Нұрғалиева Күлжиян Таласпаевна Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаев орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің жоғары санатты мұғалім 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Жолға шыққанда киетін киім.
Мақсаты: қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқу және танымдық жағдайлар арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру, коммуникативтік қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау.
Білімділік: оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып , мәтінді толық меңгеруге, мазмұнын түсінуге жағдай жасау, етістіктің рай категорияларын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру, диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға бағыттау.
Тәрбиелілік: мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, АКТ. СТО.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық тренинг.
Қолды белге қояйық, басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық, бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып, біз демалып қалайық.
Кезекші ақпараты. Диалог.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту. Сөздік жұмысы. 104 бет. 1 оқушы тек орысшасын айтады, келесі бала қазақшасын. «Сақау бәтеңке » тақырыбы туралы сұрақ-жауап.
ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл.
Мұғалім сөзі: Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, Ал, егер түсіну үшін оқысаң, есіңе сақтайсың!
- Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына «Сөзжұмбақты » шешкенде табамыз. Алдарына сөзжұмбақты тастау. Кім шешті?
2 К Ө Й Л Е К 3 Т А Қ И Я 4 І Ш І К 5 О Р А М А Л 6 Ж Е Й Д Е 7 Е Т І К 8 К Ү Р Т Е 1. Одежды - киімдер 2. Платье- көйлек 3. Казахский головной убор - тақия 4. Шуба- ішік 5. Платок - орамал 6. Жакет- жейде 7. Сопоги- етік 8. Джемпр - күрте
/ қолдарындағы парақтағы жауаппен АКТ жауабын салыстыру/
- Бізге таныс киімдер деген сөз шықты, ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда «Жолға шыққанда киетін киім». Диалог. – Балалар сендер тағы да қандай киім түрлерін білесіңдер? Жазғы, қысқы, спорттық т.б. -Жақсы енді сендер, мына диалогты /Аяна. Альбина/ тыңдап алып, дәптерлеріңе бүгінгі күнді, айды, сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.
-Енді біз мәтін бойынша III деңгейлі тапсырмаларды орындаймыз. Деңгейлік тапсырмаларды өздерің таңдап аласыңдар. Осы тапсырмаларды орындау барысында бүгінгі сабақтың мақсаты белгілі болады және бүгінгі жұмыстарыңды «Бағалау парағы бойынша» бағалаймыз. Алдарына тастау. Бағалау парағы. Критериалды бағалау.
Оқушының аты-жөні Үй тапсыр масы «Миға ша-буыл» Диалог Мәтін-мен жұ-мыс
Ой толғаныс деңгейлік тапсырма Ой қорыту әр деңгей бойынша Еркін жұмыс. Коллаж қорғау Қоры тынды баға Сұлтан. Диас. Аяна. Александра Тимур Яна Альбина Серік Айдана Оля Малика Маргарита 3-5 балл қоюға болады
IV. Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым. Ол үшін сіздер мәтінді бөліп алыңыздар. Жолға шыққанда киетін киім, ондай киім қарапайым жинақы, қолайлы және ыңғайлы , спорт киімінің үлгісінде болуға тиіс. Оған тазалауға оңай, түсі қарапайым мата таңдап алған жөн. Ер кісі саяхатқа не арнаулы саяхат костюмімен немесе спорт костюмімен және көшеде киетін костюммен шыға береді. Күртеше мен шалбардың түсі әр түрлі болуы мүмкін. Саяхат жасауға спорт пальтосын , ал жылы кезде шаң өткізбейтін плащ киген ыңғайлы.Әйел үшін саяхат жасағанда киетін киім – костюм. Ал суық кезде пальто, күртеше киген дұрыс деп есептеледі. -Балалар мәтін мазмұнын түсіндіңдер ме? Сонда осы сабақтың бір мақсаты не? Берілген мәтінді меңгеру, аудара білу, ал келесі жұмыс алдарына деңгейлік тапсырма жазылған парақшаларды беру, кім қалай таңдайды? / Әр деңгейді жинап отырғызуға болады/. III деңгей / тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білу/ 1. Сөйлемдерді мәтін негізінде толықтырыңдар. 1) Жолға шыққанда киетін киім, (қандай?) ..., ..., .... болуға тиіс. 2) Ер кісі саяхатқа шығады (немен ?) ...., ..., ..... кигені дұрыс. 3) Әйел саяхат жасағанда (нені?) ..., ..., ..... кигені дұрыс. Қандай? --- қай сөз табының сұрағы ? / сын есімнің / Немен ? – қай септіктің сұрағы? / көмектес септіктің/ Нені ? – қай септіктің сұрағы? / табыс септіктің/
2. Синоним сөздердің қатарын есте сақтап, олардан сөйлемдер құраңдар. / өз ара туыс сөздер/ 1) Қолайлы, 2) орайлы, 3) оңтайлы. Керекті сөздер: Қолайлы киім, орайлы іс, оңтайлы көлік. Жолға шыққанда қолайлы киім сатып алғым келеді. / қалау рай –ғы + келеді/ Орайлы іс болса , кешке дейін келеміз. / шартты рай –са + келеміз –көпше түрде/ Сен өзіңе оңтайлы көлік сатып ал. / бұйрық рай –2жақ –сен- жекеше түрде/.
II деңгей / ақпаратты талдай білу/ 1. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар. Сөйлемде: болуға - болу, алған - алу, шығ - шығу, болуы - болу Ереже: Етістіктің түбіріне –у- жұрнағын қосу арқылы жасалатын етістік. Мыс: Жүгіру, беру, алу, айту т.б.
Етістік дегеніміз сөйлемдегі қимыл-іс әретті көрсететін сөз табы. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтты? Айтты, салды, көрді, киді т.б. 2. Мына сұраққа жауап беріңдер: а/ Сапарға шыққанда киетін киім қандай болуы керек? б/ Сапарға шыққанда киетін киім қарапайым, жинақы, қолайлы және ыңғайлы , спорт киімінің үлгісінде болуы керек. қарапайым, жинақы, қолайлы және ыңғайлы , спорт киімінің үлгісінде Сұрағы: қандай? Сын есімдер.
I деңгей. / сұрақтары шығармашылық сипаттан тұрады/ 1. Жолға шыққанда жылдың әр мезгілінде сендер қандай киім киесіңдер? Жолға шыққанда жылдың әр мезгілінде мен әртүрлі киім киемін. 1. Қыста мен тон, малақай, пима, қолғап жылы киімдер киемін. Себебі қысты күні ауа райы суық, боранды болады. 2. Күзде ауа райы жаңбырлы болады мен куртка, шапка,шарф тағамын,етік киемін. 3. Көктемде мен жеңіл киім киемін себебі күн жылына бастайды, қар ериді жейде, шалбар, көйлек, орамал тағамын. 4. Жазда мен өте жеңіл киім киемін себебі күн ыстық болады сарафан, әдемі көйлек, қысқа шалбар, халатпен жүремін. 2. Етістіктің рай категориясы туралы түсінік беріңдер. Сөйлемдерді мысалға келтіріңдер. Рай- беталыс, бағыт дген сөз. Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін , қатынасын , көзқарасын білдіреді. Етістіктің 4 түрлі райы бар олар шартты рай, / бұйрық рай, / қалау рай, / ашық рай. Қыста күн суық болса мен жылы киім киемін. / шартты рай –са + жекеше түрде/ Күзде сен спорттық киімдер сатып ал. / бұйрық рай –2жақ –сен- жекеше түрде/. Жазда мен киімді арзан бағамен алғым келеді. / қалау рай –ғы + келеді/ Мен аяқ киім сатып алдым. / ашық рай - осы шақ/ іс-қймылдың қай шақта екенін білдіреді. /3 шақ бар. Осы шақ. Өткен шақ.Келер шақ./ Тақтада жұмыс. Кім шапшаң? Синквейн. Әр топтың тапқырлығы байқалады. 1. Зат есім 2. 2 сын есім 3. 3 етістік 4. сөйлем құрастыру Мұғалім сөзі. - Балалар «Бағалау парағын» толтыруды ұмытпаңыздар. Деңгейлік тапсырма барысынды не істедік, диалог құрдық, ережеге тоқталдық , сұрақ-жауап болды сөздік қорымызға сөздер қосылды. Сабақ мақсаты ашылды. Сергіту. Диалог. Оля. Айдана. -Енді сендер маған сабақты бекітуге көмектесесіздер, ол үшін сіздер семантикалық картаны толтырасыздар.
V. Сабақты бекіту.СТО.Семантикалық карта толтыру.Алдарына беру.
Сөздер Үйде киетінкиім Жолға шыққанда киетін киім Жұмыс киімі Күндізгі киім Спорттық киім Жазғыкиім Қысқы киім Қарапайым,жинақы + Халат-көйлек + Ерекше әшекейсіз + Қолайлы, ыңғайлы + Жеңіл және әдемі + Саяхат костюмі + Тон, пима + Көйлек, сарафан + Спорт пальтосы. + Шаң өткізбейтін плащ. +
VI. КОЛЛАЖ. Не білдім? Не білемін? Жарнама.
Сыныпты екі топқа бөлу, сурет қиындыларынан газет жасап, оны қорғайды, жапсырған киімдерін сатады. Диалог.
Музыкалық қолдау. АКТ. Слайд киімдер көрсету. VII. Сабақты қорыту. Рефлексия: Стикерге жазу. Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? «ИЯ» «ЖОҚ» жинап алу, бағалау парағы бойынша бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
|