Сабақтың тақырыбы: Атамекен
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік
Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
2. Тәрбиелік
Сөйлеу шеберліктерін дамыту.
3. Дамытушылық
Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ –жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі:кроссворд,слайд,сурет, карточка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме,балалар.
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Сыныпта кім кезекші?
- Қазір кандай жыл мезгілі?
- Қүз айлары?
- Бүгін дала жылы ма?
- Күз айында жапырақтардың түстері қандай?
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Мақал–мәтелдерді «кімнің ойы жүйрік» атты ойынмен жарыстыра тексеру.
Мына қапшықтың ішінен мақал-мәтелдердің мәнін ашу
-
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты кроссворд арқылы ашу.
Ата дедушка-
отан родина-
бақыт счастье-
Мемлекет государство-
дәптер тетрадь-
Кітап осень-
зерек способный-
Нан хлеб-
Атамекен
Сөздік жұмыс
- Жаңа сөздерді бірнеше рет оқытып, аудармасымен таныстыру.
- Осы сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
- Мысалы: бақытты - бақытты адам - мен бақытты адаммын
- Сурет бойынша жұмыс
-
Кітаппен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
«Атамекен»
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел!
Сергіту сәті «Қоян»
Қоян, қоян тұршы
Бетінді жушы,
Шашынды тарашы
Айнаға қарашы.
Жұмбақ.
Дәптермен жұмыс.
2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
Менің атым - ........ Мен ......... жастамын. Менің ұлтым - ........
Үлгі: Менің атым – Светлана.
3 - жаттығу
Жуан айтылатын сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылатын сөздерді бір бөлек жазу.
Буын түрлеріне ажырату.
Ауызша жұмыс, оқушылар дайындаған кеспелері арқылы жауап береді:
Ашық буындылар: Ба-ла, да-ла.
Тұйық буындылар: ел, -ар, үй.
Бітеу буындылар: -зақ, -тан, мек-теп т.б.
5- жаттығуды орындау.
- Сөздірді, сөз тіркестерін оқу.
- Сөйлемдерді құрап дәптерлеріне жазу.
Сабақты қорыту.
Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Оқушыларды мадақтау.
|