Понедельник, 30.12.2024, 19:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2013 » Февраль » 7 » Шоқан Уәлиханов
12:03
Шоқан Уәлиханов
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шоқан Уәлихановтың шығармашылық өмірбаянынан жалпы мағлұмат бере отырып, шығармашылығының мазмұнын ашу. Шоқан талантты ғалым, саяхатшы-географ, зерттеуші екенін көрсету.
Дамытушылық: Шоқанның халқына әкелген пайдасын ашып, Шоқанның қысқа өміріндегі қыруар еңбегін оқушыларға жеткізу.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың атақты адамдарын біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, география
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
ІІІ Жаңа тақырып. Шоқан Уәлиханов.
Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия)1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.
Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста ерлік көрсеткен, ел бірлігі, тыныштығы үшін күрескен. Дарынды қолбасшы, шебер дипломат, хан болған.
Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының етегінде, Көкшетауда өткен.
Шоқан әжесі Айғаным тәрбиесінде болған
Шоқан 1853 жылы Кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Шоқан Батыс-Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағының генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың адъютанты қызметінде жүреді. Сапар барысында тұңғыш рет қазақ халқының өмірімен жан-жақты танысады. Шоқанның өсіп-жетілуіне, ғалым болып қалыптасуына Н.Ф.Костылецкий, Н.М.Ядринцев, И.Н.Березин ұстаздары әсер еткен.
Шоқанның орыс достары: Потанин Г.Н., П.П.Семенов-Тянь-Шанский, С.Ф.Дуров, Ф.М.Достоевский.
1854 жылдан бастап Жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкесін аралады. Ол қазақ халқының әдет-ғұрпын, дінін, жер-су аттарын зерттеді. Нәтижесінде "Тәңірі”, "Қазақтардағы шамандықтың қалдықтары” еңбектері шықты.
1856 жылы мамыр айында қырғыз еліне Ыстықкөл аймағына саяхатқа шығады. Еңбектері: "Қырғыздар туралы жазбалар”, "Ыстықкөл сапарының күнделіктері”, "Манас” жырының "Көкетай ханның асы” тарауын жазып алады.
1858-1859 жылдары Қашқарияға саяхат жасайды. Бұл сапардан шыққан шығарма "Жоңғария очерктері”
1858 жылы 22 жасында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
1859-61 жылдары Петербургке барып ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Петербургтен келгенде, оны Атбасар уезіне аға-сұлтан болып сайлайды.
1863 жылы Омбыға барып, Ұлы жүздің аңыздарын, дүнгендер көтерілісін, сот реформасын зерттеді.
1864 жылы Әулиеатаға келіп, кейін Верныйға қайтып кетті. (Генерал Черняев халыққа көрсеткен қиянатына шыдамай)
Содан кейін Жетісуға келіп, Тезек төренің қарындасына үйленді.
Шоқан 1865 жылы 10 сәуірде шамамен жасы отызға келгенде, қайтыс болды. Ол Алматы облысы, Алтынемел тауының етегінде, Көшен-Тоған жерінде жерленген.

Тапсырмалар.
1. Сөйлемдерді аяқтау:
 1835 жылы ....
 1853 жылы ...
 1854 жылы ...
1856 жылы ...
 1858-1859 жылдары ....
 1858 жылы 22 жасында ....
 1856 жылы ....
2. Тірек схеманы толтырып, әңгімелеу.

Шокан Уәлиханов:

Шоқанның шығармалары:

Сұрақтарға жауап беріңдер.
• Шоқан кім?
• Ол қайда туды?
• Шоқан кімнің тәрбиесінде өсті?
• Оның арғы атасы кім болды?
• Шоқан қайда оқыды?
• Оның ұстаздары кім болды?
• Шоқан не зерттеді?
• Шоқан қандай жерлерге сапарға шыққан?
• Ғылым-зерттеу жұмысымен қайда айналысады?
• Қай жолдарымен қайтып келеді?
• Шоқан қашан қайтыс болады?
• Ол қайда жерленген?

Рефлексия.

Үй жұмысы: Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелеу.
Қорытынды.
[/hide]
Просмотров: 3864 | Добавил: БаянАкановна | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика