Суббота, 21.12.2024, 18:13
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Февраль » 28 » Тіл жүйрікте кім жүйрік? (С)
15:39
Тіл жүйрікте кім жүйрік? (С)

Аққошқарова Нурсулу Бултуруковна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қалаасы №25 ЖББОМ
орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалмімі

Күні: 19.02.15
Сыныбы: 9 сыныптар
Тақырыбы: «Тіл жүйрікте кім жүйрік?»
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін
пысықтап, білім деңгейін кеңейту.
2. Сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беру дағды-
ларын қалыптастыру. Логикалық, ойлау қабілетін дамы-
ту, танымдық деңгейін көтеру.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын
арттыру, Отанын, елін сүюге, халық дәстүрлерін
сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс-ойын сабағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, елтану, музыка

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік презентация, бейнематериал, бағалау парағы

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Сіздер 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» сайысын көріп тамашалайсыздар.
Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз - өткен тақырыптар бойынша білімімізді пысықтау.
-Ойынымызды бастайық!
-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік

І топ «Сұңқар» тобы

ІІ топ «Тұлпар» тобы


- Командаларымызбен таныстық, ал енді әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер
1. ...
2. ...
3. ...
Мустафина Аделина мен Бахытбекова Камиланың орындауында «Отан туралы» ән. Қарсы алыңыздар!
Ойын 3 кезеңнен тұрады. Олар:
1-кезең «Бой сергіту»
2-кезең «Сен-маған, мен- саған»
3-кезең «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»

-Ойынымыздың 1-кезеңі «Бой сергіту»
- Интерактивті тақтада көрсетілген 5 тақырып бойынша cұрақтарға жауап беру
Ұлттық тағамдар:
1. Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?
2. Наурыз көже дегеніміз не?
3. Мақалды толықтырыңыз
Еңбектің ... тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
Киіз үй:
4. Қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы қалай аталады?
5. Киіз үйдің ағаш қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?
6. Киіз үйдің ішкі жасауларына нелер жатады?

Қазақтың салт- дәстүрлері:
7. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыздар.
8. Бата дегеніміз не? Оны кім береді?
9. Суретте бейнеленген дәстүр қалай аталады?
Ұлттық киімдер:
10.Ұлттық киімдерге нелер жатады?
11. Қалындықтың бас киімі қалай аталады?
12. «Сильно радоваться» тіркесінің ұлттық киімге байланысты ауыспалы мағыналы баламасын табыңыз.
Ұлттық аспаптар:
13.Ұлттық аспаптарды атаңыздар.
14. Қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабын атаңыздар.
15.Жеті ішектен тұратын музыкалық аспапты атаңыз
Музыкалық үзіліс.
«Қара жорға» биімен Ибескенова Ақнүр мен Каһарманов Байжігіт.
2-кезең «Сен-маған, мен- саған»
-Әр топтың қарсылас топқа үйден дайындап келген 2 сұрағы бар. Әрбір сұрақ пен жауап 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Бірінші кезекті «Сұңқар» тобына береміз.

3-кезең «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
-Мұнда команда капитандары келіп кез келген бөшкеден 1 тапсырманы таңдап алады да, орындарына барып 3 минут ішінде жауап береді.
• Берілген тақырыптардың біріне қызықты жарнама мәтінін жазу
*Ұлттық киім дүкеніне;
* Жуырда ашылған «Дастархан» мейрамханасына;

Мұғалімнің сөзі:
- Міне, біздің бүгінгі ««Тіл жүйрікте кім жүйрік?»» атты білім сайысымыз да өз мәресіне жетті, сайыс болған жерде, әрине, жеңіс болады, жеңіліс болады, онда, бүгінгі сайысымыздың да жеңімпаз тобын анықтау қажет. Әділқазылар алқасы қоржындағы әр топтың жинаған ұпай санын шығарғанша кезекті әнге берейік.

«Жаса Қазақстан!» әні

Осымен ойынымыз аяқталды!
Әділқазылар алқасына сөз береміз.

Марапаттау.

Просмотров: 1708 | Добавил: nursulu | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика