Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары Сыныбы: 5 «Е» Күні: 13 наурыз 2015ж. Оқытушы :Курмангалиева К.О. 1.Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті пәнім 2.Сабақтың түрі: Аралас сабақ 3.Сабақтың мақсаты: Білімділік: дыбыстар мен әріптер тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау, жуан және жіңішке ажыратып алуға машықтандыру. Дамытушылық: сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын байыту, ауызекі тілін дамыту Тәрбиелік: кітапқа, сабаққа, білімге қызығушылықтарын арттыру. 4. Сабақты жабдықтау: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, тақта, оқулық, бейнетаспа 5.Оқыту әдіс – тәсілдері: «Адасқан әріптер» ойыны, «Сатылай сөйлем құрастыру» әдісі, «Полиглот» ойыны, деңгейлік тапсырмалар 6.Пән аралық байланыс: гуманитарлық, жаратылыстану -математикалық
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу II Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру III Үй тапсырмасын тексеру__5_ сөз септеу IY Мотивация кезеңі - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Адасқан әріптер» ойыны арқылы анықтайық: ирахт, идетәеб, ақзақ ілті, неде нықшыутры Y Жаңа сабақ: -_Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? - Пәндер. - Пән атауларын қай жерден көруге болады? - Сабақ кестесінде, күнделікте, журналда. - Дұрыс, ендеше әрқайсысың ұнататын пәндерден сабақ кестесін бүгінге құрастырыңдар. Және не себепті оны жақсы көретіндіктеріңді айтыңдар. Мысалы: математиканы есеп шығару ұнайды.
Сергіту сәті: «Қара жорға» музыкасына би қимылдарын жасау
Сөздік жұмысы: -Сендер үш тілд пәндер оқисыңдар.Ендеше, «Полиглот» ойынын бастаймыз. Экранда суреттер беріледі, сендер оның атауын қазақша, орысша және ағылшынша атауларын керек. Мектеп – школа- school Мұғалім- учитель- teacher Сабақ- урок- lesson Оқулық- учебник- a book Тақта- доска- a board
Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту _Деңгейлік тапсырмалар: 3- деңгей. 31- беттегі 2- тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды: мұражайда, бұйымдар, құттықтады. 2- деңгей. 31- беттегі 1- тапсырма. Керекті сөздерді жіктеу (өткен шакта, ауыспалы осы шақ): тақтаға шығу, сурет салу, қол көтеру, дұрыстап жауап беру, тапсырма беру. 1-деңгей. 31- беттегі 1- тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Қосымша кеспе қағаздарда тапсырмалар беру. Жіктеу: Мен қазақша сөйлей аламын. Менің сүйікті пәнім әдебиет. Мен Қазақстан тарихын оқып білгім келеді. YI Бекіту: «Сатылай сөйлем құрастыру» әдісі «пән» не «сабақ» сөздерімен 1 Зат есім 2 Сын есім- зат есім 3 Үстеу- сын есім- зат есім 4 Есімдік- үстеу- сын есім- зат есім 5 Есімдік- үстеу- сын есім -зат есім- етістік
YII Қорытындылау кезеңі - Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай? - Сенің сүйікті пәнің қайсы? YIII Рефлексия кезеңі - Смайликтары бар парақтарға сабақ қалай қткенін түртіп көрсетіңдер: өте жақсы өтті, түсіндім, ештеңе түсіндедім. IX Үй тапсырмасы: Оқу білім туралы мақал мәтелдер тауып жаттау
Х Бағалау
|