Суббота, 21.12.2024, 17:58
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 29 » Мен Ғанимын
18:59
Мен Ғанимын
Мен Ғанимын (Ғани Мұратбаевтың монологы)
Мен Ғанимын -
Ұлымын Қазалының,
Ел-жұртыма жетеді азалы үнім.
Қыршын кеттім өмірден жазамын деп,
Қасіретін қырсыққан қазағымның.
Мен Ғанимын -
Жалынмын лапылдаған,
Қалды артымда таңдарым атырмаған.
Халқым үшін қаңтарда мұз жамылдым,
Мәселе жоқ басымды қатырмаған.
Ұланғайыр қазақ даласы әр дәуірде, әр кезеңде нешеме дара тұлғаларын дүниеге әкелген Сондай жарық жұлдыздардың бірі – жасындай жарқ етіп өте шыққан Ғани Мұратбаев. Қазақстан мен Орталық Азия жас¬та¬рының жалынды жетекшісі, шығыс жас¬тарының ұйымдас¬тырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі.Ол өз басына дарыған жігер-күш пен ақыл-парасатын шығыс халқының кемел келешегіне ба¬ғыт¬тады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың ала¬са¬пыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйым¬ның мүшелігіне қабылдануы тектен-тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жас¬та¬ры¬ның кемел келешегі үшін өмірін сарп етті. Қысқа ғұмырында қазақ халқын қиянат атаулыдан арашалап, надандықты жоюда белсене атсалысқан алаш арыстарының бірі, әрі бірегейі. «Елім, жерім!» деген терең мағыналы сөзді бір сәт те есінен шығармаған ұлтжанды халықтың баласы. Өлкеміздегі өркениеттің өрістегенін, дәрежесінің өскенін көкседі. Елінің болашағы үшін ілім-білімнің, ғылымның орны бөлек екенін елден ерекше түсінді. Жүрген жерінде мәдениет ошақтарының отын маздатуға үлес қосты. Қазақтың келешегі – ұрпақтарының сауатын ашуда ұйытқы болды. Жасындайын жарқ етіп, аққан жұлдыздай өте шыққан өмір жолы қиындыққа толы еді.
Қасиетті Сыр топырағында туған тумысы бөлек тұлғаның бірі – Ғани Мұратбаев. Ол ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымының аса талантты өкілі. Оның бойына біткен күш-жігер мен ақыл-парасат қаршадайынан халықты өзіне қаратты.Небәрi 23 жыл ғана ғұмыр кешкен ғасыр тұлғасы аз ғана өмiрiнде қазақ қоғамын қалыптастыруға, жастарды адамгершiлiкке, ақ жол¬ға тәрбиелеп, жас ұрпақты ұлттық тәлiмге баулуға үлгi көрсеттi. Жас¬тардың көзқарасын өзгертiп, қоғамға жаңа леп, тың идеялар алып келдi. Ғани Мұратбаев тек қазақ жастарының ғана емес, күллi Орта Азия халықтарының жас көшбасшысы бола бiлдi.
Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр сағасына жақын Қазалы уезінде, қазіргі өз атымен аталатын ауыл аймағында дүниеге келген.Ғанидың әкесі- Мұратбай – Қалыңбас болысын басқарған кісі. Оны бү¬кіл Қазалы жұрты жақсы біледі. Болыс баласын жасынан оқу-білімге бейімдеген.Ғани ержеткен соң әкесінің қағаздарын жазып-сызуға жәрдемдескен .Қазақта бұрын Ғани деген есім көп болмаған сияқты. Мұрат-байдың тым болмаса екі мүшел жасқа да жетпей қыршынынан қиылған қайсар ұлының құрме¬тіне талай оғланға азан шақырып ат қойдық. Ғанидың бұл есімді иелену тарихы да қызық. Қаза¬лы¬да Ғанибай Құсайынов деген ұлты татар ауқатты кісі болыпты. Кейбір зерттеушілер оны жиыр¬масыншы ғасырдың басында Қа¬занда кітап шығарып тұрған бас-пагер Құсайыновтың ағайыны деп те айтады. Қазалыдағы бұрын ауыл шаруашылығы техникумы орналасқан ғимарат бір кезде Ғанибайдың меншігіндегі аула¬ның ішінде екен. Мұратбай болыс жиі араласып тұратын татар та¬мы¬рының құрметіне баласының есімін Ғанибай деп атапты. Кейін жай ғана Ғани болып кеткен. Ке¬зін¬де жұртшылық жаппай оқы¬ған Айтбай Хангелдиннің «Ғани¬дың жұлдызы» атты кітабында Ғанидың алғашқы аты Ғанибет еді деп көрсетіледі. Сол кездегі идеологияның бұлжымас талап¬тары сақталғандықтан кітаптағы Ғани бай мен Мұратбай біріне-бірі жауығады да жүреді. Дей тұр¬сақ та, өз дәуірінде тиісті бағасын алған Жүсіпбек Арыстанов пен Айтбай Хангелдиннің Ғани тура¬лы көркем шығармаларын жоққа шығаруға болмас.
Он жасында әкесі Мұратбай, он төрт жасында анасы Бәтима өмірден озды. Әке-шешеден етек-жеңін жимай айрылса да, қайсар бала қатыгездікке мойымай, жетімдіктің жетегінде кетпеді.
Анасы Ғаниды көзі тірісінде «Ғаниды оқыт» деген Мұратбайдың соңғы аманатын жерге қалдырмай оқытуға тырысты.1911 жылы Ояз орталығы Қазалы қаласындағы пансионы бар қалалық төрт кластық орыс-түзем (бұратана) мектебіне оқуға берген-ді.Ғани анасының үмітін ақтап,мектепті жақсы бағамен бітіріп шықты.Ал 1915 жылы ол мұғалімдер даярлайтын үш жылдық училищеге оқуға түседі.Бұл Ғанидың бойы да,ойы да ер жете түскен шақ еді. 1917 жылы революцияның өршіп тұрған кезінде Қазалыдағы оқуды тәмамдап, бір жылдай революциялық комитет құрамында қызмет істеді. Он бес жастағы жасөспірім баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тегін емес. Саяси көзқарасы мен сана-сезімі әлі қалыптаспаған жас Ғанидың аз уақыт болса да осы ұйымға мүшелікке кіруі оның қатарластарына қарағанда ерте есейгендігін аңғартса керек.
Уездік революциялық Кеңес құрамында жүрген қысқа мерзім Ғанидың өмірге, жалпы қоғамға деген көзқарасын күрт өзгертті. Ең бастысы, оқымаса болмайтынына көзі жетті. Алғыр ойлы жігіт білімсіз іске аспайтынын түсініп, 1918 жылы революциялық комитет құрамынан өз еркімен шығып, Ташкент қаласына оқу іздеп барды. Мұнда педагогикалық училище (халық ағарту) және Финкельштейн атындағы мемлекеттік мектепте оқып, білім алды. 1919 жылы жастар ұйымына мүшелікке қабылданды. Осы күннен бастап Ғанидың жалындаған өмірі жастар ұйымымен тығыз байланыста өтті.
Ташкент қаласында еңбекші жастар ұйымы 1918 жылдан бастап құрылып,алғашында Лев Толстой атындағы Ташкент жастарының ұйымы,артынан еңбекші жастардың социалистік одағы ,ал 1919 жылдан бастап Коммунистік Жастар ұйымы деп аталды.Түркістан комсомолының бірінші съезі қарсаңында бұл ұйымның құрамында бес мыңнан астам мүшесі болған.Сол съезде саяси санасы да,жалпы білімі де көп жастардан озық Ғани Мұратбаев комсомолға жай мүше болып қана қоймай,оның алдыңғы қатарлы белсенді мүшесі,комсомол жұмысының ұйымдастырушыларының бірі болды.
Бұл жолда қызмет бабында қазақ пен қырғыздың,орыс пен өзбектің,тәжік пен түрікменнің көптеген тамаша тағдырлы, озат ойлы адамдарымен кездеседі.В.Колчин,С.Сапарбеков,Ә.Ақпаев,Ш.Забиров,К.Алимов,Ж.Абдрахманов,Н.Фокин,Е.Алдоңғаров,С.Есова,С.Нүрпейісов т.б.
Саяси сана-сезімі, өмірге көзқарасы да көп жастардан озық Ғ.Мұратбаев комсомолдың алдыңғы қатарлы белсенді мүшесі болды. 1916 жылғы, одан кейінгі оқиғалар салдарынан аштыққа, жалаңаштыққа ұшыраған жетім балаларды интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарту ісіне белсене араласты. 20-30 жылдарда Кеңес елінде жүргізілген саяси-экономикалық реформалар салдарынан халықтың тұрмысы күйзеліп, панасыз,жетім балалар күрт көбейіп, үлкен әлеуметтік мәселеге айналғаны тарихтан белгілі. Қазақ панасыз балаларының тарихын ашуда Қазақстан Жастар Одағының көсемі Ғани Мұратбаевтың мақалалары құнды еңбек болып табылады.Панасыздықпен күреске өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі – Ғ.Мұратбаев. Ғ.Мұратбаев замандастарының естеліктерінде 1920-1921 ашаршылық жылдары панасыз балалардың ең көп шоғырланған жері –Түркістанда балалардың өмірін сақтап қалу үшін істелінген істер, жетістіктер мен қиыншылықтары туралы айтылады.
1920 жылы Түркістан майданы кеңесінің төтенше өкілі Д.Фурманов Жетісу еңбекшілері арасында саяси-ағарту жұмыстарын жүргізуге РКП (б)-ның Түркістан жөніндегі комиссиясынан білімді, сенімді кадрлар жіберуді сұрады. Ғани көмекке жіберілген жастардың алдыңғы сапында жүрді. Верныйда педагогикалық курстың тыңдаушыларына сабақ берді.
1921 жылы Лениннің РЛКСМ-нің ІІІ съезінде сөйлеген «Коммунистік жастардың мақсаттары» атты сөзін қазақшаға аударды. Наурыз айынан бастап, оқуынан қол үзбей жүріп, Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің қазақ-қырғыз жастары арасында жұмыс ұйымдастыратын Бюросының төрағасы болып сайланды. Түркістан комсомолының өкілі ретінде Орынбор қаласында өткен Қазақстан комсомолының бірінші съезіне қатысып,сөз сөйлеп,бірқатар ақыл кеңестерін береді.
Съезде музыка зерттеушісі, қазақ әндері мен жырларын және күйлерін нотаға түсіруші Александр Викторович Затаевич Ғанидың айтуымен қазақтың халық әндері «Дудар-ай» мен «Қатын жырауды» жазып алады. Бұл әндер А.В.Затаевич құрастырған «Қазақтың 1000 әні» атты жинаққа енгізілді.Ғанидың «Сәулем-ай», «Қараторғай» әндерін шырқғанын Қазақ КСР-ына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері,әрі әріптесі Сара Есова өз естелігінде айтады.Зерттеуші-журналист Сейілхан Асқаров 1973 жылы «Простор» журналында жариялаған Ғанидың «Жизнь-пламя» атты өлеңі оның көпшілікке беймәлім тағы бір қырын танытады. Яғни, бұл, Ғанидың өнерлі жігіт екендігін айғақтайды.
1921 жылы 22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркістан Республикасы Комсомолының үні – «Жас Алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарыққа шықты. Бұл Алаш жұртының рухани өмірінде, баспасөз тарихында мәңгілік есте қалар оқиғаға айналды. Кейін ол газет «Жас қайрат» деген атпен шықты. 1922 жылдың қыркүйегінен Ғ.Мұратбаев осы мерзімдік басылымдардың редакторы болды. Ұзамай Ғани РЛКЖО (Ресей Лениншіл коммунистік жастар одағы) ОК-нің мүшесі болып және КЖИ (Коммунистік жастар интернационалы) атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.
1922 жылы Коммунистік партия қатарына кандидаттық мерзімсіз қабылданды. Мамыр айынан бастап РКЖО (Ресей Коммунистік Жастар Одағы) Орталық Комитетінің Орта Азиялық бюросы құрылып, Ғани Мұратбаев бюро мүшесі және хатшысы болып сайланды.Осы жылы Орта Азияда еңбекші жастар арасындағы қозғалысты дамытудағы зор еңбегі үшін Хорезм Республикасының «Қызыл Еңбек» орденімен марапатталды.Сол ордненнің мандатында «Орта Азия еңбекші жастарының көсемі Мұратбаев жолдасқа»,«Орта Азия,әсіресе Хорезм комсомолы ұйымдарының жұмысын басқаруда зор қайрат көрсеткені үшін Хорезм ССР Еңбек Қызыл Ту ордені».Бұл мандатты архивінен тауып әкелген белгілі тарихшы Елтоқ Ділмұхамедов болатын.
Қыркүйекте Түркістан Республикасы Комсомолының ІV съезін өткізуге атсалысты. Қазан айында өткізілген РКЖО-ның V съезінде Балтық Теңізі Флотын комсомолдық қамқорлыққа алған Орталық Комитеттің президиумы мен комитет мүшелерінің қатарында Ғани Мұратбаев та «Құрметті теңізші» атанды.
1923 жылы Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің пленумында Ғани Мұратбаевтың өзі дайындаған «Көп ұлтты КСРО жағдайында комсомолдың алдында тұрған мақсат: жастар арасында интернационалдық тәрбиені іс жүзіне асыру, ұлтшылдық қалдықтарды жою, КСРО-ның еңбекші жастарын тәрбиелеу жөніндегі» Тезисі жарияланды. Бұл оның білімділігін, саяси көзқарасының кемелденгендігін көрсетсе керек.
1924 жылы РКЖО-ның VІ съезіне делегат болып қатысты. Шілдеде жержүзілік Коммунистік Жастар Интернационалы (КИМ-нің) ІV конгресінде Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланды. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының алғашқы күндерінде өткізілген Түркістан комсомолының ІІІ съезінде Ғани Мұратбаев Орталық Комитетке мүше және ұйымдастыру пленумында Түркістан Комсомолы Орталық Комитетінің жауапты (бірінші) хатшылығына сайланды.
Қыркүйек айынан өмірінің соңына дейін Коммунистік Жастар Интернационалының Шығыс Жастары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Ғани Мұратбаев РЛКСМ Орталық Комитетінің хатшысы Николай Чаплин,бөлім қызметкері Александр Мильчановтармен сырлас,пікірлес болған.А.Мильчанов Ғани туралы: «Ғанидың бойында жұмысты өндіріп істейтін тамаша қасиет бар еді,ол жабырқау,жасқану дегенді білмейтін,бір адамның бойынан осындай ашық мінез бен еркін қимылдың табылуы оңай емес қой,ол бұған қалай ие болды екен деп қызыға қараушы едік.»-дейді.
Жұмысты беріліп істейтін, тапсырылған жұмыстан бас тартпайтын, әр істі аяғына жеткізбей тынбайтын Ғанидың өз денсаулығына қарауға да мұршасы келмеді. Ауырдым деуге арланған намысшыл жігіт науқасқа шалдыққанын да білдірмей жүрді. Алайда, асқынып кеткен өкпе дерті жас Ғаниды ақыры алып тынды. 1925 жылдың 15 сәуірінде Ғани мәңгілікке көз жұмды. Өзекті өртеген өкініштің оты оның серіктестері мен бүкіл қазақ жұртының, Шығыс жастарының жүрегін сыздатты. Мәскеу Ғаниды үш күн аза тұтты. Оның денесі салынған табыт қоштасу үшін Мәскеу қаласындағы Шығыс Еңбекшілері Коммунистік Университетінің залына қойылды. Қаралы митингіге он бес мың адам жиналды. Балтық теңізінің екі жүз жауынгері құрметті қарауылда тұрды. Қала орталығындағы Ваганьков зиратына арулап жерленді. Ғанимен қоштасуға одақтас республикалардың комсомол қайраткерлері, партия, кеңес ұйымдарының өкілдері, КИМ-нің мүшелері қатысты.
1925 жылы 15 сәуірде ол қайтыс болғанда, «Правда» газеті мынадай қазанама жариялаған: «...Мұратбаев жолдас Одақтағы аса көрнекті қызметкер, Кеңестік Шығыстағы революцияшыл жастардың аса талапты өкілі еді. ...Мұратбаев жолдас ірі масштабтағы комсомол қызметкері. КЖИ-де ол Шығыс бөлімін басқарды. Алайда 1924 жылдың күзінде басталған ауру оны бізден және комсомол жұмысынан алып кетті...» (РЛКЖО Орталық Комитеті. «Правда», 1925, 17 сәуір).
Халықтың Ғанимен қоштасу сәтіндегі қаралы митингіде Лениннің шәкірті және серігі Николай Ильич Подвойский: «…Біз Советтік Күншығыстың үлкен тұлғасынан айрылдық. Жолдас Мұратбаев ауыр еңбектен бас тартпай жанып кетті…» десе, РЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.П.Чаплин: «Ғани Мұратбаев бұрынғының лағнет атқан ұлтшылдық қалдықтарынан аулақ жас ұрпаққа жатады және солардың ішіндегі аса көрнектісі»,– деп баға берді.
Ғани туралы жазылған кітаптар мен серіктес-замандастарының естеліктерін, өзінің қолжазбаларын оқи отырып, оның бойында әр адам тағылым аларлық мынадай ерекше қасиеттердің тұнып тұрғандығына көз жеткіздік.
Білімге құштарлық, әділдік, табандылық, ұйымдастырушылық, уәдеге беріктік, саяси тұрақтылық, шешендік, адамдармен ортақ тіл табысу, жалған уәде бермеу, әлсіздерге қамқорлық, бастаған істі аяғына жеткізу, болашақты болжау. Бір басында осындай мінез бен қасиет тоғысқан асыл азаматтың өнегесін ұрпаққа үлгі ету міндет десек те, парыз десек те болады.

Қазалы қала¬сындағы Ғани Мұратбаевтың ес¬керткіші мен тарихи-мемориал¬дық музейі.
Орталық Азия мен Қазақстан жастарының жетекшiсi, демократ-ағартушы, көрнектi қоғам қайраткерi Ғани Мұратбаевтың жолы бiзге үлгi-өнеге. Жиырма үш жыл ғана өмiр сүрiп, жаһанға танылған Ғанидың iсi мәңгiлiк жасайтыны сөзсiз. Осы орайда Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толуы құрметiне жыл басынан берi Қызылорда облысында түрлi мәдени iс-шаралар ұйымдастырылды. Оның туған жерi Қазалы ауданында 2012 жыл “Ғани жылы” деп аталды. Облыс және аудан әкiмдiгi тарапынан ұйымдастыру комиссиялары құрылып, 21-22 қыркүйекте мерейтой кең көлемде атап өтілді.
Бүкіл Орталық Азия мен Қазақстан жастарының жетекшісі Ғани Мұратбаев кезіндегі Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Қазалы уезінде дүниеге келген. Бүгінде Ғанидың туған топырағы өз есімімен аталатынын біреу білсе, біреу білмес.
Орта Азия мен Қазақстан жастарының ХХ ғасырдағы жалынды жетекшісі, өз заманының патриоты, көрнекті қоғам қайраткері, Қазалы топырағының даңқты перзенті Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі 1968 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы аудандық Кеңесінің шешімімен ашылды. Музейге ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сібірден әкелінген ағаш бөренелерден салынған орыс саудагерінің үйі болған, кейін Кеңес өкіметі орнаған жылдары бірінші сайланған Еңбекшілер депутаттары Қазалы қалалық Кеңесінің кеңсесі орналасқан ғимарат берілді.
Музей Қазалы қалалық кітапханасында 1967 жылы ұйымдастырылған мүйіс-көрме негізінде ашылды. Бұл мүйісті ұйымдастыруға белсенді ұстаздар М.Жанұзақов,Бейбітәлі Құлсейітов,кітапханашылар С.Төлегенов, Ж.Төлеповалар атсалысты.
Ғанидың өмірі мен қызметіне қатысты көптеген құжаттар мен фотосуреттер Алматыда тұрған зерттеуші-журналист Сейілхан Асқаровтан сол жылдардағы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Т. Жұмабаев арқылы алынды.
1979 жылдан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып жұмыс істеген Ғани музейі Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің 1981 жылғы 30 сәуірдегі және Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының 1981 жылғы 19 маусымдағы № 107 бұйрығына сәйкес дербес музей болып құрылды.
1981-1984 және 1991-1992 жылдары қосымша құрылыстар салынып, музей ғимараты кеңейтілді. Ғани Мұратбаевтың 75, 80, 90, 100 жылдық, музейдің 30, 40 жылдық мерейтойлары республикалық деңгейде аталды.
Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойы кезінде Мәскеу қаласындағы Ваганьков зиратындағы қабірінен музейге топырақ әкелініп қойылды.
Ғани Мұратбаевтың 105 жылдығы құрметіне ол туралы жазылған өлеңдер мен поэма-толғаулардан және әндерден құрастырылған «Мен – Ғанимын» атты жинақ шығарылды. 2008 жылы музейдің негізі қаланғанына 40 жыл толуы қарсаңында музей тарихына арналған «Ғани тағылымы» атты кітап жарық көрді.
Музейге келушілер жыл сайын көбейіп, экспонаттар саны артуда. Ғани рухына тағзым етушілер қатарында ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен келген аудан қонақтары, мемлкет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, журналистер бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы кезінде 1986 жылы Сыр бойына келген жұмыс бабындағы сапарында Ғани музейінде болып,қолтаңба қалдырды.
1968 жылы музей алғаш ашылғанда 200 жәдігер, 3 зал болса, бүгінде музей қоры 6089 жәдігерге жетті. Музейге қазіргі таңда сегіз экспозициялық, бір көрме залы бар. Ғанидың балалық шағынан бастап, ақтық сапарға аттанғанға дейінгі өмір жолы осы залдарға кезең-кезеңмен орналастырылған. Сондай-ақ, музей қорында оның өз қолымен жазылған хаттары, көпшілікке беймәлім құжаттары мен фотосуреттері бар. Сонымен бірге, қызметтес болған серіктерінің, замандастарының естеліктері мен кітаптары да табылады. Мұнымен қатар, Ғани туған өлкенің тарихынан да мол мағлұмат алуға болады.
Музей қорында 4189-і негізгі, 1900-ы көмекші қор жәдігерлері сақтаулы.
2008 жылы мұражайдың не¬гіз¬гі қалаға¬ны¬на 40 жыл толуы қарсаңында мұражай тарихына арналған «Ғани тағылымы» атты кітап, ал оның 105 жылдығы құр¬метіне ол туралы жазылған өлең¬дер мен шығармалардан, тол¬ғаулардан және әндерден құрасты-рылған «Мен Ғанимын!» атты жинақ шығарылды. Мұның бәрі мұражай қызметкерлерінің атқа¬рып жат¬қан жұмыстары. Олардың бұл ең¬бегін, мұра¬жайдың қызметін жастарға тәлім-тәрбие беруде, үлгі-өнеге көрсетуде тиімді пайдалана біл¬геніміз жөн. Ғани өмірін кеңі¬нен әрі жан-жақты білу үшін оның мұража¬йы¬мен де танысу керек. Ол үшін әр өңірлер¬дің жастарынан алдағы уақытта мұражайға экскурсия ұйым¬дас¬тырылып отыруы керек.
Музей экспозициясы
1.Кіре беріс зал
2.І-ІІ-залы Ғани туған өлкенің тарихына арналады
3. ІІІ-ҮІ залдар экспозициясы Гани Мұратбаевтың балалық шағы мен Жастар Одағының құрылуы.
4.ҮІІ зал Ғаниды ақтық сапарға шығарып салу сәтіне және Ғанидың замандастары мен ізбасарларына арналған.
5. Тәуелсіздік залы.
Ғани¬дың ба¬лалық шағынан бастап, өмірінің соңы¬на дейінгі жүріп өткен жолы осы залдарға кезең-кезеңімен ор¬наластырылған. Сондай-ақ, мұра¬жайда түпнұсқа жәдігерлер, атап айтқан¬да, Ға¬нидың өз қолымен жазған хаттары, көп¬шілікке бей¬мәлім құжаттары мен суреттері де бар. Мұражайда әрдайым түрлі іс-шаралар мен мек¬тептерде ғылыми-тәжірибелік конферен¬ция¬¬лар, жылжымалы көрме ұйымдастырылады
15 сәуір күні Ғани Мұратбаевтың өмірден өткеніне 87 жыл толуына орай музей жанындағы Ғани ескерткіші жанында «Мәңгілік жас Ғани» атты еске алу митингісі болды. Митингіге қала әкімшілігі, қалада орналасқан мектеп мұғалімдері мен оқушылар, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары, барлығы 117 адам қатысты.
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер күніне орай музей ауласындағы Ғани алаңында «Бабадан жеткен мұралар» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 104 адам қатысты.
«Ғани Мұратбаев – 110 жаста»
Музей экспозициясын пайдалана отырып, Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай республикалық «Хабар» және Оңтүстік Қазақстан облыстық «Айғақ» телерадиокомпаниясы Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильм түсірді.
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні құрметіне «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Келушілер Ғанидың өмірі мен қызметіне байланысты экспозиция залымен және «Музей – мұралар қазынасы» атты көрмемен танысты.
Ғани Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толу қарсаңында аудан көлеміндегі мектептерде ұйымдастырылған конференциялар мен өткізілген ғылыми жұмыстарға қажетті материалдар дайындалып, музей қорынан берілді. «Ғани тағылымы», «Ғани Мұратбаевтың музейі» атты кітап, буклет таратылды. Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметіне байланысты «Ғани» атты хроникалық-документальді фильм түсірілуіне байланысты қажетті материалдар іріктелініп, сценарийі дайындалды.
1986 жылы Ғанидың биіктігі 2,2 метр еңселі ескерткіші бой көтерді. Ескерткіш авторы белгілі сәу¬летші, ресейлік Р.Степанов бол¬са, ал ескерткіш Мәскеу скульп¬туралық комбинатында жасалған. Ашығын айтар болсақ, жыл сайын өмірден жалындап өткен жас ғұмырдың еңселі ескерткішіне бас ие, тәу етіп, қорымына бір уыс то¬пы¬рақ салу мойынымызға жүк¬тел¬ген қарыз бен парыз болып қалған.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2012 жылдың 13 сәуірінде облыстық музей қорында жинақталған архивтік құжаттардан, суреттерден белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан жастар комсомолының алғашқы жетекшілерінің бірі Ғ.Мұратбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Шығыста туған жұлдыз» атты көрме ұйымдастырылды.
«Жас Алаш» газетінің тарихынан.
Кеңес өкіметі за¬манында қазақ жастарының талай буынын адалдыққа, ең¬беꬬсүй¬гіштікке, адамгершілікке, има¬¬н¬¬дылыққа, қайырымдылыққа, ұл¬т¬жандылыққа, отансүй¬гіш¬тік¬ке тәр-биелеген көпшіліктің сү¬йікті газеті болған . Оның ең алғашқы редакторы Ғани Мұ¬рат¬баев, жауапты хатшысы Ілияс Жан¬сү¬гіров екені белгілі.І.Жансүгіров өз естелігінде былай дейді: «Бұл жылы біз Ташкентте оқитын едік.Ғани университетте оқитын.Ол оқып жүріп әлеуметтік ісіне көңіл қойып,жас коммунистердің алғашқы ұйымын жасай бастаған Ғанидың оқуынан ұйымдастыру жұмыстарын істеуі көп болушы еді,сол жылы жазға салым жастардың жиналысында Ғани көптің ортасында «жастар газетін шығару» деген ой тастады.Жиылыс мұны мақұлдап,бұл жұмысты ұйымдастыруды Ғаниға тапсырды.Мен хатшылық міндетін мойныма алдым.Садуақас,Әлижан,Шамғали секілді азаматтар ат салыса бастады.Ғани жоқтан құрап,газеттің қағазын,ақшасын тапты.Сонымен екі бетті ғана қазақ жастарының тұңғыш газеті-кішкене «Жас алаш»газеті жарыққа шықты.Әлі ұмытпаймын.Газеттің бетін тізіп,енді баспаға жібергелі тұрғанда Ғани келіп: «бұған бір ұран жіберелік,тұңғыш жастар газетінің,жастар ұранын осы газеттен бастап жариялайық!» деп еді.Сондағы Ғанидың газеттің маңдайына қойған ұраны: «Заманға қожа болу,тұрмысқа тұтқа болудың кілті-бірігіп ұйымдасуда.Ояныңдар,ұйымдасыңдар,езілген Күншығыс жастары!». Міне, осы ұран - әлі ұран, осыдан басталып, қазақ жастарының арасында әлеуметтік сезім өсе бастады. Бұған мұрындық болған Ғани».
Бүгінгі таңда мәңгілік жастық рухын жоғалтпай отырған «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі 1921 жылдың 22-наурызында Ташкент қаласында шыққан.Қазақстан комсомо¬лы-ның 1921 жылы шіл¬де¬де өткізіл¬ген съезінде ол Қазақ АКСР-і жас¬та¬рының үнпарағын шығару¬ды және оның атын «Жас Алаш» деп атауды ұсынады. Съезд делегаттары Ғанидың бұл ұсынысына қосы¬ла¬ды, алайда газеттің «Жас Алаш» атынан ұлт¬шылдықтың желі еседі, оны өзгерту керек дегендер де болды. Ол үнпарақтың «Жас Алаш» атауын табанды¬лықпен қорғайды. Бі¬рақ ке¬ңес¬тік идеология бір жылдан кейін «Жас Алаш» атауын өзгертіп тынады. Негізін Ғ.Мұратбаев өзі қалаған және тұңғыш редакторы болған газет алғашқы сандарынан бастап-ақ қорда¬лан¬ған қазақ мәселесін, оның ішінде жастарға қатысты оларды оқыту, жұмысқа тарту, сауат¬сыздықты жою мәселелерін көтерді.«Дерек бойынша, мұның басында тұңғыш рет Ғани Мұратбаев болған екен. Жалынды жігіт, жігерлі жас екен. Қыршын кетті. Сірә, жанып кеткен сияқты. Мәскеуде «Ваганьков» дейтін зират бар. Сонда қалды. Комсомолдың кезінде оны анда-санда еске алып, артынан іздеп барып, басына гүл шоқтарын қойып кететіндер болушы еді. Енді кім біледі...» деп жазады осы газеттің бір кездегі бас редакторларының бірі, белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза («Жалының барда жарқылда»,ЕгеменҚазақстан,22.03.2001).
Совет өкіметі тұсында қазақ жастар баспасөзінің тарихы Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожановтардың септесуімен Ғани Мұратбаев «Жас Алаштың» алғашқы нөмірін шығарған күн - 22 наурыздан бастап есептелді
Тарих ғылымдарының докторлары Сағымбай Қозыбаев пен Қырықбай Алдабергеновтер де: «Қазақ жастар баспасөзінің тарихы қазіргі айтып жүргендей 1921 жылдың наурызы айынан емес, 1918 жылдың шілде айынан басталады. ... Ал «Жас Алаш» газеті болса, Кеңес өкіметі орнап, нығая бастаған тұста Түркістан республикасында қазақ жастарына арналып, жаңа бағытта шыға бастаған алғашқы басылым. Яғни «Жас Азамат» газетінің ізбасары» деп санайды («Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», Қазақ әдебиеті, 16.03.2001)
Болат Бодаубай, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.«Егемен Қазақстан»2011 жыл.
«Лениншіл жас» газеті жасының бір жылға қалай ұзартылғаны жайында. Ол жылдарда газеттің шыға бастаған мерзімі 1922 жыл деп көрсетіліп келген. Содан, мен газет¬тің комсомол тұрмысы бөлімін басқарып жүрген күндердің бірінде, бөлімге қызыл шырайлы, шүйделі, қай уақытта көрсең де көйлегінің жоғарғы түймесін ағытып тастап, қызара бөртіп, бусанып жүретін Сейілхан Асқаров деген журналист аға¬мыз келді. Белгілі журналист Сейілхан Асқаров Ға¬нидың өмірі мен қыз¬метін жинақтап, зерттеу жолында үлкен еңбек жасады. Ол Ғани қыз¬мет еткен Ташкент пен Мәс¬кеуге барып, Түр¬кістан комсомолы мен Бүкілодақтық Комму¬нис¬тік Жастар Одағы Орталық Ко¬митетінің мұрағатын ақтарып, тың мәліметтер тауып, 1960-70-жылдары 50-ге жуық мақала жариялады. Ол мақалаларын екі тілде жаза беретін. Комсомолдың тарихын, Ғани Мұрат-баев¬тың, Әлия мен Мәншүктің өмірлерін зерттеумен айналысып жүретін.
– Мен сендерге өзім тапқан олжамды көрсетіп, қызықты дерек айтқалы келдім, – деді ол бірден. Сөйтті де қолындағы алып келген қағазын менің столыма жа¬йып салды. Жазуы арабша, ескі бір газет¬тің фотокөшірмесі екен.
– Сен арабша ескі жазуды оқи аласың ба? – деп сұрады.
– Жоқ, – дедім іштей өкінішпен.
– Мынау 1921 жылы Ташкентте шыққан, редактор ретінде Ғани Мұрат¬баев қол қойған «Жас алаш» газетінің нөмірі екінші саны. Мұның бірінші және өзге сандары әзір менің қолымда жоқ. Осыған қарағанда сіздер газет¬теріңіздің шыға бастаған уақытын «1922 жылдан бері» деп қате көрсетіп жүрсіздер, – деді ол.
– Мынауыңыз тосын дерек екен, – дедім мен бірден қызығушылық танытып. Менің үнімнен осы мәселенің жай-жапсарын білуге құмарлықты аңғарды ма, Сейілхан ағамыз Ғанидың өмірі мен қызметі туралы өзі тапқан тың деректерді, Ғаниды білетін көзі тірі бірнеше адам¬дарды қалайша іздеп тапқанын, олардан естіген әңгімелерін көсілтіп айта жөнелді.
– Ғани 1921 жылы небәрі он тоғыз жасында әуелі Самарқанд өлкелік комсомол комитетінің, одан соң Түркістан Республи¬касы комсомол ұйымы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған. Дәл сол кезде ол Ташкентте «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторы да өзі болған, – деді Сейілхан Асқаров.
Қазақ жастарының тұңғыш газеті «Жас қайрат» деген атпен Қызылорда қаласында 1923 жылға дейін, одан соң Орынборда шы¬ғып тұрған. Ал 1924 жылдың февралінен 1925 жылдың декабріне дейін «Лениншіл жас» деген атпен «Еңбекші қазақ» (қа¬зіргі «Социалистік Қазақстан») газетінің төр¬тінші бетінде басылып келген. Содан соң 1926 жылдың 30 октябріне дейін қай¬та¬дан «Жас қайрат» аталған. Ал 1927 жылдың 22 сентябрінен бері «Лениншіл жас» аталып келеді.
Және бір назар аударатыны газетте осы мақалаға қоса газеттің «Жас қайрат» деген атпен шыққан сол жылдардағы бір нөмірінің бірінші беті¬нің атауы, анш¬ла¬гы бар жоғарғы жағының фотосуреті қоса берілген. Онда «Жас қайрат» деп үл¬кен араб әріптерімен жазылған атау¬дың тұсындағы «ЖАС-КАЙРАТ». Орган Казкрайкома Р. Л. К. С. М.» деген сөздер анық көрінеді. Газет редакциясы «Жас алаш» деп газеттің алғашқыдағы Ғани қойған өз атын ол уақытта атай алмаған.
Әуелбек Қоңыратбаев – Ғани¬мен бірге «Жас Алашты» шыға¬рыс¬қандардың бірі. Ғани оны корректор етіп тағайындаған. Сөйтіп, тоқсан жылдық та¬рихы бар газеттің дәстүрлі кор-рек¬турасын әйгілі ғалым Әуел¬бек¬тен бастауымызға толық негіз бар. Егер «Жас Алаш» пен «Жас қайраттың» алғашқы санда¬ры¬нан «Ә.Қ.» деп қол қойған хабар¬лар мен мақалалар көрсеңіз, оның авторы «Жас Алаштың» ал¬ғашқы қызметкерлерінің бірі Әуелбек Қоңыратбаев деп біліңіз. Ә.Қоңыратбаев өз естеліктерінде жас Мұхтар Әуезовті Ташкентте Ғанимен таныстырғанын, жастар жетекшісі сондағы Халық ағарту институтының клубында Мұхтар мен Мағжанның әдебиет туралы айтысын ұйымдастырғаны тура¬лы айтады. Әде¬биет¬ші-ғалым Ғанидың Сұлтанбек Қожановпен бір аулада тұрғанын баяндайды. Ғанидың қырғыз ұлан¬дарына да көмегі аз бол¬мапты. Оның шарапатын көрген Ықыласов деген азамат кейін Қыр¬ғызстанның Жоғарғы Кеңе¬сі¬нің төрағасы болып қызмет істепті.
Қазақ баспасөзінің тарихына терең бойлаған профессор Темір¬бек Қожакеев ұсынған мына бір дерек елең еткізбей қоймайды. «Қазақстан комсомолының 1921 жы¬лы шілдеде өткізілген І съезіне Түркістаннан өкіл болып Ғ.Мұ¬рат¬баев келген. Сонда Қазақ АССР-і жастарының баспасөзін шығару туралы сөз болғанда Ғани «Қазақ өлкесінде бөлек газет шығармайық, «Жас Алаш» Қа¬зақ өлкесі мен Түркістан жаста¬рының тілі болсын» деп ұсыныс жасаған. Қазақстан делегаттары Ғанидың ұсынысына қосылып, «Уақытша бірігейік, одан кейін жеке газет шығарамыз» дескен. Тек газеттің «Жас Алаш» атынан ұлт-шылдық лебі еседі, оны өзгер¬тейік» деп ұсыныс жасаушылар да табылған. Ғани оған көнбейді, сол атауды қалдыра беруді жақ¬тайды. Бірсыпыра делегаттар «Жас Алаштың» мазмұны, бағы¬ты таза емес деп тауып, оны өз¬дерінің орталық органы деуге қарсы болады. («ЖА», 1991 жыл,5мамыр).
Бірақ көп ұзамай қағаз тапшылығынан және қаржы жоқтығынан бұл басылым жабылып қалады да, ені оның орнына 1922 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Орта Азия бюросының һәм Түркістан Ортақшыл Жастар Ұйымы комитетінің он күндік газеті «Жас қайрат» шығарыла бастады. Редакторы болып Е. Алдоңғаров бекітілді.
«Жас қайрат» газеті 30 шақты нөмірінен кейін 1924 жылдың қаңтар айынан бастап журналға айналады. Бұл Түркістан мен Қазақстандағы жастар басылымы тарихының алғашқы кезеңі болатын. Ал, республикадағы жастардың басылымы – «Өртең» газеті 1922 жылы Орынборда жарық көрді. Оның шығарушылары – С.Садуақасов, А.Байтұрсынов, Ә.Байдаралин, Е. Алдоңғаровтар еді. Өкінішке орай, «Өртеңнің» де екі ай ішінде 6-ақ нөмірі шығып, саяси ұстамсыздағы үшін деген желеумен жабылып қалған. Енді Қазақстанның аймақтық жастар комитеті «Өртең» газетінің орнына 1923 жылдың қазан айынан бастап «Жас қазақ» журналын шығара бастайды.
1924жылдың 8-ақпанынан бастап «Еңбекші қазақ» газеті өзінің бір бетін «Лениншіл жас» атты жастар бетіне айналдырды. Ол 1925 жылы дербес «Жас қайрат» газеті болып шықты. Ал, 1927 жылдың 22-қыркүйегінен бастап 1991 жылдың 27-тамызына дейін үзбей «Лениншіл жас» деген атпен шығып тұрды. Одан соң еліміздің Тәуелсіздік алуына байланысты өзінің бұрынғы азан шақырып қойған ескі аты «Жас Алашқа» ие болды.
1991 жылғы саяси өзгерістер қарсаңында «Лениншіл жас» өзінің бастапқы «Жас Алаш» атауын қайтарып алып, елдегі саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің жаршысына айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында «Жас Алаш» бетінде жарық көрген мақалалар ең өзекті мәселелерді қозғады. Осы жылдары «Жас Алашта» қызмет еткен қаламгер-журналистер шоғыры алдыңғы буын секілді кейін басқа ақпарат құралдарына жетекшілік қызметтерге барды. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Жас Алаш» «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды.
Ғани-ғұмыр. Ғани-ғасыр...
Жиырма үшке де толып үлгер¬мей өмірден өтті. Жасынның жарқ еткеніндей ғана ғұмыр. Туғанына жүз жылдан әлде¬қа¬шан асып кетсе де, сол күлімсіреп тұрған бозбала қалпы. Жымия күлген күйі жиырма бірінші ғасырдың табалдырығынан атта¬ды. Ғани-ғұмыр. Ғани-ғасыр...
Ғанидың немере ағасы Ағыбайдың естелiгi.
“...Ғани Мұратбаев – менiң немере iнiм. Ол ағасының – Мұратбайдың, мен iнiсiнiң – Салықбайдың баласымын. Мұратбайдан Жанат, Базаргүл, Гүлбарам, Ғани деген балалар өрбiдi. Ғани 1902 жылы бидай орағы кезiнде Қазалы ауданындағы Қарақұм¬ның “Арғымақ ” деген жайлауында туылған. Жас кезiнен бастап өте пысық, адам жатырқамайтын ақ жарқын мiнездi болып өскен Ғани әкеден ерте айырылды. Шешесi Бәтiма Ғаниды Қазалыдағы бастауыш мектепке бередi. Ғани мектептi өте жақсы аяқтады. Ғани сол Қазалыдағы бастауыш мектепте оқып жүргенде-ақ, өз бiлгендерiн ауылдың әлi мектеп есiгiн ашпаған қарабақай балаларына үйрететiн, бос уақытының көбiнде үй шаруасына көмектесетiн. Онда өзге балалардай босқа салақтап жүру, мақсатсыз жүрiс болмайтын.
1916 жылы Ғанидың анасы Бәтима дүние салды. Ғани бұл кезде 14 жаста едi. Мұнан кейiн Ғани бiздiң үйде, әкемнiң тәрбиесiнде болды. Мiнезi жайдары, көзi ашық, оқуға деген үлкен ықылас-ынтасы бар, жас та болса байсалдылығымен танылған Ғаниды төрт кластық бiлiмiн әрi жалғастыру үшiн оқуға жiберудi қажет деп тапты әкем. Мен ол кезде Қазалыдағы темiр жол депосында жұмыс iстеймiн. Сол жылдары темiржолшылдардың балаларын Таш¬кенттегi интернаты бар мектепке қабылдау жүргiзiлiп жатқан-ды. Менен әлдеқайда пысық Ғанидың оқуға деген құштарлығын байқағаннан кейiн әкем депо бастығынан “Ғани Мұратбаев – темiржолшы отбасынан” деген анықтама қағаз алып, азын-аулақ қаржымен Ташкентке оқуға жiбердi. Ғани Ташкенттен ауылға жазғы демалыста ғана келiп-кетiп жүрдi. Кейiннен Ташкенттегi комсомолдар съезiне делегат болып сайланды. Сол жылы Орта Азия комсомолдары атынан Бүкiлодақтық жастардың съезiне делегат болып сайланып, Мәскеуге жiберiлдi.
Ғани Мәскеуден 1924 жылдың жазында ауылға оралды. Мұнда қазалылық Құрманбайдың Бақытжан деген қызымен көңiл қосып, кейiн Мәскеуге қайтадан қызметке жүрiп кеттi. 1922 жылдан көкiрек ауруы¬на шалдыққан Ғани шаршаса да сыр бiлдiрмей жүретiн. 1925 жылы төсек тартып жатып қалды. Көктем кезiнде Мәскеуге бардым, наурыз айы болатын. Соның алдында ғана Ғани Кавказдан емделiп келiп, госпитальда жатқан едi. 15 күндей қасында болдым. Аурудың бетi берi қараған соң ауылға қайтып кеттiм. Бақсам, Ғаниды соңғы көруiм екен ғой. Ғанидың жұбайы, келiнiм Бақытжан бұл кезде Қазалыда болатын. Мен оған Ғанидың бойы сергiгенiн, жүзiне қан үйiрiлiп, көңiлiне қуаныш кiре бастағанын айттым. Арада 20-25 күндей уақыт өткенде Мәскеуден Ғанидың қайтыс болғаны жөнiнде телеграмма келдi. Бұл 1925 жылдың 15 сәуiрi болатын...”.
Рыстығұл қарттың әңгімесі.
Жаңақазалы қыстағында жасы жүзге таяған Рыстығұл қарт. Ол кісі Ғанидың жақын ағайындарының бірі еді «– Жасында Қаниға (Ғани дегенді ақсақал осылай айтады, Б.О.) Әйтекенің тұқымынан қыз айттырған. Ол қыз ақылды әрі көрікті болатын. Айыбы – оқы-маған. Қанидың онымен ісі бол¬мады. Мұратбай өліп қалды. Жа¬ңағы қызды бөтен біреуге беріп жіберуге әкесі Қанидан қай¬мықты. Төртқара Тәңірберген деген кісінің қызы еді. Бекжан¬ның, Өтепбергеннің інісі ол. Әке¬сін айтам. Төртқаралар қараса¬қа묬дар¬ға: «Мына жесірлерің бой жет¬ті, жасауын тігіп отырмыз. Қа¬шан аласыңдар?», – дейді. Содан ақсақалдар Қаниға: «Айт¬тырған қалыңдығыңды ал!», – дейді. Ол оқымаған деп алмайды. Қыз енді керемет еді. Қани: «Ме¬нің оған зейілім де, наразылығым да жоқ», – деп рұқсатын береді. Ол қызды кейін біреуге берді ғой. Ақыры оқыған деп мына Құр¬ман¬байдың қызын алды. Шама¬лы ғана отасты. Одан кейін ауру¬дың қармағына ілікті. Мәскеуден Бақытжанды елге бар деп қайта¬рады. Алғашында дәрігердің дәрі¬сі жаққан көрінеді. Кейін нашар¬лай бастаған.
Мұратбайдың әкесінің аты – Қажет. Одан Жаманбай, Салық¬бай, Мұратбай, Боранқұл, Жақ¬сы¬бай, Шәкенбай. Зылиха – Жақ¬¬сыбайдың қызы. Ағыбай – Са¬лықбайдың баласы. Сол Ағы¬бай қасына адам алып, Мәскеуге ба¬рып, Қаниды жерлеп келді. Қа¬ни¬дың бір жетім қалған баланы асы¬рап алғаны бар. Жұмағали Елеу¬¬сізов деген. Төртқараның Сек¬-сені. Сол ержетіп, Бақыт¬жан¬ды алды. Шынын айту керек, ха¬лық оны жақтыра қоймады. Ағы¬бай еді жақыны. Жол соныкі еді.
Қани адам біткеннің сұлуы еді. Түрі аққұба болатын. Әңгіме¬лес¬кенде бетіне қарай бергің келе¬тін. Сүйек бітімі ірілеу болды. Жай сөйлейді. Бойы ұзын. Әкесі де ажарлы адам еді. Бұл одан да сұлу болды.
Мұратбайдың Орысбай дейтін ағасы болған. Мұратбай жиыр¬ма-отыз жыл болыс болды. Кейін бо¬лыстығын Орысбай алған. Орыс¬бай – Ермектің, Мұратбай – Қажеттің баласы. Орысбайдың баласы Мереке осы Қазалыда тұрады.
Қанидың шешесінің аты – Батпа (Бәтима, Б.О.). Қани оқуда жүрген кезінде үш-төрт ай болыс¬қа хатшы болды. Он сегіз ауыл¬найға бұйрық жазды. Жұмысын әділ істейтін. Мұратбай Жәнет деген қызды асырап алған. Оны бой¬жеткен соң Ерімбеттің (қа¬зақ¬тың әйгілі ақыны Қарасақал Ерімбет, Б.О.) үлкен баласы Махамбетке ұзатты. Жәнет сол жолы маған арнап тақия тікті. Бес күн той болды. Біздің шеше¬міз жеңгетайлыққа жүрді.
Мұратбай Қани онға келгенде қайтты дүниеден. Бір күні қалада өткен жиын-тойға бардық. Қани жасы кіші болса да бізді ертіп, жол бастап жүрді. Өзі ылғи әкім¬дер¬мен отырды. Бір жұпыны киін¬ген адам елеусіз қалып қойған екен. Соны шақырып алып, дастарқан басына отырғызды...
Сол жолы әке сөзін ел ағасы Ботабай Рыстығұлұлы жалғаған:
– Қалыңбас деген біздің ел ол жылдарда Қармақшының тұсын мекендеген. Сол Қалыңбасқа болыстық тиіп, «Қарасақалдар, кімді сайлайсыңдар?», – дегенде жұрт Мұратбайды ұйғарған. Өйт¬кені ол елге жағымды болған.
Сыртта оқып жүрген Ғани демалысқа ауылға келгенде небір дауларды шешуге араласқан. Руы қырғыз Тілеуімбет деген көзі өт¬кір кісі Ғаниды көрейінші дейді екен. Оған жұрт Ғаниды көрсет¬пе¬ген. Жалпы, біздің шал көп нәрсеге куә болған. Қазір жасы 99-ға келді. Бірақ өзі 97-демін дейді...»
Бақытжанның бақыты.
Ғани мен Бақытжан Қазалы өңіріндегі «Құмшөл» деген жерде жастар басқосуында танысыпты. Ғанидың жанында сол жолы Бейімбет, Зақыш, Махамбетжан деген жолдастары болыпты. Сөзге шешен, ажар көркі тіл-ауызды байлайтын жас жігіт он алты жас¬тағы ауыл бойжеткенін сал¬ған¬нан ұнатып қалыпты.
– Мен елден ерекше көрікті де болғам жоқ, – дейді Бақытжан әжеміз, – Оның үстіне білім алып та жарытпаған кезім. Шамасы, жастар жиналған жерде өткір пікір айтып көзге түссем керек. Мәжілістен соң өзі келді. Әңгі¬меміз бірден жарасты. Ұзамай бірлесіп отау құрсақ деген ниетін аңғартты. Мен не дейін? Қазақ¬тың ең сымбатты жігіті көңіл білдіріп тұрса... Күзде Қазалыда той жасадық. Бір-екі ай тұрған соң Мәскеуге кеттік. Ғаниды сол кезде-ақ ауру айналдырып жүр екен. Қазалыға келгенде жүдеу¬леу көрінген. Елде болған бірер айдың ішінде ет жеп, қымыз ішіп, едәуір тыңайып қалған. Мәскеу¬ден шақырту жеткенде емдеуші дәрігері Обинарович: «Тым бол¬ма¬са, бір жылға жуық осында болшы, науқасыңнан құлан-таза айықтырамын», – деп жата кеп жа¬лынды. Обинарович қолы ши-па¬лы, білікті дәрігер болатын. Оның үстіне Қазалының қымы¬зын бір жыл ішкен адамның кез келген аурудың құрсауынан аман шығары анық еді. Бірақ оған Ғани көнді ме?
Бір күні Ғани жиналыста сөз сөйлеп тұрғанда қатты қысылып, қан тастайды. Соны көрген жол¬дас¬тары оны дереу Сухумидегі сауықтыру орнына барып емде¬лу¬ге көндіреді. Ғани, әрине, айық¬пас дерттің қармағына түскенін жақсы білетін. Бірақ жазылып, қатарға қосылып кетем ғой деген үміті басым болатын. Ол сол үміт¬пен өмір сүрді. Сухумиге Бақыт¬жан да еріп барғысы келеді. Ғани оның бірге жүргенін қаламайды. «Сен ауылға, Қазалыға қайт. Мен бірер айда барып қалармын. Қы¬мыз дайындап қой», – деп, жы¬миып аттанып кетеді.
Бақытжан елге келіп, өздері шаңырақ көтерген жерге үй тігеді. Айналасына сексеуіл жинайды. Ғани әне-міне келіп қалады деп отырғанда суыт хабар жетеді.
– Сөйтсем, дәм-тұзы таусы¬ла¬тынын сезген Ғани мені ауылға алдап жіберген екен ғой. Аңырап Мәскеу қайдасың деп тартып отыр¬дым. Жаныма Ғанидың ағайын¬дарынан Ағыбай, Құрақ¬мет деген кісілер ерді. Ол кезде қазіргідей үш-төрт сағаттың ішін¬де Мәскеуге табаныңды тигізетін ұшақ қайда? Отарбамен өліп-өшіп, табандатқан төрт тәулік жүріп жеткенімізде Мәскеу жұрт¬шылығы Ғанидың денесін қара жердің қойнына тапсырғанына бір күн болған екен. Бізді вокзал¬да Ғани¬дың қызметтес жақын жол¬дас-тарының бірі Подвойский қар¬сы алды. Жол бойы жанары жас¬қа шыланып, «Өмірге ерте ке¬ліп, ерте кетті ғой», – деп ауыр күрсінумен болды. Ғанидың таба¬ны тиген орындар көзге шалын¬ған сайын көңілім босап, егіле беремін. Ауылға қайтқанша құр сүлдерім қалды.
Бақытжан Құрманбайқызы өмірден өткенше жиі жүздесіп тұрдық. 1990 жылы «Жас Алаш¬та» ол кісімен көлемді сұхбат жа¬рияладық. Марқұм әжеміз сонда көп жайға қанықтырып еді. Ғани мен Бақытжан 1924 жылғы 16 қазанда некелескен. Заңды неке №64 жазбамен Қазалы қаласын¬да тіркелген. Неке куәлік 1957 жылы ескі жазбаның негізінде жаңартылып берілген. Екеуінен ұрпақ болмады. Бақытжан кейін Ғани тәрбиелеп өсірген, туған інісіндей көрген Жұмағали Елеу¬сізовке тұрмысқа шыққан. Бір немересінің атын Ғанидың атына жаздырған. Ғанидай болып өссе екен деп ырым қылады. Серік Ғаниұлы Мұратбаев ұзақ жылдар бойы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді. Сексенінші жылдар баспа¬сөзінде жиі көрінген орыс тілінде жазатын журналист Жанна Нұр¬ланова да Бақытжан әжейдің ұрпақтарының бірі. 1992 жылғы 3 мау¬сымда, Ғани тұп-тура тоқсан жас¬қа толған күні «Жас Алаш» оның зайы¬бы¬ның өмірден өткені туралы қаза¬нама жариялады.
Ғани қазасы.
Енді Ғанидың қазасы жөнін¬дегі деректерге жүгінейік. «Прав¬да» газеті 1925 жылғы 17 сәуірдегі №88 (3019) санында мынадай қазанамалар жариялады:
«Коммунистік Жастар Ин¬тер¬националы Атқару комитеті КИМ-нің барлық секцияларына сәуірдің 15-і күні кешкі сағат 5-тен 50 минут кеткенде Комму¬нистік Жастар Интернационалы Атқару комитетінің мүшесі Ғани Мұратбаев жолдастың ұзаққа со¬зылған ауыр науқастан кейін қай¬тыс болғанын қатты қайғы¬рып хабарлайды».
«Коммунистік Жастар Ин¬тер¬националы Атқару комитеті, РЛКЖО Орталық Комитеті және Мәскеу қалалық комсомол коми¬теті РЛКЖО-ның барлық мүше¬ле¬ріне КИМ Атқару комитетінің және РЛКЖО Орталық Коми¬те¬тінің мүшесі Ғани Мұратбаев жолдастың үстіміздегі жылғы 18 сәуір, сенбі күні жерленетінін хабарлайды. Марқұмның денесі күндізгі сағат 1-де Страстная алаңы, №3 үй, КУТВ клубынан шығарылады. Мәйіт Ваганьков зиратына қойылады».
«Қырғыз студенттер комитеті қырғыз жастарына еңбекші қыр¬ғыз жастарының көсемі Мұрат¬баев жолдастың қайтыс болғанын қатты қайғырып хабарлайды. Жер¬леу рәсімі 18 сәуір, сенбі күні, күндізгі сағат 1-де баста¬лады. Қырғыз жастары сол күні сағат 11-де Қырғыз өкілдігі үйі ғимаратының (Трубниковский тұйық көшесі, 10 үй) алдына жи¬на¬луы керек. Қырғыз студенттер комитеті».
«Правда» газетінің бұл санын¬да комсомолдың Орталық Ко¬ми¬тетінің Ғанидың қазасына байла¬нысты барлық жастарға арналған үндеуі жарияланған. Сол кездің рухымен жазылған бұл құжаттан біз жастар жетекшісіне қатерлі ауру¬дың 1924 жылдың күзінде жа-бысқаны жөнінде мәлімет аламыз. «Ғани Мұратбаев енді жоқ. Қырғыз жастары оның орны¬на жаңадан жанқиярлықпен ең¬бек ететін ондаған-жүздеген қыз¬меткерлерді ұсынуға тиіс», – делі¬неді үндеуде. Сондай-ақ басылым бетінде қазақтың ардақты ұлда¬рының бірі Нәзір Төреқұловтың азасөзі де бар. «Біздің тынымсыз Ға¬ни өлді дегенге сенбейсің, сен¬гің де келмейді. Бұл қаза оны бі¬летіндердің жан-дүниесіне ең се¬німді, ең жақын аға-ініні, жауын¬герді жоғалту сезімін ұялатады», – деп егіледі ол.
«Біздің Ғани» атты көркем фильм, «Тым қысқа ғұмыр» атты деректі фильм түсірілді.«Тым қысқа ғұмыр» («Такая ко¬роткая жизнь») деп аталатын деректі фильм бар ғұмырын Ғани өмірін зерттеуге арнаған танымал журналист, марқұм Сейілхан Ас¬қаровтың сценарийі бойынша түсірілген туынды. Сонда бар-жо¬ғы бір-екі секундта ғана көз ал¬дың¬нан өте шығатын ғажап көрі¬ніс бар. Коминтерннің Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып та-ғайындалған тірі Ғани бір сәт кү¬лімдеп тұрады. Мұны Мәскеу мұрағаттарынан Сейілхан Ас¬қаров немесе сол фильмге атса¬лысқан Ғаділбек Шалахметов тапқан болуы мүмкін. Қалай бол¬ғанда да өте құнды дүние! Бірақ Ғанидың бұл қызметін атқаруға мүмкіндігі болмаған секілді. Оны «Правданың» тілімізге тиек болып отырған санында жарияланған Н.Фокиннің азасөзі дәлелдейді. «Коммунистік Жастар Интерна¬цио¬налының соңғы конгресі оны Атқару комитетінің құрамына сай¬лап, КИМ-нің Шығыс бөлі¬міне жетекшілік етуді тапсырып еді, бірақ Ғаниға бұл жерде жұмыс істеудің сәті түскен жоқ. Еш¬қан¬дай ем-дом да, Кавказ да, өмірге деген ыстық ықылас та көмектесе алмады». Н.Фокиннің сөзінде қазақ жастарының Ғаниды аман алып қалу үшін емдеу орнына қаражат жіберіп тұрғаны жөнінде айтылады.
Ғани Мәскеуде жерленді. Отызыншы жылдар¬да¬ғы ойранда да, қырқыншы жыл¬дардағы қырғында да ел Ғаниды жадынан шығарған жоқ. Әсіресе, өзі шаңыраған көтерген «Жас Алашы» оны ешқашан ұмытқан емес. Мәселен, «Лениншіл жас» 1935 жылғы 25 сәуірде «Ғани Мұратбайұлының қайтыс болға¬ны¬на он жыл» деген тақырыппен материалдар топтамасын жария¬лады. Мақалалар мен деректер ба¬сылымның сол күнгі санының түгелге жуығын қамтыды.
Алпы¬сын¬шы жылдарда қазақ мәдениетінің жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков Қазақстан комсомолының бас¬шы¬лығына келді. Келе сала Ғани¬дың жарқын бейнесін жастардың санасына орнықтыру мәселе¬сі¬мен айналысты. Осының алдын¬да Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған Өзағаңның бас¬та¬масымен Шымкентте Ғаниға ескерткішті қандай қиындықпен орнатқандарын Қалаубек аға Тұрсынқұлов талай жазды. Бірін¬ші хатшы Алаш ардақ тұтқан Өз¬ағаң болса, облыстық комсомол ко¬митетінің оқу орындары жөнін¬дегі хатшысы қарымды қаламгер Қалаубек Тұрсынқұлов болса, Ға¬нидың маңдайына шаң тисін бе,облыс басшыларының қарсы¬лы-ғына қарамастан Мәскеуде жа¬салған ескерткіш Шымкент¬тің қақ ортасына табан тірейді. Жал¬пы, комсомолдың Орталық Ко¬ми¬тетінде жазушылар Камал Смайылов, Қалаубек Тұрсын¬құлов хатшы, Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердіқұлов бюро мү¬ше¬сі болған жылдарда Ғанидың атын ардақтау мәселесіне ерекше мән берілген. Өзағаң бірінші хат-шылыққа сайланысымен Сейіл¬хан Асқаровқа Ғани қабірін із¬деуді тапсырады. Екі ортаға талай ат сабылтқан Сейілхан Ғанидың Ваганьков зиратын¬дағы 20-учас¬кеде жерленгенін анық¬тайды. Алпыс жылдан бері Мәскеуде тұратын ардагер ақсақал Қайдар Құмарбекұлы сексенінші жылдары Ваганьков қорымынан қазақтың Ғани Мұратбаев сынды бір боздағы¬ның сүйегі жатқаны туралы хабарды кейінгі жастарға жеткізіп, оларды сонда бастап апарған осы кісі еді.
Өзағаң дереу Мәскеудегі зауытқа зират басына қоятын ескерткіш жасатуға тапсырыс бергізеді. Өзі басқа жұмысқа ауысып бара жат¬қанда бұл істі аяқтауды қыз¬метті қабылдап алған Закаш Камалиденовке аманаттаған.
1972 жылдың жазында Ғани қабірі басындағы ескерткіштің ашы¬лу рәсіміне сол кездегі БЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Е.М.Тяжель¬ников қатысып, сөз сөйлеген. Ғанидың зайыбы Бақытжан, бірқатар ардагерлер, Қазақстан жастарының жетекшілері арнайы барған.
Қазақстан комсомолының бас¬шылығына әр жылдары кел¬ген жігіттер Ғанидың қабірін қа-рау¬¬сыз қалдырған жоқ. Ара-тұра болса да Мәскеуге өкілдерін жі¬бе¬ріп тұрды. Съездерге, пленум¬дарға барғандар Ваганьков зира¬тына соқпай өтпейтін. Ғани қабі¬ріне тағзым ету бір заманда мек¬тепте үздік оқыған балалар сая¬ха¬тының маршруттарына да енгі¬зілді. Содан бері жыл сайын туған күнінде Ғани зиратына тағзым етіп, рухына арнап құран оқыту мәскеулік қазақтардың қалыптасқан дәс¬түріне айналды, тіпті Ғани зиратының шырақ¬шы-сы іспетті, оған ұдайы күтім жасап тұратын қазақ отбасылары бар.
1990 жылы сәуір айында БЛКЖО-ның ХХІ съезі өтті. Бұл 15 сәуір болатын. Ғани¬дың алпыс бес жыл бұрын өмір¬ден өткен күні. Қазақстан ком¬смолының жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов қыздар мен жігіт¬терді Ғанидың қабіріне бастады. Гүл шоқтарын қойды. Жастар ес¬керткіш басында суретке түсті. Көне тарих өзінің елеулі оқи¬ғаларымен ғана емес, сол тарихты жасауға және де сол тарихи оқиғалардың бел ортасында жү¬ріп, артына жарқын із қалдыр- ған тұлғаларымен де жаңғырып тұра¬тыны бар. Адамзат жасаған дү-ниенің барлығы да, не бір оқи¬ғалар мен жағ¬дайлар да, ойлап табылған жаңалықтар мен өзге¬рістердің өздері де сол тарихтың еншісі болып қалады да, солар¬дың көбісі ұмыт болып та жатады. Адамзат баласының мұны қа¬лыпты жағдай деп қабылдауы да орынды. Алайда, сол тарихтың әріден салған ізімен де, жасаған ісімен де халықтың жадында мәңгі өшпестей болып сақталып қалған тұлғалар бар. Уақыт өткен сайын тау тұлғасы одан сайын биіктей түсетін, өнегелі ісі кейін де өркен жайып, солары ке¬йін¬гілерге үлгі ре¬тінде айтылатын ұлағатты тұлғалар да бар. Тарих сонысымен де қызықты, әсерлі және мазмұнды бола түспекші. Абыройы асқақ, даңқы жер жаратын және де есімдері мақта-ныш¬пен айтылатын мұндай көрнекті тұлға¬лар¬ды әлем тарихының әр кезеңінен жо-лықтыруға болады.
Ғани Мұратбаев, міне, сондай тұлғалар¬дың бірі! Ол жарқын да өнегелі ғұмырымен әр буынның ұрпақтарына үлгі болып қала бермекші. Мұратбаевтың есімін өз кезінде қ¬а¬зақ даласы ғана емес, сол кездегі Кеңес Ода¬ғы¬ның халқы да, Коммунистік Интернационал мүше елдерінің жастары да жақсы білді, жақсы таныды. Ғанидың тым қысқа бол¬ған өмір хронологиясы, яғни өмір дерегі бірнеше парақтан аспаса да, оның атқарған қызметі мен өнегелі істері мен тарихи жарқын бей¬несін том-томдаған кітаптарға сыйғызуға болар еді. Өйткені, Ғани жалынды ғұмыр кешті, сан-саналы қызметін тынымсыз атқар¬ды. Өз қызметінің өз еліне қажет екендігін сезінген сайын, ол өз денсаулығының жайын да ойламады. Бәрін де, тіпті ден¬сау¬лығын да және өз жеке басының істерін де кейінге қалдырып, жас¬т¬ық шағын, қысқа өмірінің бар уақытын, әр сәтін елі мен хал¬қы¬на арнады, қоғамға жанкеш¬ті¬лік¬пен адал қызмет етті. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, мақсат-керлік пен ерік-жігерге, намыс пен таба¬н¬ды¬лыққа, ойы ақыл мен парасатқа, саналылық пен білімге толы ол жастардың болашағына жарқын жол салды, басқаларға сонысымен үлгі болды.
Ғ.Мұратбаев кеңестік социа¬листік идео¬ло¬гияға қызмет етіп, сол мұрат жолында күрес¬се де, оның сол тұстағы батыл іс-әре¬кеттері, атқарған шаруалары Қа¬зақ елінің бостандығы мен еркін¬ді¬гіне, тәуелсіз ел болып, әлемдік қоғамдастыққа қазақ деген жұрт¬тың бар екендігін танытуға, са¬уатсыздықты жоюға, жастардың білім алуына қол жеткізуге қыз¬мет етті. Елдің даңқын шығарған, ұлттың мүддесін көздеген Ғани¬дың қысқа да жарқын өмірінің бар асыл құндылығы, міне, осы болып табылады. Ғани өз дәуі¬рі¬нің дара тұл¬ғасы бола алды. Ұрпақтар ұлағатын ұран етті. Алаш атын асқақтатуға, ұлт намысын жанып, оятуға орасан зор қызмет жасап, соған үлесін қос¬ты. Ол жастар ісі үшін өз күш-жігерін, қайрат-қажырын аяма¬ған, жас буынның бойына әлем¬дік мәдениетті дарытуға, қазақ өркениетін сол әлемдік деңгейге шығаруға ұмтылған ұлт берені болды.
Өз кезінде Түркістан Компартиясы Орта¬лық Комитеті атқару төрағасы болған Нәзір Төреқұ¬ловтың: «Оның өмірінің ең басты ма¬ғы¬насы – жастар арасындағы жұмыс болды. Орта Азияда оның қатысуынсыз құрыл¬ған бір¬де-бір жастар ұйымы болған жоқ», деп жазуы Ғани өмірінің ақиқат бет¬терінің бірі деп қа¬был¬да¬нуы керек. Шындығы осы еді! Солай бо묬ған¬дығына илансақ та, сол қыруар істердің бәрін бірдей атқаруға қалай үлгерді екен деп таң¬да¬натынымыз да бар. Бәлкім, Ғани¬дың сол орасан да қауырт істердің бәрін де тындырып, со¬ған үлгеріп, атқара алғандығы оның бойын¬дағы жалындаған жас¬тық жігері мен табан¬ды¬лығы, өз елі мен халқына деген жана¬шыр¬лы¬ғы, осы жолдағы өз мо¬йнындағы үлкен жауап¬кер¬ші¬лікті сезіне алуы және де Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі күш-қайрат берген де болар.
Асқар Тоқмағанбетов: «Ғани жиырма үш-ақ жыл өмір жасаса да,ғасырға жалғасын таба білетін өміршең іс тындырды.Ғанилар жүз жылда бір туар,ендігі міндет қазақ жастарының жүрегіне Ғанидың жағып кеткен отын сөндіріп алмау болып тұр.»
Ол тіпті жастардың болашағы үшін арпалыса жүріп ғұмыр кешті, өзі үшін қажет болар-ау деген жайларға уақыт та таппады, тіпті соларға уақытын да бөл¬меді. Көзі ашық, көңілі ояу бола тұра, мұрағат деген меке¬менің бар екендігін, онда жазба құжат¬тардың сақта¬латынын, оны ке¬йін¬гі ұрпақ пайдаланатынын біле тұра, тым болмаса өз өмірбаянын да өз қолымен жазып қалдыр¬ма¬ған да екен. Ғани¬дың бір бес-алты жыл аясында атқарған қыз¬меттерінің ұшы-қиыры жоқ. Сонан да болар, оның соншалықты қысқа ғұмыры мен атқар¬ған істерінің өзі Ғ.Мұратбаевты ға¬сыр жаса¬ған¬дай әсерге бөлейді. Ғаниды жерлеу кезін¬дегі азалы жиында сөйлеген сөзінде Ленин¬нің серігі Н.Подвойскийдің: «Біз Кеңестік Шы¬ғыс-тың аса ірі тұл¬ға¬сынан айрылдық. Мұрат¬баев ауыр жұмыстың азабынан жанып кетті», – деуі біздің осы пайымды пікірімізге дәлелді анықтама бола алар еді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Кеңес өкіметі жүзеге асыра бастаған саясаттың қазақ даласын да аласапыранға салғаны бел¬гілі. Сол бір алақұйын кезең¬де құйрықты жұлдыздай жарқ етер аз ғана ғұмырын өз халқына, елінің болашағы – жастарға арнаған Ғ.Мұратбаев өмір шын¬дығында бір адамның жүз жыл¬дық ғұмырына жүк боларлықтай еді. Небәрі жиырма үшке жетер-жетпес ғұмыр кешкен, бірақ сол аз ғана ғұмырының өзінде елі мен халқының биік мұраттарын нысана етіп, сол арманды мақ¬саттарға қол жеткізу үшін бо-йындағы бар күш-жігерін де аямастан, жалындай жанып, құ¬рыш¬тай нығайып, қырандай би¬ікке көтерілді. Ол 20-22 жасында Ресей Ком¬мунистік Жастар Ода¬ғы Орталық Комитетінің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Одағы Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы, Ком¬му¬нистік Жастар Интернационалы атқару ко¬ми¬тетінің Шығыс елдері жастары арасындағы бөлімінің мең¬герушісі болып, тынымсыз қыз¬мет атқарып жүрген шағында өкпе ауруына шалдығады да, сонысын асқындырып алып, 1925 жылы 15 сәуірде дүниеден өтті.
Белгілі журналист Сейілхан Асқаров Ға¬нидың өмірі мен қыз¬метін жинақтап, зерттеу жолында үлкен еңбек жасады. Ол Ғани қыз¬мет еткен Ташкент пен Мәс¬кеуге барып, Түр-кістан комсомолы мен Бүкілодақтық Комму¬нис¬тік Жастар Одағы Орталық Ко¬митетінің мұрағатын ақтарып, тың мәліметтер тауып, 1960-70-жылдары 50-ге жуық мақала жариялады. Десек те, Ғ.Мұратбаев туралы мұрағат¬тық деректер тым аз. Жарияланған мақала¬лар¬дың бі¬¬разы бірін-бірі қайталап жата¬тын¬дығы да бар. Бұл тегінде Ғани туралы дерек¬тердің, құжат¬тардың толық сақталмаған¬ды¬ғы¬нан да болар. Соның да әсері болса керек, кей¬де ол туралы мақалалардағы деректер де бір-біріне қайшы келіп жатады. Бірақ Ғани¬дың көзін көргендер мен онымен қызметтес бол¬ғандар оның дарыны мен ұйымдас-ты¬рушылық қабілетін, тынымсыз еңбегін, басқа¬ларға жаса¬ған риясыз қамқорлығын, адал жүрегін, батыл¬дығы мен қайсарлығын айтып, тәнті болады.
Мысалы, танымал қаламгер, қарымды журналист Айжарық Сәдібекұлы «Ұландар ұрандатқан бір заман» деген мақаласында: «Оның жаратылысын В.Куйбышев пен Д.Фур-манов сынды ақыл¬мандар жазбай таныды. 1922 жылы мамырда, Бүкілресей ком¬со-молының екінші конференциясы қарсаңында Орталық партия комитетінің хатшысы В.Куй¬бы¬шев¬тің кабинетінде Ресей Жастар Одағы Орталық комитетінің Орта Азия бюросын құру мәселесі қаралды. Ұсыныс мақұлданып, мә¬селе бюро құрамына сол ай-мақтан кімді ұсы¬ну керектігіне тірелгенде, Ресей Комму¬нис¬¬тік Жастар Одағы Орталық коми¬те¬тінің бас хатшысы Петр Смородин Ғани Мұрат¬баев¬қа сипаттама бере келіп, оның жаратылысына қайран қа¬латынын айтып ағынан жа¬рыл¬ған. Ол аймақта ондай же¬текші жоқ. Басы толған ақыл!», депті. Ал Куйбышев болса: «Мен Ға¬ниды Ташкенттен білемін. Ол нағыз шешен, көпті бастай алатын жетекші, дауысы да жар¬қын және ойы алғыр. Сонымен қатар, жұмы¬сын тау қопар¬ғандай етіп атқаратын нағыз қыз¬меткер», деп Ғанидың кандидатурасын бір¬ден қолдаған екен. Ғанидың қасиетін бұл не деген мойындау десе¬ңіз¬ші?! Ақиқатында Ғ.Мұ¬ратбаев тарихқа өзін өзі мойындатқан тұлға!
Ғани өмірі бүгініміз бен болашағымыз үшін үлгі-өнеге! Бірақ біз Ғаниды әлі күнге дейін толық тани да алмай, оны таныта да алмай келеміз. Біз оның өмірі мен атқарған ісін білуімізбен бір¬ге, Ғани соларды атқарды, оған қалай қол жеткізді, қалай үлгерді, қалай уа-қыт тапты, қалайша үй¬лестірді, қандай табан¬дылық пен қайсарлық таныта алды деген мәселелерді де көбірек зерттеп, насихаттауымыз керек-ақ
Ұланғайыр қазақ даласы әр дәуірде, әр кезеңде нешеме дара тұлғаларын дүниеге әкелген. Сондай жарық жұлдыздардың бірі – жасындай жарқ етіп өте шыққан Ғани Мұратбаев. Қысқа ғұмырында қазақ халқын қиянат атаулыдан арашалап, надандықты жоюда белсене атсалысқан алаш арыстарының бірі, әрі бірегейі. «Елім, жерім!» деген терең мағыналы сөзді бір сәт те есінен шығармаған ұлтжанды халықтың баласы. Өлкеміздегі өркениеттің өрістегенін, дәрежесінің өскенін көкседі. Елінің болашағы үшін ілім-білімнің, ғылымның орны бөлек екенін елден ерекше түсінді. Жүрген жерінде мәдениет ошақтарының отын маздатуға үлес қосты. Қазақтың келешегі – ұрпақтарының сауатын ашуда ұйытқы болды. Жасындайын жарқ етіп, аққан жұлдыздай өте шыққан өмір жолы қиындыққа толы еді.
Шығыс шамшырағы –ұрпақтарға ұлағат.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының түлегі Ғалия Аманқызы көпшілікке ақындық өнерімен танылған ұстаз. Оның қиялынан туған жырлар мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, 2003 жылы «Қазалы¬ жүрегімнің астанасы» деген атпен жинақ болып шықты. Сондай¬ақ, тарихи тақырыптарға да қалам тартып, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Ұлтуған», «Сарша ¬ ата¬баба қонысы» атты деректі әңгімелер жазды. Жуырда оның Ғани Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойы құрметіне арналған “Жалындап өткен өмір” атты деректі әңгімелері кітап болып басылды.
Жақсы кітап - жан азығы. Жақында даңқты жерлесіміз Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкент қаласындағы «АЗИАТ» баспа үйінен ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, профессор Нұрали Өткелбаевтың «Ғани - Алаштың арысы, жастардың көсемі» атты жаңа кітабы оқырмандарға жол тартты. Зерттеу еңбегінің үлкен тарауы «Мұрағат деректері ізімен» бөліміндегі бұрын-соңды жарияланбаған Ташкенттегі бұрынғы партия, қазіргі президенттік архив қорындағы деректер оқырман қызығушылығын тудырары анық. Сондай-ақ, автор еңбегінде сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдай, Ғанидың азаматтық тұлғасының қалыптасуына, насихатталуына үлес қосқан азаматтар туралы да жазылып, түрлі деректі фотосуреттер берілген.
Ғани Мұратбаев өз заманының сырын ұға бiлген дарын иесi ретiнде “Заманның қожасы да, тұтқасы да – жастар” деген екен. Бұл қай елде болмасын, қай заманда, қай халықта болмасын қалып¬тас¬қан, өзгертуге болмайтын тұрақты аксиома.
Елбасының биылғы жылғы халыққа Жолдауын¬да жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу жөнінде арнайы сөз арналды. Мемлекет барынша жастарға жағдай жасауда, бүгінгі жастардың бойында білім де, тәрбие де, ізденіс те бар, егер біз Ғани Мұратбаев және оның ізбасарлары, елге еңбегі сіңген, артынша өшпес із қалдырған аға ұрпақ үлгісін бойымызға сіңдіре алсақ нұр үстіне нұр болмақ.
«Болашақ – жастардікі» деп ұран тастаған, оларды белсенді түрде білім алып оқуға, еңбек етуге шақырған, елін, жерін сүюдің, табан¬ды¬лық пен қайсарлыққа қалай қол жеткізудің, намысты қалай жанудың тамаша үлгісін бір өзі көрсетіп берген Ғани ғұмыры, оның есімі мәңгі жасайды. Өзінің бар қысқа ғұмырында Шығыстың жарық жұлдызы, сөнбес шамшы-ра¬ғы, дара тұлғасы атанған Ғ.Мұратбаев есімі Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында онан әрі жарқырай түсер деген сенімдеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Комсомол жетекшілері.Очерктер жинағы.Алматы «Жалын»,1976 жыл
2.Ғани Мұратбаев.Алматы, «Қазақстан»,1972.
3. «Қызылорда облысы комсомол ұйымының тарихынан»
4. Арыстанов Жүсіпбек «Естен кетпес есімдер»,Алматы, «Қазақстан»,1972 жыл.
5. Нұржекенұлы Бексұлтан «Жүз тұңғыш» жинақ 2-кітап Алматы, «Жалын» 2005 жыл.
6. «Сыр бойы»газеті 2002 жыл /1 мамыр.
7 «Егемен Қазақстан»2012 жыл/қыркүйек.
8.Мұрағат деректері.
Просмотров: 3076 | Добавил: Ахметбековна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика