СҚО,Тайынша ауданы, КММ «Тайынша қаласындағы №1 орта мектебі» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шаяхметова Райхан Саткановна Қазақ тілі 4 сынып Сабақтың тақырыбы: Отан . Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздерді дұрыс пайдалана білуге үйрету; Дамытушылық: тіл дамыту,ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік:Отансүйгіштікке баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақта қолданалатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру. Сабақта қолданалатын көрнекіліктер: «Менің Отаным- Қазақстан» атты слайд көріністері, оқулық, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу,түгендеу. 2.Оқушылар назарын сабаққа аудару. II Үй тапсырмасын тексеру. III Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. IV Жаңа сабақ Мәтінді мәнерлеп оқып, аудару 1.Сөздік жұмысы а)Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау;айтып үйрену; сөздік дәптерге жазып алу. б) Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. V Мәтінмен жұмыс. а)Мәтінді оқу Отан – адамның туып – өскен жері. Қазақстанда тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Адамның кіші Отаны да болады. Ол – тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. ә) Қазақ тіліне аудару б) Сұрақтарға жауап беру: Отан деген не? Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны? Қандай адам бақытты? Отанды сүю неден басталады? VI Дәптердегі жұмыс 2 жаттығу:Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. 3жаттығу: Берілген сөздермен сөйлемдер құрастыру. Отан, кіші Отан, адам, туған жері, Қазақстан Республикасы, Отанды сүю. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын жаз. 5 жаттығу Сөйлемдерді аяқтау: Отанды сүю орман, дала, тау қажет. Жануарға Отан керек. Адамға Отанды қорғау. Табиғатты қорғау дегеніміз- отбасынан басталады. Адамның кіші Отаны- ауласы, көшесі,мектебі,достары. VII Сабақты қорытындылау: Рефлексия Бүгінгі сабақта не білдік? Баға қою. Үйге тапсырма беру: Мәтінді мазмұндау, жаңа сөздерді жаттап алу.
|