Суббота, 21.12.2024, 17:32
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 22 » Ұлыстың Ұлы күні (С)
15:52
Ұлыстың Ұлы күні (С)

Курмангалиева Кумисжан Оралбековна,

Астана қаласындағы № 27 мектеп- лицейінде 
 қазақ тілі пән мұғалімі.

 

Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
1- Жүргізуші:
- Қайырлы күн, Наурыз тойына жиналған қауым! Бүгінгі «Сөз асылы- бата» атты мерекелік іс шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2- Жүргізуші: Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

1- Жүргізуші: - Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері Батаның негізгі түрлері: Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).

1. Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары.
2. Теріс бата – қарғыстың қат-ты, жазаның өте ауыр түрі. Мұн-дай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген.
3. Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уә-деде, елшілікте, ел арасында-ғы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең.

2- Жүргізуші: - Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсірет жоламас» деген. Ауылдастардың басын қосқан ақсақалдарымызды қарсы алайық!

Барлықтарыңыз тату- тәтті бақытты өмір сүріңіздер!
Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі- үйретуден аянбау,
Екіншісі- үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыздар деп ойлаймын.
Той ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!

1- Жүргізуші:
Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3- те даланы Қызыр ата аралайды.
Қызыр ата ортамызға келіп тұр,
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп.
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың ақ батасын.
(Ортаға Қызыр ата келеді)
Қызыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле- жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.
Аумин!

(Қызыр ата дастарқан басына жайғасады.)

2- Жүргізуші:
«Наурыз - біздің Қазақстанда тұратын көп ұлт өкілдері үшін ортақ мереке.

 Жүргізуші:
Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен кіші, жасымыз, кәріміз де.
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері,
Өнерлерін көрсетуге келді міне.
Енді ортаны баршаңызға ашайық,
Көрерменге жырдан шашу шашайық.
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерлермен інжу маржан шашайық.

«Наурыз көктем» әні шырқалады.

Домбырамен күй шертіледі.

«Хош келдің, төрлет, Наурызым!» әні шырқалады.
1- Ақсақал:
- Осы тойға кілең өнерпаз жастар жиналған екен. Берейін сендерге батамды.
Фарабидың басын берсін,
Жамбылдың жасын берсін!
Жолбарыстың жүрегін берсін,
Жортқан елдің білегін берсін!
Жүсіптің дидарын берсін,
Мұхаммедтің иманын берсін!
Жаныңа даланың кеңдігін берсін,
Әзірет Әлінің ерлігін берсін!
Әміренің әнін берсін,
Сәкеннің сәнін берсін!
Құрманғазының күйін берсін,
Шараның биін берсін!
Қажымұқанның қайратын берсін,
Исатайдың айбатын берсін!
Абылайдың байрағын берсін,
Бауыржан батырдың айбарын берсін!

 Жүргізуші:
-Наурыз мерекесінде дастарқан да жайылады. Бауырсақ пісіреді, Наурыз көже дайындайды, кымыз сапырады, ет асады және тәттілерден де қояды. Дастарқан басында да жұрт өнерлерін көрсетеді. Назарларыңызға «Дастарқан» әні шырқалады!

Қыздар «Дастарқан» әнін орындайды.

1-Жүргізуші:
-Қазақта дәмге де арналған баталар бар. Олар ас-дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту. Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіріп отыруы шарт. Сөзді Төле биге берейік:

2 -Ақсақал:
Дастарқандарыңызға береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін.

2-Жүргізуші:
- «Наурыз» мерекесі ойындар мен жарыстардың да мерекесі. Жастар арасында «Алтыбақан», «Ақ сүйек» және тағы басқа ойындар әйгілі болған.

1-Жүргізуші:
Салт- дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

2-Жүргізуші:
-«Көкпар» ойынының шарты мынадай: егер келіссеңдер шапалатайсыңдар, ал егер келіспесеңдер аяқпен топырлаймыз.

 Наурыз праздник для всех казахстанцев.
 Национальное блюдо казахов хачапури.
 Наурыз это новый год по восточному календарю.
 Национальное жилище казахов юрта.
 На масленницу пекут бауырсаки.
 Степной цветок Казахстана тюльпан
 Верблюды едят колючки.
 Казахи гостеприимный и дружелюбный народ.
 Бешпармак едят французы.
 Кумыс готовят из молока коровы.
Байга национальная игра казахов.
 Наурыз праздник мира, дружбы и весны.

1-Жүргізуші:
-Міне, кеш те болды.

«Желсіз түнде жарық ай» әні әндетіледі.

- Қонақтарымызбен қоштасатын уақыт келді. Халқымыз сапарға аттанарда да қол жайып, игі ниеттерімен баталары береді. Әйтеке биімізден сондай бата беруін сұраймыз.
-
3 -Ақсақал:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Серті мен сөзде тұратын,
Сенімді болсын жолдасың.
Жолыңды кесем дегендер
Ешқашанда оңбасын.
Сәтті болып істерің,
Жақсы болсын түстерің,
Жортып бір жортып жеткенде,
Жомарт болып төсегің.
Жұғымды болсын ішкенің
Көрмеген жерді көріп қайт,
Қайрылып сәлем беріп қайт.
Ырзығың сыртта шашылса,
Оны да түгел теріп қайт.
Айдарыңнан жел есіп,
Желіп барып, желіп қайт.
Бақ қосылып басыңа,
Дақ түспей ар мен бағыңа,
Сау-саламат өзіңмен
Кездесейік тағы да.
Әумин.

Бізге алтын уақыттарыңызды бөліп, мерекемізді тамашалауға келгендеріңізге көп рахмет. Қош - сау болыңыздар!

Просмотров: 1224 | Добавил: Жанна3231 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 toma  
0
Бұл тәрбие сабағының сценариін құрастырған: Курмангалиева Кумисжан Оралбековна, Астана қаласындағы № 27 мектеп- лицейінде  қазақ тілі пән мұғалімі.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика