықтарға халқымыздың мәдени мұралары, ата – баба салт – дәстүрлері, танымдығы, эстетикасы, тәлім – тәрбиесі, үлгі - өнегелік нақыл сөздер тағы басқалар.
Мысалға алып, солардың біразын айтар болсақ, естеріңізге түсер еді.
Халық игілігі ретінде осындай асыл қазыналар ұрпақтан – ұрпаққа сабақтасып келеді. Халқымыздың мәдени мұраларын сөз етсек, Оңтүстік Қазақстанда «Айша бибі», «Баба ата», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелерін мысалға алар едім. Ұлылар бас қосқан Ұлытау өңіріндегі «Алаша хан», «Жошы хан», «Домбауыл батыр» кесенелерінің өзі ұлтымыздың, халқымыздың рухани құндылықтары емес пе? Аңызға айналған «Тайқазанның» ешкімге ұқсамайтын жасалуы, Есік қаласынан табылған «Алтын адам», Талас өзенінің бойынан табылған Орхон – Енисей тас бетіндегі жазу – таңбалар ұлттық құндылықтарымыздың ішінде мәдени мұраларға жатады. Ұрпаққа бұларды білгеннің артықшылығы жоқ, қайта ой - өрісін кеңейтеді, қызығушылығын арттырады, білуге деген құлшынысын оятады.
Ата – бабаларымыздан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен дін, ел мен жер – бәрі біздің рухани байлықтарымыз. Осы рухани байлықты жете білген, бойына сіңірген зердесіне құя білген ұрпақ үнемі жақсылыққа, игілікке, ізденімпаздыққа ұмтылады.
Атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын салт – дәстүрлер, игі мұраттар отбасында әкенің ықпалымен дамып, байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, сонда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қалыптасады. Сонымен қатар, мен айтар едім, отбасы - сүйіспеншілік мектебі. Себебі, бала өз отбасында әке мен шешені, ата мен әжені ардақтап, бауырларына қамқорлық жасап, жақсы көреді, сыйлауды үйренеді. Әкенің мейірім – шапағатын, ананың аялы алақанын, атаның батасын, әженің ақылын, бауырдың жанашырлығын тек отбасында сезінеді. Әуелі ата жөнінде айтар болсақ, атаның отбасы үшін аса қымбаттығын халқымыз «Қариясы бар үйдің қазынасы» бар деген. Атаның да әженің де ақылдарын тыңдап өнегелерін көріп, сол жолмен жүрген ұлдың өмірден алар сыбағасы көп болады. Атаның, әкенің берген батасының өзі не тұрады. Дастархан басында отырғанда, бір істі бастарда, жол жүрерде берген ақ бата қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой – санамызға нұрлы шуақ сыйлап, марқайтып тастайды. Негізі, бата берудің түрлері көп. Дастарханға ас қайырғанда, алыс сапарға жол жүргенде, шілдеханада, қыз ұзатуда, ұлан – асыр тойда айта берсе толып жатыр. Мысалы, «Асқар таудай алып бол,
Аппақ қардай жарық бол» деген бата – тілек жақсы лебізге, ізгі сезімге толып тұр. Бұл да рухани ұлттық құндылықтары-мыздың біріне жатады.
Халқымыздың тағы бір асыл қасиеті – қонақжайлылық. Көлденең келген көк аттыны қонақ еткен, меймандостық танытқан, пана іздеп келген жанды бауырына тартқан, өзім дегенді өзекке теппеген, ақкөңіл, етек – жеңі кең біздің халықтай ел жоқ. Міне, осындай – осындай жақсы қасиеттерімізді, үлгілі өнегелерімізді ұлдарымызға сөзімізбен де, ісімізбен де көрсетіп отыруымыз керек. Сонда бала «кісі киік» болмай, көпшіл, бауырмал болады. Рухани құндылықтарымызға халқымыздың салт – дәстүрлері де жатады.
1. Сырға салу, қыз ұзату
2. Келін түсіру
3. Құдалық
4. Шілдехана
5. Бесікке салар
6. Тұсау кесер
7. Тоқымқағар
8. Ерулік беру
9. Жеті атасын білу тағы басқа.
Салт – дәстүрімізге қатысты сарқыт, сыбаға, байғазы, сүйінші, көрімдік сұрау, енші беру болса, ал ұлттық ойындарымыздағы «Көкпар», «Бәйге», «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Палуандар күресі», «Алтыбақан», «Ақ сүйек».т.б. Халқымыздан термеші де, жырау да, жыршы да, әнші де, күйші де көптеп шыққан. «Күй атасы – Құрманғазы», «Тәттімбет», «Дәулеткерей», «Дина» тағы басқа күйшілер болса, Ақан сері, Біржан сал, Естай, Мәди, Жаяу Мұса сынды күміс көмей әншілеріміз мәдени мұраларымыздың мақтанышы. Қаншама заманнан ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатыр. Мысалы, Әрі композитор, күйші Нұрғиса Тілендиев, вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқов, күйші Секен Тұрысбеков, әнші Ермек Серкебаев, Нұрғали Нүсіпжанов, атақты суретшілер Әбілхан Қастеев, Сахи Романов, Әубәкір Исмайлов, Қанапия Телжановтар өткен айтулы ұрпақтың жалғасы болды. Міне, рухани құңдылықтарымыз ешқашан ұмытылмайды. Халқымызда «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген өнегелі сөз бар.
Әр ұл әкесінің өнерін, өнегесін, үлгісін көреді, көзі қанады, үйренеді, содан еңбек сүйгіш болып шығарына дау жоқ.
Көшіп – қонып жүрсе де халқымыз өз күнін көрді, отбасын асырады, жақсы өмір сүру үшін ұсталық, зергерлік, тігіншілік, саяткерлік өнерлерімен айналысты. Ата кәсіп күн көріс көзі ғана емес, өмірге, қоғамға пайдалы
іс - әрекет мамандық әрі кәсіп болды. Өз білгенін баласына үйреткен әкенің ісі білімпаздықты білдірсе, сонымен қатар ата – баба дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы болып табылады.
Біздің мектебімізде мынандай іс – шаралар жүргізілді.
2010 – 2011 оқу жылында мен «Әкелер кеңесінің төрағасы» болып сайландым. Сол қоғамдық жұмысқа белсене араласып келемін. Әуелден жылдық жоспарымды құрып, сол бойынша жұмыс жасалады. Әр сыныптан әкелер кеңесінің мүшелерін сайлап аламын. Әкелермен бірге араласа отырып қызықты кештер ұйымдастырып, семинарлар, көңілді старттар, дөңгелек үстелдер, тіпті өнерлер сайысына қатысды.
2013 – 2014 оқу жылында Сәтбаев қалалық әкелер кеңесінің мүшелері құрметті номинациясына мынандай әкелер ие болды.
1.«Үлгілі әке» номинациясына үміткер Азиханов Сейдин Кәріғұлұлы
2.«Өнерлі әке» номинациясына үміткер Құлахметов Ерік Қыпшақұлы
3.«Өнегелі әке» номинациясына үміткер Ташенов Әліби Бақытжанұлы
4.«Мейірімді әке» номинациясына Макышев Бағдат Кеңесбекұлы
5.«Белсенді әке» номинациясына Жаңбырбаев Серік Амантайұлы
Сонымен қатар мектебімізде «Мектепке жол» акциясы бойынша бойынша 1балаға 1,500т. көмек көрсетілгені. Біз әкелермен ұйымдасып 2жыл бойы 1,500теңгеден қайырымдылық қорына ат салысып келеміз.
Менің сыныптан тыс тәрбие жұмыстарыма келетін болсақ.
2010 – 2011 оқу жылында «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі»
2011 – 2012 оқу жылында «Ата – ана, бала тәрбиесі»
2012 – 2013 оқу жылында «Әке – ізгіліктің іздері»
2013 – 2014 оқу жылында «Әке – асқар тау»
Халқымыз бала бойындағы қабілетті ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды жоғары бағалаған.
«Атасына тартқан ақын», «Әкесіне тартқан күйші» деп баласының икемі мен талабына сүйсіне қараған.
Әке жолы – ізгіліктің іздері. Қамқор әке баласының тәрбиесіне аса мән беріп ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіріп, көңілдеріне нұр құйып, шаттық сыйлайды.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ елін, жерін, Отанын сүйетін болады. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай елдің де, ердің де мерейін көтеретін ұрпақ тәрбиелейік.
Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Биікке ұшпай, - дегендей біздер алдымыздағы шәкірттерімізге, ата – аналар, әсіресе әкелер өз ұрпағына, ұл – қызына өзіміздің қанымызға сіңген, ата – бабамыздан қалған асыл мұраларымыз, яғни рухани ұлттық құндылықтарымызды зердесіне сіңіре тәрбиелесек, олардың талпынған талабын, бойындағы талантын ұштап өмірдің жолына дұрыс жөн сілтер едік. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл», - деп келіп, әкелер мен ұстаздар, бала тәрбиесіне мән берейік. Артыңда қалар ұрпағыңның ой - өрісі кең, тәрбиелі, өнерлі болып шығуына мән берейік!
Просмотров: 3034 | Добавил: Ербол | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика