Суббота, 21.12.2024, 17:54
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Апрель » 8 » Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Абай – дара, Абай - дана!»
13:08
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Абай – дара, Абай - дана!»

Акпарова Манат Сагинбаевна

 

Іс-шараның мақсаты:
а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір - қасиетін ұғындыру;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: презентация
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, сөзжұмбақ т.б.

Кіріспе сөз:
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.
Топ мүшелері Абай, Телғара деген атпен екі топқа бөлінеді.

І кезең: «Үй тапсырмасы» презентация қорғау.

ІІ кезең: Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар: (әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек).

Телғара тобына:

1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы. (Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

Абай тобына:

1. Абайдың қанша қарасөзі бар? (45)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? («Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
5. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі. («Жаз», 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

ІІІ кезең: «Абай аудармашы»
Абай есейген шағында орыстың классик әдебиетін оқи бастайды. Олардың ішінде Достаевский, Лермонтов, Пушкиннің шығармаларына көп көңіл аударған. Сонымен қатар Абай Пушкиннің ең таңдаулы шығармасы – «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады. Қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған. Ендеше, топтарға берілген тапсырма бойынша «Онегиннің Татьянаға жазған хатынан» үзінді тыңдайық.
Абай тек орыс классиктерінің шығармаларымен танысып қана қойған жоқ, сонымен қатар неміс ақыны Гетеден М.Ю.Лермонтов аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін аударған. Онда келесі сөз кезегі «Телғара» тобына беріледі.

ІҮ кезең: Келесі кезеңіміз «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Мұнда Абай өлеңдерінің екі шумағы мәнерлеп оқылады, сол өлеңдердің жалғасын табу.

1. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
---------------------------------------------
---------------------------------------------
2. Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалан
--------------------------------
--------------------------------
3. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
----------------------------------------------
----------------------------------------------
4. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
----------------------------------------------
----------------------------------------------

Мұғалім сөзі:
Ұлы ақынның өзгеше жыр еңбегі – қара сөз үлгілері. 1890-1898 жылдар аралығында 45 қарасөз жазылған. Қарасөздер алғаш рет 1948 жылы «Абай» журналында жарық көріп, орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылған. Ендеше, Ү кезеңіміз: «Асыл сөз» Абай қарасөздерінің негізгі түйінін жеткізу.
«32, 25 қарасөздері» талданады.

ҮІ кезең: «Сөзжұмбақ шешу»

Абай тобына:

А
Б
А
Й

1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/
2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/
3) Абай қай айда туылды? /тамыз/
4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/

Телғара тобына:

А
Б
А
Й

1) Аналарының Абайға еркелетіп қойған аты? /Телғара/
2) Абайдың әкесінің аты кім? /Құнанбай/
3) Абайдың анасының аты кім? /Ұлжан/
4) Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)

Мұғалім сөзі:
Абай өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.

ҮІІ кезең: «Абай әндері»
Абай тобына: «Көзімнің қарасы»
Телғара тобына: «Желсіз түнде жарық ай»

Просмотров: 2002 | Добавил: Манат_Сагинбаевна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика