Суббота, 21.12.2024, 13:50
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Май » 31 » Төлен Әбдіковтың "Қонақтар" әңгімесі (C)
12:56
Төлен Әбдіковтың "Қонақтар" әңгімесі (C)

Ақжар негізгі мектебі

Тақырыбы:

2014-2015 оқу жылы

Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8
Пән мұғалімі: Жаппарова Гульнур Кенжеевна
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Қонақтар» әңгімесінің тақырыбын, идеялық-көркемдік мәнін аша отырып, әдеби талдау жасау. Қазіргі заман үлгілерінен мысал ала отырып, білімдерін жүйелеу.
Сабақтың міндеті: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ата-ана алдындағы борыштарын өтеуге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жазушының портреті, слайд, бейнеролик, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, білімдерін жинақтап, бекіту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, пікірсайыс, Венн диаграммасы, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а)-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Бүгін кім кезекші?
-Сабақта кімдер жоқ?
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Қане үй тапсырмасына «Ана-тіршіліктің гүлі» тақырыбына шығарма жазып келу және мақал-мәтел жаттау.
Оқушылар үй тапсырмасын кезекпен оқып, мақал-мәтелді жатқа айтады.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,қазақтың танымал жазушысы, драматург, аудармашы, хатшы, редактор, сектор меңгерушісі, Европалық алтын медаль иегері, мемлекеттік сыйлық иегері – Төлен Әбдіков туралы сөз етпекпіз.Және де «Қонақтар» әңгімесіне талдау жасаймыз. Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы , Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.
Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы бойынша жылдар сөйлейді.
1942 жыл Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген
1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген
1965-1970 жылдары «Қазақстн пионері» (қазіргі Ұлан) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген
1970-1977 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор
1979-1990 жылдары
Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитеті жауапты қызметкер
1985 жыл Республика театрларында «Біз үшеу едік» пьесасы қойылған
1985 жыл «Өліара» романы жарық көрген
1987 жыл «Ақшоқыдағы қыс қатты» романы жарияланды.
1990-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары
2002 жыл «Парасат майданы»романының авторы –Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Франц Кафта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.

Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады.Бірінші «Көкжиек» жинағы 1969 жылы, одан кейін «Күзгі жапырақ» 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтар жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы «Өліара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған.Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.1987 жылы «Ақшоқыдағы қыс қатты» және 2002 жылы «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафта атындағы орденімен марапатталады. 2003 жылы Халықаралық Франц Кафта атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығыны лауреаты. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне фолософиялық проза жанрын ала келді.
Жазушының қаламынан туған «Қонақтар» әңгімесі н топтық жұмыс арқылы жүзеге асырғалы отырмыз.Мұғалімнің алдынды 2 топтың атауы жатыр. Сондай-ақ үстелдің үстінде Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің шумақтары жеке-жеке қағазға жазылған. Оқушылар ортаға шығып, өлеңді кезекті тармақтары арқылы тауып екі топқа бөлінеді.Қалаулары бойынша топтың аттарын таңдап алады және не себептен таңдап алғанын өздері оқып келген әңгімемен байланыстырып өтеді.
1-топ Сағыныш
2-топ Құрмет
Мғалім сөзі: Төлен Әбдіковтың көркем туындыларында халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтап, адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген.Бүгінгі өткелі отырған «Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызы туралы ой қозғайды.
-Балалар әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Қонақтар деп отырғаны кімдер?
Ата-ананы сыйлау-адамдардың парызы.
Мәтінмен жұмыс
Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.
1. Әңгіменің басталуы – Ерғабыл шал мен кемпірдің әңгімесі.
2. Дамуы – Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Байланысуы – қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары.
4. Шиеленісуі –Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5. Шарықтау шегі – Мазасы кеткен қарт.
6. Шешімі – Соңғы үміті орындалмаған қария.
Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Кейіпкерлері:
Ерғабыл қарт-
Кемпірі
Сапабек (ұлы
Тома (келіні)
Жеңіс (немересі)
Ауыл адамдары
Аспандияр (әнші жігіт)

Сапабек (ұлы) – Ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома (келіні) – Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ,ақ сары ажалы келіншек
Жеңіс (немересі) – Аяқ – қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы

Венн диаграммасы

Ұқсастығы
Ерғабыл Әкелі – балалы Сапабек
туыстар, ер адам
ауыл тұрғыны ,қарт, айтқанынан қайтпайтын қала тұрғыны, жас,
оқымаған, көп бірбеткей оқыған, өзімшіл, көп
сөйлемейтін ,қарапайым жан сөйлегіш

Әдеби теориялық ұғымдар.
Теңеу- Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.

Дисфемизм сөздер: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып.
Мақал –мәтел: Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.

Екі топ жақтаушы және даттаушы топ болып бөлініп, әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс –әрекеті, ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па?деген сұраққа пікір таластырып, ойларын ортаға салады.
Сұрақ -жауап
Екі топқа сұрақтар беріледі:
1.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
2.Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы, киім киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғарлыңдар?
3.Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
4.Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
5.Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?

Оқушыларға борыш сөзінің мағынасын айта өтемін.
Борыш – ата-анаға ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс –әрекеттер және ол қарыз деген сөздің баламасы.

Сабақты қорыту:
Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін оқу.

Бағалау парағына оқушылардың білімдерін бағалау.
Жеңген топты құттықтау.

Үйге тапсырма: «Ата –ананың қадірі» тақырыбына эссе жазу.

Просмотров: 10818 | Добавил: zhapparovy | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика