Суббота, 21.12.2024, 17:42
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Март » 15 » Сабақ
15:18
Сабақ


Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдырған» балабақшасы

Тәрбиеші: Исламханова Г.Ш
«Күншуақ» тобы

2014-2015 оқу жылы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қуыршақ.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға киімдерді ажырата білуге, заттардың атын атай
білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын дамыту,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, достыққа баулу.
Көрнекілік: Қуыршақтар, айна,тарақ, ыдыстар,тағамдар.
Кіріспе:
Шаттық шеңбері
Ал, балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Бір-бірімізге күлімдеп
Көңіл күйімізді сұрайық!

Негізгі бөлім
Тосын жағдай:
-Балалар, біреу есік қағып тұр, кім екен барып көрейінші?
-Балалар, қараңдаршы бізге біреу сыйлық тастап кетіпті, ішінде не бар екен көрейікші.
Балалар аң-таң болып тұр.
- Балалар, мынау не?
Балалар жауабы: Қуыршақ.
-Дұрыс айтасыңдар,қуыршақтардың қарны ашқан сияқты.сендер бір-бірден қуыршақ алып, оларға тамақ беріңдерші.
Балалар, мына ыдыстардың ішінен тарелке мен қасықты көрсетіңдерші?
Балалар жауабы: Міне тарелке, міне қасық.
Балалардың ыдыстарына тамақ салып беру.Балалар қасықпен тамақты алып, қуыршақтың аузына апарып «жей ғой»-дейді.
-Балалар,қуыршақтардың ұйқысы келді,енді ұйықтатыңдар.
Балалар аяқтарына қуыршақты жатқызып, аяқтарын қозғай отыра «әлди-әлди, бөпешім»-деп,әндетіп отырады.
-Балалар, қуыршақтарың оянды ма?
Балалардың жауабы: Иә, оянды.
-Енді олардың шаштарын тараңдар,киімдерін дұрыстап кигізіңдерші.
Балалар қуыршақтың шашын тарап береді және киімдерін кигізіп отырып, киімнің атауларын атап отырады.
-Балалар, бәріміз қуыршаққа ән айтып берейікші!
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау,қозы,құлыншақ
Ойыншықтар ойнайды
Айтқаныңнан шықпайды
Ля,ля,ля,ля,ля,ля
Жарайсыңдар, балалар!
«Не жоқ» дидактикалық ойыны.
Шарты: Алдымен киімдерді тізіп қойып көрсетеді, содан соң көзін жұмдырып,біреуін алып қояды.жоқ киімді табу керек.

Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Экология
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру.
Дамытушылық: Олардың аттарын атап және дыбыстарын салуға үйрету.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреті,жануарлардың ойыншығы.
Кіріспе:
Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен таңмен амандасады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Негізгі бөлім
-Балалар, мына суретке қараңдаршы,не көріп тұрсыңдар?
Балалар жауабы: Сиыр,жылқы,қой,ешкі.
Дұрыс айтасыңдар, сиыр,жылқы,қой,ешкіні –төрт түлік мал деп атаймыз.
Себебі балалар,оларды үйде яғни қорада баққан соң, үй жануарлары деп аталады.
Сендердің үйлеріңде сиыр,жылқы,қой,ешкі бар ма?
Балалар жауабы: Біздің үйде сиыр бар,бізде қой бар.
-Балалар,сиыр бізге сүт,айран,ірімшік береді.Сендер сүт,айранды ішіп жүрсіңдерме,оның дәмі қандай?
Балалар жауабы: Ішеміз, сүт,айран тәтті.
Балалар,бір дауыс шығады ненің дауысы екен, тыңдайықшы?
Үнтаспадан сиырдың дауысы шығады.
-Балалар бұл ненің дауысы?
Балалар жауабы: Сиырдың.
Келесі қойдың, жылқының дауыстарын тыңдату.
Балалар жануарлардың дауысын танып және өздері де сол жануарлардың дауыстары мен қимылдарын салады.
-Балалар, сиыр,жылқы,қой,ешкі не жейді? Не ішеді?
Балалар жауабы: жем жейді, су ішеді.
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың,
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың.

Ойын: «Дұрыс тап»
Шарты: үстел үстіне жануарлар мен құстардың ойыншықтарын қою. Аты аталған жануарды тауып,үстел үстінен алып, бөлек тұрған жануарлардың қасына апарып қою.

Қорытынды: Балаларды мақтап, оқу іс-әрекетін аяқтау.

Просмотров: 1109 | Добавил: xamedulovna | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика