Воскресенье, 22.12.2024, 05:23
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Ноябрь » 13 » «Наурызым әз - наз гүлім»
13:20
«Наурызым әз - наз гүлім»
Карағанды облысы
Сатбаев қаласы
"№7 ЖОББМ" КММ
Бейнелеу өнері пән мұғалімі
Мендигалиева Макпал Каденовна
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Наурызым әз - наз гүлім»
Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мәніне қарай оқушыларды адамгершілікке, парасаттылыққа баулу, елін, Отанын сүюге, және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары, қазақ халқының ұлттық тағамдары,нақыл сөздер
Мереке жиынға жиналғандардың көңілі көтеріңкі. Н.Тілендиевтің «Керуен» атты күйі орындалып тұрады.
Мұғалім:
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекеміз құтты болсын! Наурызым -әз наз гүлім атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсің,Наурыз!
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап, қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
Айдын:
Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Нұрасила:
Ата салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке-бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Ажар:
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Гүлбақыт:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Айдын:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейіпін танысын деп тасыпп өткен.
Наурыз-сән-салтанат,ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
Гүлбақыт:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынын таралғандай.
Ел мен жер елжірескен,қуанысқан,
Наурызда ажар қандай,арай қандай!
Айдын:
Ауру да сырқатынан суырғандай,
Жоқ – жітік уайымсыз тойынардай.
Наурыздың шаттық шашқан шашуынан,
Қыс қыспаққа дәу нүкте қойылардай.
Алтынай:
Табиғат тамсандырып тамашасын,
Тіршілік алға салып аласасын.
Наурыздың берекесін төгіп-шашпай,
Жөніміз өкпе-назды кешіретін,
Жанымыздан самал жел есілетін.
Наурыздың батасымен жарылқанып,
Көңілдерге көктемді көшіретін.
Айдын:
Киіз үйлер тігіліп,
Түндігін ашып айқара.
Жеңгелер жүр жүгіріп,
Жайраңдай басып жайқала.
Қос-қос қазан асылып,
Бүлкілдеп қазан қайнаған.
Наурыз тойға асығып,
Құстар да кетті сайраған.
Тойлайтын кезді дәл басқан,
Бабалар неткен кемеңгер.
Жанерке:
Құрт-майын, сүрін қыс сақтап,
Қазанға салды әжелер.
Бусанып жерге дәл бүгін,
Бәйшешек сыйлап әлемге.
Мұсылман халық мәз бүгін,
Мән беріп аман – сәлемге.
Тойларың тойға ұлассын,
Жаны жомарт ағайын.
Жырларын Бүгін бүр ашсын,
Уыстап шашу шашайын.
Би: «Қазақ биі»
Үлкен ақсақалдардың наурыз туралы әңгімесі мен батасы тыңдалады. Береке аулының наурыз тойы (көрініс )
Әже. (Шынар) Келіндер, қыздар-ау Бірлік ауылынан шыққан ақсақалдар, біздің Береке аулына бет бұрыпты деп естідім. Наурыз тойына дайындық қалай?
Келін (Айдана)
-Әже, дастарханды әзірлеп, бәрін дайындап қойдық. Қонақтар келгенше ертеде сіздер наурыз тойын қалай қарсы алғандарыңызды айтып беріңізші?
Әже:
-Ата-бабаларымыз бұл күнді «ақ түйенің қарны жарылған күн деп, үй-үйді ауыл-ауылды аралап, науыз көжеден дәм татады екен.Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілеп, Ұлыс күні қазан толса,ол жылы ақ мол балалар деп «наурыз айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақырған.
Бала (Еламан):
-Әже, атам қайда?!
Әже:
-Жүрген осы арада, атасы-ы-ы!
Атасы:
Не боп қалды, балам.
Бала:
- Осы мерекеге Бірлік ауылымнан қонақтар келе жатыр.
Атасы:
-Ендеше, қарсы алуға дайындалайық! «Береке» ауылының Наурыз думанына қош келдіңіздер!...
Атасы:
Қариялар қарап отырмай, ата-бабаларымыздың ертеде Наурыз тойын қалай қарсы алғанын айта отырыңыздар.
Қария сөзі:
-Уа,қадірменді халайық!Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Халқымыз Ұлыс күнді «жыл басы»деп санайды.Тілімізде наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», « ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы», «жылқышы торғай келген күн», «көк құт көзін ашқан күн», жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн» деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келген.
Қария сөзі:
Халқымыздың айтуынша, 21- наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен.Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял-ғажайып адам дейді.
Әже:
Бұл күнді үлкен думанға айналдырған.Ұлттық тағамдар жасап, бір-бірін қонаққа шақырған.
Әбсаттар:
Ақсақал кезінде бір ауылдан бір ауылға наурыз тойына бара жатқанда ат үстінде айтысқандарымыз есіңде ма?
Қонысбай:
Әрине, есімде.
Әбсаттар:
Ендеше,сол күндерді есімізге алып айтысалық!
Әбсатар(Айдын)Ақсақал ,сіздің үкілі домбыраңыз қайда? Ал, бастап жіберейік.
Аман ба, барлығыңыз жалпы халқым,
Жаңғыртып отырсыздар ата салтын.
Алыстан ат терлетіп келген едім,
Нұр Наурыз құтты болсын жүзі жарқын.
Өзің де амансың ба, Қонысбайым,
Мен –дағы құшақ жайып қол ұстайын.
Қашанда тасың өрге домаласын,
Қуаттап өлеңіңді жыр бастайын.
Қарағым , жасай берші інішегім,
Қашан да қуат болар тыныс елдің.
Аман бол,барлық қазақ өмірінде,
Көңілің гүлдей берсін ырысты елім.
Қонысбай: ( Жомарт)
Ағасы,айналайын үніңізден,
Қазақша бал тамызған тіліңізден.
Төсінде Сәтбаевта кездестіңіз,
Білетін бағыңызды ініңізбен.
Қалайша даусым сізге жете алады,
Жырыммен жалғайыншы екі араны.
Құс болсам қанатым бар қысқа күнде,
Ұшар ем көктей өтіп шекараны.
Қалың ел үміт артқан үкілің ем,
Тәубасын қатар айтқан шүкіріммен
Жүрсеңде ту алыстан ел деп соққан,
Айналдым жүрегімнің лүпілінен.
Әбсаттар:
Бұл елдің жайы,халқым міне осылай
Кім білген кімнің жайын сөз қосылмай.
Жойылсын жер әлемнен жаманшылық,
Қарсы тұр жамандыққа көп қосыл-ай.
Сөзіңді мен бұрайын жаққа,
Біз бүгін көтерілдік басқа жаққа.
Өткен іс өкінгенмен орны толмас,
А,Құдай,ұрпағымды аман сақта.
Қонысбай:
Келсеңіз құшағымды жайып керіп,
Орынды дәл ортадан ойып беріп.
Мен жылап отырар ем қуаныштан,
Ең соңғы лағымды сойып беріп.
Асылын маржан саөздің тізбелеген,
Ініңмін жалған бедел іздемеген.
Онсызда аз емес қой алған атақ,
Бәйгемді дәл бүгінгі сізге берем.
Қария:
Ой,бәрекелді!Әліде болса жас күндеріңізді ұмытпаған екенсіздер.
Әбсаттар: Осы ауылдың жастарының да өнерін тамашалайық!
Ән: «Наурыз»
Ән:Сарыжайлау
Қонысбай:
Бұл ауылдың жастарының барлығы өнерлі екен ғой өзі!
Қария:Иә,күн мен түн теңелген уақыта тойланатын бұл мейрамымыздың ең басты қамиеті теңдік, адамгершілік, молшылық сияқты абзал қасиеттерден тұрған. Алдағы жылы да басымыз аман, жзанымыз сау болсын деп тілеп, үлкендеріңіз бата беріңіздер!
Баласы:
Әумин!
Қария батасы:
Ал, тыңдаңдар батамды,
Ардақтаңдар атаны.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың.
Болсын әр кез тыныштық,
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз!
Көбейе берсін ырыс құт,
Көркейсін «Ақ жол» мектебім,
Оған да қонсын мол бақыт.
Бақытты болсын балалар!
Қуана берсін аналар!
Өркендей берсін қалалар!
Гүлдене берсін далалар!
Әумин!!!
Хор:Атамекен
Мұғалім: Береке аулының наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні барлығыңызға бақ қонсын!
Наурыз қайта оралды аты аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, біз ақы да
Үй –дастархан, даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

[b]
Просмотров: 1451 | Добавил: 87770491664 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика