Воскресенье, 22.12.2024, 05:19
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Ноябрь » 13 » «Мен – Қазақстанның болашағымын»
09:18
«Мен – Қазақстанның болашағымын»

 Ақмола облысы

 Щучинск қаласы

 № 6 орта мектебі

Бекова Назира Нурушевна

 қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі


«Мен – Қазақстанның болашағымын»
Сабақтың мақсаты:
 1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;
Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Пікірталас, әдеби-монтаж, жобамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздерінің слайдтары, бейнетаспа ,интрактивтік тақта, кестелер,слайд.
Сабақтың кезеңдері:
1 КЕЗЕҢ.Сыныппен таныстыру.
 Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы өлеңдері.
Әдісі:  Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.
Оқушыларға  Отан  туралы ойтып кету.
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарыменбірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойығұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір,өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейінұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Оқушыларға кестелер тапсырмалары :
1. Қазақстанның елордасы қай қала?
2. Қазақстанның елбасы кім?
3. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
4. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
5. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
6. Отан деген сөздің аудармасын ата.
7.  Байрақтың түсі қандай?
Сергіту сәті: Қара жорға биі.

Мұғалім: Сонымен біз Отан деген сөз біздерге қандай ассоциация тудыратынын қарастырдық. Енді осы сөздер біздің аталарымызда қандай ой тудырғанын әдеби-монтаждан тамашалайық:…
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Байтағым!
Аз емес саған айтарым!
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,
Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Мәртебем!
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Ырысым!
2. КЕЗЕҢ. Слайд Қазақстанның рәміздерімен таныстыру.  



Қазақстанның Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Балалармен таныстыру.

Көк тудың желбірегені бейне таспадан әні орындалады.

 Түсіну. Өткенге көз тастау.
Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.
Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.

3 КЕЗЕҢ. Сыни көзқарастар.
Конституция – халық пен биліктің қарым-қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.
Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну – тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!
Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнап-күл деген.
Ата Заңым менің!
Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!
Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!
Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағырым –
Ата Заңым менің!
4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.
Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан туралы бірнеше мақал-мәтелдер үлгісін жасайды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.

Ал құрметті ата- аналар ,ұстаздар  осымен біздің тәрбие сағатымыз  аяқталды,ықылас қойып тыңдағандарың үшін көп рахмет.

Ақмола облысы
Щучинск қаласы  № 6 мектебі

«Мен Қазақстанның болашағымын»
           Тәрбие сағаты
            (1 «в» -сынып)
    Өткізген:Бекова Назира Нұрышқызы

Просмотров: 2772 | Добавил: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика