Воскресенье, 22.12.2024, 10:34
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2015 » Январь » 29 » Өткенді қайталау. Қ дыбысы.(С)
00:38
Өткенді қайталау. Қ дыбысы.(С)

Әліппе
Жанбулатова Қ.А.
№1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Қ дыбысы.
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік : өткен дыбысты бекіту;осы дыбыстың дауысты, не дауыссыз екенін пысықтау; қандай сөздерде кездесетінін ойға түсіру;
2.Дамытушылық : оқушылардың ой өрісін, тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдырландыру;
3.Тәрбиелік : сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, оқу құралдарын күтіп ұстауға, табиғатты сүюге, оны қорғауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, салыстыру, ажырату.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті борлар, сюжетті суреттер, кеспе әріптер, көрнекті құралдар.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарынын түгел болуын қадағалау.Сабаққа назарын аудару.
2.Өткен сабақты еске түсіру.
- Өткен әліппе сабағында біз қандай дыбыспен таныстық? (Қ)
- Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
- Дауыссыз екенін қалай анықтауға болады? (аузымыздан шыққан ауаға тістер кедергі келтіреді,әндетіп, созып айта алмаймыз, сонда дыбыс дауыссыз болады. )
- Сондықтан оны қандай сандыққа салдық? (көк)
- Осы дыбысқа басталатын қандай сөздерді білесіңдер? (қала, қалам, қуыршақ, қонақ, қора, Қанат, Қайрат, қошақан).
- Әр сөзді талдайық, мысалы : "қалам" сөзінде Қ дыбысы қай жерде естіледі басында ма, ортасында ма, әлде соңында ма? (басында)
- "Қалам" деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? (2)
- Осы сөзде қанша дауыссыз дыбыс бар? (3)
- Бұл сөз неше буынға бөлінеді? (2)
- "Қалам" дегеніміз не және бұл құралды не үшін қолданады? ("Қалам"-оқу құралы және оны жазу үшін қолданады)
3.Сабақтың мақсатын айту.Бүгінгі жұмыс.
-Бүгін сабағымызда өткен Қ дыбысымен танысуды жалғастырамыз.Жаңа жаттығуларды жазамыз және Қ дыбысы бар жаңа сөздерді жаттаймыз.
4.Ойын: а) Көрнекіліктермен жұмыс.
Көк пен қызыл сигналдық карточкаларды кезек пен кезек қолдану.Дауысты дыбыс естігенде қызыл карточканы көрсетеді, ал дауыссыз дыбыс естігенде - көк карточканы көрсетеді.
б) "Шапалақ" ойыны. Қ дыбысына басталатын сөздерді естігенде бір рет шапалақтайды.
в) "Адасқан әріп" ойыны.Тақтада магнитті әріптер екі қатар қойылған: 1 қатарда дауысты дыбыстар соның ішінде Қ дыбысы, ал 2 қатарда дауыссыз дыбыстар соның ішінде О дыбысы.Бір бала шығып әріптерді орындарына қояды.
5. Сергіту сәті. Бір бала тақтаға шығып өткізеді :
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.
Екінші бала: Аю қалай жүреді?
Түлкі қалай жүреді?
6.Кеспе әріптермен жұмыс. Әр оқушы орындарында отырып, кеспе әріптерден сөздер құрайды, мысалы "қалам", "қошақан", "қала".
7.Сурет-ойыны.
Сурет бойынша тақтада сөз құрау.Мысалы, суретте қыс бейнеленген, астына "қыс" сөзін құрау тиіс.Суретте қошақан бейнеленген, ал астына "қошақан" сөзін құрау тиіс.
8.Сергіту сәті. Бір бала шығып тақтаға сергіту сәтін өткізеді.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Екінші бала шығып: Қоян қалай жүреді?(балалар қоян сияқты секіреді)
Құстар қалай ұщады?
9.Оқулықпен жұмыс.
Балалар әліппелерін ашып Қ дыбысын тауып сөздерді оқиды.Бір бала екі-үш сөз оқыса, қалғандары бақылап отырады.Сонан келесі бала оқиды.
10.Қорытынды.
- Бүгін сабақта қандай дыбысты бекіттік?
- Қандай дыбыспен жұмыс істедік?
- Сонымен Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Қ дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?
- Сендерге қандай жұмыс ұнады?
11.Үйге тапсырма.
Қ дыбысын оқу.
12.Бағалау.

Просмотров: 1200 | Добавил: AAA | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика