Суббота, 21.12.2024, 17:33
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Март » 4 » методическое пособие по казахскому языку. 7 класс
16:37
методическое пособие по казахскому языку. 7 класс
Қазақ тілі 7 –сынып « Кең- байтақ Қазақстаным»
(модульдік оқу технологиясы негізінде оқу үдерісін
ұйымдастыру.)

Құрастырушы :
Амантаева Д.Ж
Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы «№ 25 жалпы білім беретін» КММ

Түсінік хат
Бұл жоба орыс тілінде жүретін мектептердің 7 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым- қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту,яғни тілдік және танымдық біліктілігін қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттарында көрсетілген. Оқушылардың өзіне тән емес тілдің дыбыстық заңдылықтарын, оның граматикалық құрлысын игеруге ,ойын еркін жеткізуге басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиіс екені анық. Қазақ тілін оқытып, үйрету-көптеген ізденістерді, жаңа технологияны қолдануды керек етеді. Педагогикалық технологиялар оқытудың мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Олар «Сын тұрғысынан ойлау», «Деңгейлеп саралап оқыту», «модульдік оқыту технологиясы» және т.б. Күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді.
Оқыту технологиясының бұл нұсқасының бір ерекшелігі, оқушының тілдік қорын молайту,дамыту, грамматикалық құрлым мен шақтарды мақсатты пайдалана білу, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын тудыру проблемаларын шешуге көмектесетін жол. Технологияның негізі –оқушының өз бетінше оқу- танымдық іс-әрекеті,арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға,шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, сөздік қорын ( ауызша, жазбаша) дамытуға бағытталады және дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс ісеу мүмкіндігі туады. Модульдік оқыту әр түрлі мақсаттарға жету жолдарын көздейді; білім алушыға оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануды: оқушыға өзінің әлді әлсіз жақтарын анықтап,модульдік түзету тәсілін пайдалана отырып көмектесуді; оқу материалының құрылған бірлігін тиімді түрде пайдалануды;пәнаралық байланысты орнатуға; оқудың сапасына білім және білікті жүйелеу арқылы жетуді.
Модульдік оқыту технологиясында білім алушының өз бетімен жасалған жұмысына көп көңіл бөлінеді, білім алушы мақсат қоюға, жоспарлауға,іс-әрекетін ұйымдастыруға,өзін-өзі тексеруге,бағалауға үйренеді. Блок жүйесімен оқытуға ыңғайластырыла кесте сызбалар жасалынады. Кесте сызбаларда оқушының нені білуге,үйренуге тиісті екені нақты да қысқа ережелермен беріледі. Кесте-оқушы оқулығына көмекші құрал,әрі мұғалімнің көрнекілігінің рөлін атқарады.
Бұл технологиямен жұмыс істеген мұғалімнің рөлі де, оқушы рөліде өзгереді. Онда мұғалім мен оқушы белсенді түрде әрекет етеді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқарып қана,оқушылардың өзіндік дербес,танымдық қызметін ұйымдастырады және әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның барлық танымдық қасиеттерін дамыта отырып білім береді.
Жасалған жоба қазақ әдебиеті, тарих, география пәндерімен пәнаралық байланыстар ескерілген. Модуль 6 сағаттан тұрады, кіріспе бөліміне 1 сағат берілген, қортындылау бөліміне 2 сағат, қалған сағаттар сөйлесу бөліміне қалдырылады.
Оқу модульінің кіріспе бөлімінде модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын трек сызбаларға сүйене отырып оқыту көзделеді.
Сөйлесу бөлімі өзіндік,топтың ұжымдық жұмыстар,іскерлік ойындар тәрізді оқушылардың өзіндік және шығармашылық іс-әрекетіне негізделген жұмыс формалары түрінде ұйымдастырылады. Сабақ нәтижесінде сабақ жасайтын болжам жасалуы керек.
Қортынды бөлімде тест, сынақ жұмыстары алынады.

МАҚСАТЫ:
Қазақ –тілі сабағында Модульдік оқыту технологиясын пайдалана оқыту
арқылы танымдық белсенділігін арттыру,өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу. Мәтіндерді оқыта отырып Отансүйгіштікке және еліне-жеріне деген оята тәрбиелеу.

МІНДЕТТЕРІ:
• Оқушыларды өз бетінше ізденуге үйрету;
• Коммуникативтік құзреттілігін жетілдіру, дамыту;
• Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
• Сөздік қорларын молайту;
• Өз бетімен ізденуге бағыттау;
• Көзқарастарын жүйелі талдауға үйрету.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
*Оқушылардың білімге дегенг ұмтылысы мен олардың жеке
тұлға ретінде дамуы байқалады;
*Оқушылардың өзіне деген сенімі артады;
* Шығармашылықпен айналысуға талаптанады;
* Өзіндік пікір айту дағдысы, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
* Білімге деген құштарлығы айқындалады;
* өздігінен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады;
* Ойын тиянақтау нәтижеге жету қаблеті қалыптасады.

Болжам:
Егер Модульдік технологияны тиімді қолдана отырып оқытсақ,
онда алған білімдерін өмірде қолдана алатын, коммуникативтік құзыреттіліктері дамыған шығармашылықпен айналысуға талпынатын ,өздік ойы бар, мақсатына жетуге талпынатын жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасаймыз.

V МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы : «Кең- байтақ қазақстаным »
Граматикалық тақырыбы : Сан есім

Бөлімдері Модульдің мазмұны Сабақ саны Уақыты
1. Кіріспе 1. Модуль мақсатымен , құрлымымен
Таныстыру.
2. Жаңа тақырыпты тірек сызба арқылы
түсіндіру.
3. Сөздік жұмысы.
4. Қазақстан жері
Сұрақ –жауап. 1-сабақ 5

20

10
10

2. Сөйлесу. 1.Ақмола облысы.
2.Қазақстанның кен байлықтары.
3. Қазақстанда.
4. Менің Отаным- Қазақстан. 2-сабақ
3-сабақ
4-сабақ
5-сабақ 45
45
45
45
3. Қорытынды 5. Нәтиже сабақ. Тест. 6-сабақ 45

ОҚУШЫ НЕНІ ҮЙРЕНУІ ҚАЖЕТ:
• Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға және сауатты жазуға үйрету;
• Сан есімнің түрлерін білу;
• Осы тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалана білуі;
• Жаңа сөздердің мағанасын түсініп дұрыс қолдана білу;
• «Кең –байтақ Қазақстаным» тақырыбы туралы қысқаша әнгімелей білу;

ОҚУШЫ НЕНІ БІЛУІ ТИІС:
• Лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді дұрыс
қолдана білуі ;
* Сауатты жаза білуі;
* Сан есімнің жасалу жолдарын, сұрақтарын білуі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру;Жаңа сөздермен сөз тіркестерін үйрету, тапсырмалар арқылы өз білімдерін бағалауға жаттықтыру.
2.дамытушылық: Ауызекі сөйлеуді дамыту, сөздік қорларын молайту, тілге деген қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелеу, ұқыптылыққа , сыйластыққа тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ : аралас.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС : жағрапия, тарих, әдебиет.
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР:буклет,суреттер, ҚР картасы,кадаскоп, карточкалар,
«Қазақстан жері» ,кесте.
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасымен жұмыс.
1.Сұрақ-жауап.
2.Сөздік диктант.
3.ЖАҢА САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:
1.Қазақстан жайлы білгеніңіз жөн.
2.Мәтін «Қазақстан жері»
3.Сөздік жұмыс.
4.Сұрақ-жауап.
5Отан туралы мақал мәтелдер.
4.САБАҚТЫ БЕКІТУ: «Миллионды кім алады?» ойынын ойнату.
5. ҚОРЫТУ. БАҒАЛАУ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА.
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
( Кіріспе сұрақтар арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
2. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Ұлттық мерекелер туралы дәптерге жазып, жатқа айту.( 1-2 оқушының диологтарын
тыңдау.
Сөздік диктант жазу.
( Диктантты жазып болып,оқушылар бір-бірінің дәптерін дұрыс жазылған қағаз
арқылы тексереді де бағалау критерийіне сәйкес баға қояды,сол бағаларды
мұғалімнің көмекшісі жеке қағазға тізім бойынша жазып алып береді.
3. ЖАҢА САБАҚ.
1.Кодоскоптағы кодокарта арқылы Қазақстан жерін көрсетеміз.
Осы жерде Сан есімді де есімізге түсіреміз.
2. «Қазақстан жері » деген мәтінді кодоскоптан кезекпен дауыстап оқып, жаңа сөздерді анықтаймыз.
3.Сөздік жұмыс.(Плакатқа жазылған жаңа сөздермен жұмыс. Әр сөзді оқимыз, аудармасын сөздік дәптеріне жазамыз.)
4. Сұрақ-жауап жұмысы. ( Біз қайда тұрамыз? –Қазақстанда. Қазақстан қандай
Мемлекет? –Тәуелсіз мемлекет. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700,шығыстан батысқа 3000 шақырым. Табиғаты қандай ?-Әр түрлі. Ең (терең, ащы, тұщы) көл қай көл?- Алакөл, Қарасор, Марқакөл.
4.САБАҚТЫ БЕКІТУ.
«Миллионды кім алады?».ойыны арқылы жаңа тақырыпты бекіту. ( Бұл ойынға оқушылар жаңа сабақтан алған білімдері мен жалпы Қазақстан туралы білгендерін көрсетеді .)
5. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
( ОҚушыларға алдын ала дайындалған деңгейлік карточкаларды үлестіреміз. Бұл жұмысты жүргізуде оқушыларды топқа бөлеміз,әр топтың басшысын тағайындаймыз. Басшы мұғалімнің көмекшісі, тапсырмаларды тексеру барысында мұғалімге көмектеседі,де өзінің қасындағығыларға көмектеседі .)
1.деңгей.
1. Қазақстан қалаларын білесің бе? Қазақша жаз.
Усть-Каменогорск- Актау-
Уральск- Капчагай-
Актобе- Караганда-
Талдыкурган- Кустанай-
Кокчетав- Иссык-
2.Қазақша аудар.
-Ты откуда приехал?
- Я приехал из Астаны ( Жезказгана, Сатпаев, Капчагая).
3.Облыс орталығы қай қала?
1.Оңтүстік Қазақстанның орталығы.....
2. Солтүстік Қазақстанның орталығы...
3.Шығыс Қазақстанның орталығы....
4. Батыс Қазақстанның орталығы .....
5. Орталық Қазақстанның орталығы....
( Қарағанды қ, Петропавл қ, Шымкент қ, орал қ, Өскемен қ ).
11 деңгей. 1.Мына сөздерден сөз тіркестерін құра:
Кең ,байтақ, шаршы, өзен, Отан, қала, көп, сүтқоректілер, құстар, дәрі, өсімдік,
қорық.
111. деңгей.
1. Сөздерге жұрнақ жалғап ,аударыңыз (к данным словам присоедините
суффиксы и переведите ).
Жер, су, Ел,, орман ,дала, қала,өзен, тау.
2. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар?
3. Сан есімнің реттік түріне мысал келтір.

1V. Деңгей. 1. қазақстан туралы шағын әңгіме құрастырыңыз.
2. «Шет елден келген адам» тақырыбына сұхбат құру.
VI. Сабақты қортындылау.

VII. Бағалау. Үйге тапсырма: шағын шығарма жазып келу.


2-Сабақ
Сөйлесу бөлімі.
Сабақтың тақырыбы : Ақмола облысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік :Қазақстандағы облыс орталықтары тереңрек білімдерін толықтыру.
Дамытыушылық: өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту,сөйлеу мүмкіндіктерін жетілдіру;
Тәрбиелік:Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу.
Сабақтың түрі: Сұрақ –жауап, ойын, түсіндіру.
Көрнекілігі: Облыс орталықтарының суреттері, слайд, буклеттер,Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Кіріспе бөлім
1. Сұрақ –жауап:
-Ақмола облысы қайда орналасқан? /орталық бөлігінде/
-Климаты қандай? /тым континентті/
-Қай жылдан бастап Республикамыздың асстанасы болды?/1998 ж./
iV.Жаңа сабақ: Слайдты пайдаланып Облыс қалаларына толық тоқталу.
2.Сөздік жұмысы: қоңыржай, киелі, сала, өндіріледі.
V. Топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Картадан Ақмола облысының орналасқан жерін көрсет.
Ірі өзендерін көрсет.
Қай өзеннің бойында орналасқан?
VI. Сандар беріледі балалар оларды реттеулері керек. /дара, күрделі/
1,12,20,5,6,35,75,8,9,6,65,252.88.50.
VII.Жазбаша жұмыс орындау. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1.деңгей. Төмендегі сөздерді аудар:
-Орталық-
Шаршы-
Өзендер-
Киелі-
Салалары-
2.деңгей. сөйлемдерді аяқта.
Ақмола облысының негізі 1937 жылы .........
Облыста көптеген .............. бар.
Өсімдіктің 800ден астам түрі ..............
3.деңней Төмендегі сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыр.
Облыс, шаршы шақырым, ыстық ,орналасқан.
VII. Бекіту кезеңі. Мәлімет қате берілген сөйлемдер арқылы ситуация туғызу:
Ақмола облысы Республикамыздың шығыс бөлігінде орналасқан.
Ұлан-байтақ, кең даласында тұз өндіріледі.
Өсімдіктің аз түрі кездеседі.
VIII. Қортынды. «Қазақстан қалалары »деген тақырыптық бұрыш көмегімен қортынды жасалынды.

IX. Бағалау.
X.Үй тапсырмасын беру: 37 беттегі тапсырманы жазбаша орындау.

3-Сабақ.
Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның кен байлықтары
Сабақтың мақсаты: Білімділік : сан есімнің түрлерін қайталау,бекіту.
Мәтінді өздігінен оқып талдауға үйрету.
Дамытушылық : топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту ойындары арқылы.
Көрнекілігі: сілтемелер, әріптер, сандар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Кіріспе бөлім.
1. «Қарлы кесек »оқыта үйрету ойыны.
Сынып оқушыларын топтарға бөледі А,Ә,Б,В,Г, үстелдеріне орналасады әр топ өз тапсырмаларын оқып үйрену үшін 10-15 мин дайындалады .
Дайындалып болған соң оқушылар төмендегідей тәртіппен орын алмасады: 1-үстелдің басына А-1,Ә-1,Б-1,В-1; Г-1, жетоны барлар келеді,келесі үстелге А-2,Ә-1,Б-2,В-2, . Мұғалім әріптер орнына 1,2,3,4,5, сандары жазылған сілтемелер қояды.
Әр оқушы өз тақырыбын әңгімелейді. Басқалар жазып алады.
Ойынның 1-туры жарияланады /10мин/
Жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі әріптерінің кезегі бойынша өз тақырыбын әңгімелейді. Олардың әңгімесін тыңдаушылар сызба, жоспар,тезис түрінде жазып алады. Бұл уақытта 5 нөмірлі ойыншылар тақтада жұмыс істеп сызбалар сызады /Вавтман немесе кодопленка/
11-тур Оқушылар өздерінің орындарына қайта оралады,мұғалім үстел сілтемелерін ауыстырады. Сандар орнына әріптер қояды. Тақтада А-5,Ә-5,Б-5,В-5, ойыншылар сызбаларын қорғайды.
IV. Қортынды шығарады.
V.Бағалау.
VIҮйге тапсырма . : Жаңа сөздерді пайдаланып шағын әңгіме жазу.
4-Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстанда мәтініне байланысты жаңа
сөздермен сөздік қорларын толықтыру;
Дамытыушылық: теориялық материал бойынша
білгендерін айқындау.
Тәрбиелік: Білімге құштарлық, сыйластық, елге деген
құрмет.
Сабақтың түрі: Оқыта үйрену ойыны.
Көрнекілігі: қазақстан картасы, кеспе қағаздар, кестелер ,сандықша.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
Қазақстанда мәтінің оқып, мазмұндау.
«Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы дамыта үйрету.
1. Ойынның, мақсатың, шартың айту. Мұғалім үлестірме материалдарын дайындайды: 5, 4 ұпай көрсетілген карточкалар. «Сиқырлы сандықша» сұрақтармен толықтырылады, олардың саны оқушы санынан артық болады. Әр бір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, тиісті бағасын алады. Ойынды аяқтай келе мұғалімнің көмекшісі, әр бір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп отырады, соған сәйкес үш орын (1, 2, 3) беріледі.
2. Сандықшаға салынатың сұрақтар:
- Қазақстанда қандай өнеркәсіп орталықтары бар?
- Алтай өңірі неге бай?
- Алтау, жетпістей, жүздей сөздерінің аудармасын айт?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Мақалды аяқта: Көлдің көркі - (құрақ) Таудың көркі - (бұлақ)
2. Бекіту кезеңі.3. Бағалау.

4. Үйге тапсырма. 5- тапсырма. Өлеңді жаттау
5 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша алған білімдерінтолықтыру;
Дамытыушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды, жерді қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқыта үйрену ойыны.
Көрнекілігі: қазақстан картасы, кеспе қағаздар, кестелер, сұрақ
карточкалары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
1. «Менің Отаным – Қазақстан» мәтінді қазақ тіліне аудару, жаңа сөздермен жұмыс істеу.
IV. Жаңа сабақты бекіту. «Брейн – ринг» оқыта үйрету ойыны.
Ойын шартымен таңыстыру: сынып оқушыларын жеті адамнан топқа бөлеміз. 7 – оқушы үлестіруші болады. әр топтың үстелінде 6-ға бөлінген дөңгелек сектор, әр секторға үш сұрақ және үш кубик беріледі. Жүргізуші кубикті тастағанда қай номер шықса, соған номердің оқушысы сол сектрдің сұрағына жауап береді. Көмекші бағалайды.
1–кезең. Тақырып бойынша сұрақтар:
Қазақстанда неше көл бар?
Қазақстан жері неге бай?
Ақмола облысының орналасқан жері?
Қазақстанның жер көлемі?
2–кезең. Грамматикалык тақырып бойынша сұрақтар.
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Мағанасына қарай нешеге бөлінеді?
Жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?
V Қорытынды. – бүгін қандай тақырыпқа әңгімелестік?
– сендер үшін жаңа мәлімет болды ма?
– естерінде не қалды?
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасын беру. 3-тапсырма. 41 бет.

Дидактикалық тапсырмалар

I. Кең байтақ Қазақстаным.
1. Оқы, мазмұнын айт.
Менің Отаным – Қазақстан. Оның жері – кең байтақ. Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғатты тамаша, жері кең байтақ. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз–шексіз ұлы дала жатыр.
Қазақстанның ұлан байтақ даласында мол байлық бар, бұл – сирек кездесетің жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар.
2. «Отаным» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3. Отан туралы үш – төрт мақал айт.

II. Қазақстан Республикасы.
1. Оқы, мазмұнын айт.
Қазақстан Республикасының астанасы – арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы. 1991 жылдың 25 қазанынан бастап еліміз тәуелсіздік туын көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып сайланды. Қазақстан – әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріпжатқан жер. Кәзір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы /теңге/ бар.
2. Ойлан, тап.
Рдина – горячее огня.
___________________.
3. Есіңде сақта!
Жер, Отан, ел сөздеріне сын есім қосып жаз.


Бақылау диктанты

Отаным – Қазақстан.

Менің туған жерім, Отаным – Қазақстан. Қазақстан – көп ұлтты Республика.
Қазақстанның астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстанның тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең – байтақ, өте бай және табиғаты әр алуан. әлемге әйгілі тарихи ескрткіштер, қорықтар, демалыс орындары бар.
Қазақстан егеменді, көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан қалалары
Қазақстанда әдемі қалалар көп. Олар: Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей, Жезқазған, Сәтбаев, Өскемен тағы басқалары. Қазақстан қалалары шет ел қалаларынан кем емес. Әр түрлі мұражайлар, театрлар цирктер, мәдени ошақтары, сая бақтар көп қабатты үйлер бар. Сондай қалаларды бірі – Сәтбаев қаласы. Сәтбаев кеншілер қаласы. Шағын, таза, өзіндік ерекшелігі бар. Мен Сәтбаев қаласында тұрамын, өз қаламды жақсы көремін.


Тест

1. Қазақстанның кең байлықтары:
А) алтын
Ә) мыс
Б) мұнай
В) бәрі де

2. Ірі өнеркәсіп орталықтары:
А) Қарағанды
Ә) Жезқазған
Б) Балхаш
В) бәрі де

3. Қазақстанның жалпы жер көлемі:
А) 2700 мың шаршы
Ә) 1700 мың шаршы
Б) 3000 мың шаршы
В) 1800 мың шаршы

4. Қазақстанның өзендерін ата:
А) Ертіс
Ә) Сырдария
Б) Есіл
В) бәрі де


III. Қортынды бөлім.

Жұмыс нәтижесінде модульдік технологияның қазақ тілін басқа тілді аудиторияға меңгерту үшін қолданылатың өте тиімді технология. Жеке тұлғаға бағытталған субъект – субъект негізін, қызығушылығын, ой – өрісін, оқу таным әрекетін орындау ынтасын дамытатын, бірден – бір технология.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
Жалпы білім сапасын жоғарлатады;
Сабақтың тиімділігін жоғарлатады;
Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасайды;
Жеке тұлғаның өзін – өзі реттеуін, өзін – өзі тәрбиелеуіне, дамытуына ықпал етеді.
Модульдік технология алдына қойған мақсаттарына оқушылармен ынтымақтаса отырып жетуге, жалпы ортақ проблема ретінде шешуге мүмкіндік береді.
Модульдік технологияның ерекшелігі: білімді меңгертуге емес, оқушының танымдық қабілетін және көру,ойлау, қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітуі, шығармашылық қабілетін артыру. Аталған технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге,қортындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзінде өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Демек ,оқытудың жалпы мақсаты, соның ішінде қазақ тілін басқа тілді аудиторияға меңгертудің негізгі мақсаттарын орындау жолдарын пайдаланатын технология модульдік технология деп есептейміз.


Мұғалім пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»2007
2. «Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа
Технологияларды енгізу мүмкіндіктері » Алматы,2006
3.М.М. Жанпейісова. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
Құралы ретінде».Алматы,2002
4.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №62008 55-бет,
5.М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы». Алматы, 2006
6.Артықова Т.М. ,Қыстаубаева Ж.Н. «Қазақ тілі»бес сынып. Алматы,
«Атамұра»2005.ж
7.Артықова Т.М, Қыстаубаева Ж.Н «Қазақ тілі әдәстемесі», 5- сынып,
Алматы, 2005.ж
8. «Қазақ тілі мен әдебиет»№ 5, 2006.ж
9. А.Ә. Жайтапова ,З.Ә. Исаева, В.Т. Тихомирова. Кәсіби тұрғыдан өсіру
мақсатында оқыту үлгілері. Алматы, 2004ж.
10 .ОӘК ,оқулықтар,
11.«Құзреттілікке бағдарланған білімді дамыту жағдайындағы
мұғалімнің іс әрекеті» оқу әдістемелік құрал, жеті ж.

Оқушылар пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі, сыныптарға, Т.Артыкова.Б.Намеренова. 2005.ж
2. Қазақша орысша сөздіктер.
3 Мақал мәтелдер .
4. ҚР «Тілдер туралы»Заңы Алматы,1997.ж

Түйін сөздер мен жаңа сөздер

Білім сапасы \ мақсат пен жетістік байланысы.
Тұлғалық сапа \ әр жеке адамға дербес бағытталған,тек оған жалпылай
құндылықтарға қатысы.
Жалпы\ общая
Көлемі\ площадь
Шақырым\ километр
Алуан \ разнообразный
Жуық \около,близко
Шың \ вершина
Сүтқоректілер \мелкопитающие
Ұсақ\ мелкий
Қорық\ заповедник
Киелі\ святой
Сала\приток
Өндіріледі\ производиться
Кен \ископаемое
Мыс \медь\
Қалайы\олово
Қорғасын \свинец
Өнеркәсіп \промышленность
Көмір ошағы \угольнная база
Жанармай \ горючее
Шетсіз шексіз\ бескрайняя степь
Іле Алатауы \Заилийский Алатау
Есепсіз байлық\несметные богатство
Қаламайтын\не уступающий
Просмотров: 2523 | Добавил: Полина9690 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика