Сабақтың тақырыбы: Құстар Мақсаты: 1.Білімділік: құстар туралы түсінік беру. 2.Дамытушылық: балалардың ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын байыту,қазақша сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. 3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, құстарын қорғауға баулу. Көрнекілігі: құстар,ағаш, құстарға қатысты суреттер, Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу Сәлем бердім мен күнге, Сәлем бердім мен саған Сәлем бердік апайға, Қонақтарға құстарға. Психологиялық дайындық «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» Табиғат деген не ? І. Жаңа тақырыпқа кіріспе: а) Мозайка құрастырамыз Б) Жаңа сөздермен танысу
(хормен оқыту)
ІІ. Стуациялық сұрақтар: Балаларға құстар бойынша сұрақтар беру - Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік. 1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің? 2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің? ІІІ.Суретпен жұмыс: суреттегі зат атауларын орыс-қазақ тілдерінде атау: дядя-ағай воробей-торғай серьги-сырға ворона-қарға вечер-кеш петух-әтеш холодно-суық курица-тауық дерево-ағаш ласточка-қарлығаш скатерть-дастарқан сорока-сауысқан бумага-қағаз гусь-қаз почки-бүйрек утка-үйрек
Шығармашылық тапсырма: Суреттерді бояу: Сабақты бекіту: 1) Тыйым сөздер: Аққуды атуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды.
|